О внесении изменения в постановление акимата Аршалынского района от 01 февраля 2012 года № А-45 "Об установлении дополнительного перечня лиц, относящихся к целевым группам населения Аршалынского района на 2012 год" Қолданыста
Басқа 0
Аршалы ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 01 ақпандағы № А-45 "2012 жылғы Аршалы ауданындағы халықтың мақсатты топтарына жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5, 7 баптарына сәйкес, мақсатты топтар құрамына кіретін және әлеуметтік қорғауға неғұрлым мұқтаж тұлғалардың жұмыспен қамтылуына бірлесе жәрдем көрсету мақсатында, Аршалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аршалы ауданы әкімдігінің «2012 жылғы Аршалы ауданындағы халықтың мақсатты топтарына жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы» 2012 жылғы 01 ақпандағы № А-45 (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 1-4-201 тіркелген, 2012 жылғы 03 сәуірдегі «Вперед» аудандық газетінде және 2012 жылғы 30 наурыздағы «Аршалы айнасы» аудандық газетінде жарияланған) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
1 тармағының 1) тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:
«1) тұлғалар, ұзақ уақыт жұмыс істемеген (үш ай және одан артық);».
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Аршалы ауданы әкімінің орынбасары Б.Т.Ақшинеевке жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.