Об утверждении Правил использования средств, предусмотренных в бюджете района по программе 005 «Разработка и экспертиза технико-экономических обоснований местных бюджетных инвестиционных проектов (программ)» Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.03.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
005 «Жергілікті бюджет инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу және сараптау (бағдарламалар)» бағдарламасы бойынша аудандық бюджетте қарастырылған қаражаттарды пайдалану Ережелерін бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі № 548-11 Бюджеттік Кодексі және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылгы 24 желтоқсандағы № 1362 «Қазақстан Республикасының Біртұтас бюджеттік классификациясын бекіту туралы» қаулысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 005«Жергілікті инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу және сараптау (бағдарламалар)» бағдарламасы бойынша аудандық бюджетте қарастырылған қаражаттарды пайдаланудың қоса беріліп отырған Ережелері белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және жариялануға тиіс. Ескертусіз келісілді Аудан әкімінің орынбасары Тұрсынбаев С.А.
Басқа 3
Қосымша Бекітілді Аудан әкімдігінің 2005 жылғы «04» 03 № 69 «Жергілікті бюджет инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу және сараптау (бағдарламалар)» бағдарламасы бойынша аудандық бюджетте қарастырылған қаражаттарды пайдалану Ережелері бекіту туралы» қаулысы 005 «Жергілікті бюджет инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу және сараптау (бағдарламалар)» бағдарламасы бойынша аудандық бюджетте қарастырылған қаражаттарды пайдалану Ережелері
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ережелер Қазақстан Республикасы Бюджеттік Кодексі 2004 жылғы 24 сәуірде № 548-ІІ және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2004 жылғы 24 желтоқсандағы № 1362 Қазақстан Республикасының біртұтас бюджеттік классификациясын бекіту туралы» қаулысына сәйкес әзірленген және жергілікті бюджет инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеуге және сараптауға бағытталған бағдарлама (бұдан былай - Ереже) бойынша аудандық бюджетте қарастырылған қаражаттарды пайдалану тәртібін анықтайды.
Тармақ 2
2. Ережелерде төмендегідей ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) жергілікті өкілетті орган - экономикалық жоспарлау жөніндегі өкілетті орган;
Тармақша 2
2) салалық өкілетті орган - жергілікті бюджет инвестициялық жобалардың (бағдарламалар) әзірленуі мен орындалуына жауапты жергілікті атқарушы орган;
Тармақша 3
3) техникалық-экономикалық негіздеме - маңыздылығын жан-жақты зерделеу нәтижесінде және экономикалық талдау негізінде даярланған бюджет инвестициялық жобаларды (бағдарламалар) әзірлеушілердің есебі; техникалық экономикалық негіздеме инвестициялық жобаның (бағдарламалар) ең тиімді құрылымы, сонымен қатар инвестициялық жобаны (бағдарламалар) орындау көлемінде қарастырылған ең тиімді мақсатқа сай маркетингтік, техникалық, қаржылық, институттық, экологиялық, әлеуметтік жүйе басқа шешімдер жөніндегі ұсыныстардан тұрады; жергілікті бюджет инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздеме құрамы мен мазмұнына қойылатын талаптар орталық өкілетті органмен бекітіледі.
Тармақ 6
6. Бюджеттік бағдарлама көлемінде жергілікті өкілетті орган - аудандық әкімдікпен анықталатын техникалық-экономикалық негіздемелердің (бұдан былай - тізбе) әзірленуі мен сарапталуы қарастырылатын жергілікті бюджет инвестициялық жобалардың тізбесі негізінде жергілікті бюджет инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін (бағдарламалар) әзірлеуге және сараптауға қаржы бөлінеді.
Тарау 2. 2. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру тәртібі
2. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру тәртібі
Тармақ 4
4. Жергілікті өкілетті орган аудандық бюджеттік комиссияның қарауын бюджеттік бағдарламамен қарастырылған қаражаттарды салалық өкілетті органдарға бөлу ұсынысын енгізеді.
Тармақ 5
5. Аудандық бюджеттік комиссияның шешімі негізінде жергілікті өкілетті орган аудан әкімдігіне бекітуге жобалар (бағдарламалар) бойынша қаржыландыру көлемі көрсетілген тізбені ұсынады.
Тармақ 6
6. Бюджеттік бағдарлама әкімдері (жергілікті өкілетті орган) аудан әкімдігінің қаулысымен бекітілген тізбеге сәйкес белгіленген тәртіппен төлемдер мен міндеттемелер бойынша қаржы бөлудің жиынтық жоспарына өзгертулер енгізу тапсырысын жасайды. Аудандық экономика және қаржы бөлімінің белгіленген тәртіппен төлемдер мен міндеттемелер бойынша қаржы бөлудің жиынтық жоспарына жоспарланған қаражаттарды көрсетілген бағдарламадан салалық өкілетті органдардың сәйкесінше бюджеттік бағдарламаларына ауыстыру жолымен өзгертулер енгізеді.
Тармақ 7
7. Салалық өкілетті органдар техникалық-экономикалық негіздемелерлі әзірлеуді және сараптауды қамтамасыз ету үшін және қажетті іс-шараларды орындауды және тізбеге сәйкес аудандық бюджеттік бағдарлама көлеміндегі аталған іс-шараларды орындауға қаржы бөлуді жүзеге асырады.
Тармақ 8
8. Салалық өкілетті органдар ай сайын айдың 5 жұлдызына дейінгі мерзімде және жыл сайын есеп берілетін жылдан кейінгі жылдың 1 ақпанына дейінгі мерзімде жергілікті өкілетті органға Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2003 жылғы 30 шілдедегі № 289 бұйрығымен бекітілген үлгі бойынша бюджеттік бағдарламаның орындалуы барысы туралы есеп беріп тұруы тиіс.