«0б утверждении Правил использования средств резерва акимата Ескельдинского района» Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.03.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Аудан әкімиятыңың резервінің қаражатын пайдаланудың Ережесін бекіту туралы» Қазақстаң Республикасының 1999 жылғы 1 сәуіріндегі «Бюджет жүйесі туралы» Заңын іске асыру мақсатында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 18 қыркүйектегі «Қазакстан Республикасы Үкіметі резервінің қаражатын пайдаланудың Ережесін бекіту туралы» № 1408 Қаулысына сәйкес аудандық Әкімият ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған аудан Әкімиятының резервінің қаражатын пайдаланудың Ережесін бекітілсін.
Тармақ 2
2. Аудандық Әкімиятының 2004 жылғы 5 наурыз айындағы №17 Қаулысының күші жойылсың.
Тармақ 3
3. Осы Қаулының орындалуын бақылау аудан Әкімінің бірінші орынбасары Т.Ш.Ғалиновқа жүктелсін.
Басқа 4
Аудан әкімиятының 2004 жылғы «25» наурыз № 58 Қаулысымен бекітілді Аудан Әкімңятының резервінің қаражатын бөлудің және пайдаланудың тәртібі Осы тәртіппен аудан Әкімиятының резервінің қаражатын бөлудің және пайдаданудың ретін белгілейді.
Тарау 1. 1. Жалпы ереже
1. Жалпы ереже
Тармақ 1
1. Осы Тәртіпте мынандай ұғымдар пайдаланылады: Аудан Әкімиятының резерві - тиісті қаржы жылына арналған аудандық бюджетте көзделген және бір жолғы сипаттағы көлденең шығыстарды қаржыландыру үшін аудан әкімінің қаулысы бойынша бөлінетін қаражат; Көлденең шығыстар - ағымдағы қаржы жылына арналған аудандық бюджетті қалыптастыру кезінде күні бүрын жоспарлау мүмкін емес және ағымдағы қаржы жылына кейінге қалдырмай қаржыландыруды талап ететін шығыстар; Әкімнің және жергілікті мемлекеттік органдардың міндеттемелерін өтеу үшін аудан Әкімиятының резервінің құрамында көзделетін және сот шешімдері бойынша аудан Әкімінің немесе жергілікті мемлекеттік органдардың міндеттемелерін өтеу үшін жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімгерлігіне бөлінетін қаражат; Аудан Әкімиятынының резервінің қаражатын алушы - жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімгері.
Тармақ 2
2. Аудан Әкімиятының резерв қаражаты қаржыландырылатын бір жолғы сипаттағы көлденең мынандай шаралар жатады:
Тармақша 1
1)табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою, бұлар:
Тармақша 2
2)төтенше жағдайлардың пайда болуы нәтижесінде зардап шеккендерге материалдық көмек көрсету;
Тармақша 3
3)зардап шеккендер үшін уақытша тұруға және тамақтануға орындар дайындау және ұстау;
Тармақша 4
4)шұғыл қимыл жасайтын авариялық-құтқару және авариялық-қалпына келтіру бөлімшелерін құтқарудың техникалық құралдармен, жабдықтармен және жарақтармен қосымша жарақтандыру;
Тармақша 5
5)төтенше жағдайлар аймағына күштер мен құралдың тасымалдануын қамтамасыз ету.
Тармақша 6
6)Сот шешімдері бойынша Әкімінің, жергілікті мемлекеттік органдардың міндеттемелерін өтеу; Аудан Әкімиятының резервінің қаражаты өзге шығыстарды қаржыландыруға бағытталмауы керек.
Тарау 2. 2. Аудан Әкімиятының резервінің қаражатын бөлудің және пайдаланудың тәртібі.
2. Аудан Әкімиятының резервінің қаражатын бөлудің және пайдаланудың тәртібі. Аудан әкімиятының резервінің қаражат бөлуді аудан Әкімінің қаулысы негізінде, заңдармен белгіленген' тәртіп бойынша тиісті қаржы жылына арналған аудандық бюджетті несиелендірумен шығыстары құрамында осы мақсаттарға бекітілген мөлшерлер шегінде аудандық қаржы басқармасы жүзеге асырады, онда алушы, бөлінетін қаражаттың көлемі мен оларды пайдаланудың мақсаттары, сондай-ақ қаражат қайтарымды негізде бөлінген жағдайда, оларды берудің шарттары мен қайтарудың мерзімдері көрсетіледі.
