0 мерах по усилению государственного контроля за охраной животного мира Күшін жойған
Басқа 0
Жануарлар дүниесін қорғау ісіне мемлекеттік бақылауды күшейту шаралары туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы әкімінің 30.06.2004 № 6-67 шешімімен.
Облыстағы жануарлар дүниесін қорғау ісіне мемлекеттік бақылауды күшейту, браконьерлікті және аң аулау қорының заңсыз пайдаланылуын жою мақсатында Алматы облысының Әкімі ШЕШІМ қабылдады:
Тармақ 1
1. Облыстағы аң аулау алқаптарын пайдаланудың барлық түріне мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету жөніндегі дербес жауапкершілік Алматы облыстық аумақтық жануарлар мен өсімдіктер дүниесін мемлекеттік бақылаау басқармасына (Б.Ұ.Ұлдарбеков) жүктелсін.
Тармақ 2
2. "Алматы облысының аумағында шетел азаматтарының аң аулау тәртібі" қосымшаға сәйкес бекітіліп, аң аулау алқаптарын пайдаланушылардың бәрінің пазарына жеткізілсін.
Тармақ 3
3. Алматы облыстық аумақтық орман және биорссурстар басқармасы (Ж.Н.Дүйсенбеков), Іле-Алатау МҰТП ( А.А.Бегімбетов),
Алтын емел" МҰТП ( С.Қ.Құрманәлиев), Алматы мемлекеттік қорығы ( О/Н.Хомуло), Алакөл мемлекеттік қорығы (С.А.Толғанбаев),"Аңаулаузооөнеркәсібі" ӨБ РМКК (В.Ф.Чукарин) міндетті түрде төмендегілерді Алматы облыстық аумақтық жануарлар мен өсімдіктер дүниесін мемлекеттік бақылау басқармасымен келісіп отырсын:
-шешімдсрдің жобалары, аң аулау алқаптарын бекітіп беру туралы шарттар және меншіктің кез келген түріндегі аң аулау алқаптарын пайдаланушыларға аң аулау шаруашылығын жүргізу құқығын беру;
-спорт-әуесқой-кәсіпқой аңшылық ашу жөніндегі шешімдердің, бұйрықтардың жобалары;
-мемлекеттік есепке алу нәтижелерін және жабайы аң аулау лимиттерін бекіту;
-жабайы аң аулау лимиттерін аң аулау алқаптарын пайдаланушылар арасында болу;
-аң аулау алқаптарын пайдаланушылар арасында жабайы аң аулауға бсрілген арнайы, бір жолғы және маусымдық рұқсатгарды бөлу.
Тармақ 4
4. Алматы облысы бойынша Кеден басқармасы (М.А.Балиев) Алматы қ. бойынша Кеден бас басқармасымен ( Е.С.Ысмағұлов келісе отырып барлық кедендік бекеттердің назарына алуы үшін шетел азаматтарының облыстан тыс жерлерге аң аулау қару-жарағын алып шығуына қажст құжатгардың тізбесі жіберілсін.
Тармақ 5
5. Алматы облыстық аумақтық жануарлар мен өсімдіктер дүниесін мемлекеттік бақылау басқармасы ( Б.Ұ.Ұлдарбеков) әрбір жылдың қаңтарында облыс Әкімі аппаратың осы шешімнің орындалу барысы туралы хабардар етіп отырсын.
6.Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы облысы Әкімінің орынбасары Ә.Ә.Тойбаевқа жүктелсін.
Басқа 6
Облыс Әкімінің
2001 ж. "27" сәуір
№ 4-111 шешіміне
№ 1 қосымша
Алматы облысының аумағында шетел азаматтарының аң аулау ТӘРТІБІ
Тармақ 1
1. Аң аулау алқаптары бекітілін берілген, барлық аң аулау алқаптарын пайдаланушылар немесе жабайы аң аулаудың бекітілген лимиттері шегінде аң аулау алқаптарын пайдаланушылармен шартқа отырған делдалдық ұйымдар шетел азаматтарына арналған аң аулау шараларын өткізу құқығына ие.
Тармақ 2
2. Шет ел азаматтарының аң аулау шаралары аң аулаудың Үлгі ережелеріне сәйкес өткізіледі.
Тармақ 3
3. Шет ел азаматтарына арналған аң аулау шараларын өткізген кезде аң аулау алқаптарын пайдаланушыда төмендегі құжаттар болуы тиіс:
-белгіленген тәртіпте бекітілген жабайы аң аулау лимиті;
-шет ел аңшыларын қабылдау келісімдері мен шарттары;
- жабайы аң аулауға белгіленген тәртіппен берілген және берілген кезде толтырылған арнайы рұқсат қағаз;
-аң аулау басталған сәтте толтырылған аң аулау хаттамалары, қару-жарақ тізбелері;
-аң аулау өткізілетін жерді нақтылы көрсете отырып (аң аулау шаруашылығы, мемлекеттік мекеме, жалпы пайдаланымдағы алқапта - аудан), облыстық аумақтық жануарлар мен өсімдіктер дүниесін мемлекеттік бақылау басқармасымен келісілген аңшылардың келіп, орналасу кестесі;
- аң аулау алқаптарын пайдаланушының, аң аулау кезіндегі жауапкершіліктің бәрін өзіне алатын аң аулау басшысын тағайындау туралы бұйрығы;
-қарудың заңға сәйкес әкелінгенін растайтын құжаттар;
-ҚР Қызыл Кітабына енгізілген андарды аулау кезінде жануарлар мен өсімдіктер дүниесін мемлекеттік бақылау басқармасы инспекторының қатысуы міндетті;
-аң аулау қару-жарағын облыстан тыс жерлерге алып шыққан кезде аң аулауға берілген арнайы рұқсат және Алматы облыстық аумақтық жануарлар және өсімдіктер дүниесін мемлекеттік бақылау басқармасында міндегті түрде тіркелген және оның мөрімен расталған қару-жарақ тізбеленген парақ.