Тармақ 3
3. Аудан Әкімиятының резерв қаражатының қатаң арнаулы мақсаты болады және осы Тәртіпте және резервтен қаражат бөлу туралы аудан Әкімінің қаулысында көзделмеген мұқтаждарға пайдалануға болмайды.
Тармақ 4
4. Аудан Әкімиятының резервінен қаражат бөлу туралы қаулысын дайындаған кезде мынандай шарттар ескертіледі:
Тармақша 1
1)Аудандық бюджетте ағымдағы қаржы жылына арналған қаржының болмауы;
Тармақша 2
2)Сот шешімдері бойынша Әкімнің және жергілікті мемлекеттік органдардың міндеттемелерін , өтеу жағдайларын қоспағанда, аудан Әкімиятының резерв қаражатына қажеттілік ағымдағы қаржы жылында пайда болуы және олардың қажеттілігі алушының бұрынғы міндеттемелерімен байланысты болмауы.
Тарау 3. 3. Табиғи және техногендік сипаттагғы төтенше жағдайларды жоюға қаражат бөлу.
3. Табиғи және техногендік сипаттагғы төтенше жағдайларды жоюға қаражат бөлу.
Тармақ 5
5. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайда, аудан Әкімиятының резервінен қаражат бөлу туралы өтініштерін облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі қарайды.
Тармақ 6
6. Негіздемелік материалды берудің тәртібі және олардың тізбесі облыс Әкімінің өкімімен айқындалады.
Тармақ 7
7. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою қажеттілігі туындағанда төтенше жағдайлар жөніндегі облыстық басқарма белгілеген тәртіппен Әкімнің жобасына төтенше жағдайды жоюға қаржы бөлу туралы қаулы енгізеді.
Тармақ 8
8. Аудандық және объектілік көлемдегі табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою аудандық жергілікті атқарушы органдардың резервтік қаражаты есебінен және меншіктік ысанына қарамастан, мекемелер қаражатынан қаржыландырылуы керек.
Тарау 4. 4. Сот шешімдері бойынша аудан Әкімиятының және жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін өтеуге қаржы бөлу.
4. Сот шешімдері бойынша аудан Әкімиятының және жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін өтеуге қаржы бөлу.
Тармақ 9
9. Сот шешімдері бойынша Әкімнің және жергілікті мемлекеттік органдардың міндеттемелерін өтеу, соттың атқарушы құжаттары болған жағдайда, Әкімияттың резерв қаражаты есебінен қамтамасыз етіледі.
Тармақ 10
10. Аудан Әкімінің міндеттерін. өтеуге Әкімият резервінен қаражат бөлу туралы Әкімнің қаулысының жобасын аудандық қаржы бөлімінің заңдарымен белгіленген тәртіп бойынша дайындайды.
Тармақ 11
11. Жергілікті мемлекеттік органдардың міндеттемелерін өтеуге Әкімияттың резервінен қаражат бөлу туралы Әкімнің қаулысының жобасын жергілікті атқарушы органның өзі заңдармен белгіленген тәртіппен дайындайды.
Тарау 5. 5. Бақылау және есептілік.
5. Бақылау және есептілік.
Тармақ 12
12. Әкімият резервінен бөлінген қаражатты алушылар аудандық қаржы бақылау басқармасы белгілеген тәртіппен және мерзімінде олардың пайдалануы, орындалған жұмыстардың көлемі мен құны туралы есеп беруі керек.
Тармақ 13
13. Аудандық қаржы бөлімі ай сайын аудан Әкіміне Әкімияттың резерв қаражатының пайдалануы және оның тиісті кезеңдегі қалдықтары туралы ақпарат береді.
Тармақ 14
14. Әкімияттың резервінен бөлінетін қаражаттың мақсатты пайдаланылғаны үшін алушы Қазақстан Республикасы заңдарында көзделген тәртіппен жауап береді.
Тармақ 15
15. Әкімйяттың резервінен бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуына бақылау жасауды тиісті мемлекеттік органдар жүзеге асырады.