О признании утратившего силу решения Уйгурского районного маслихата от 01 февраля 2016 года № 56-2 Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.03.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ұйғыр аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 01 ақпанда қабылдаған № 56-2 шешімінің күшін жою туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына және «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабына сәйкес, Ұйғыр аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Ұйғыр аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 01 ақпандағы «Ұйғыр ауданы бойынша жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы» (2016 жылдың 09 наурызында нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 3746 болып енгізілген, 2016 жылғы 17 наурыздағы аудандық «Қарадала тынысы-Қарадала нәпәси» газетінің № 13 (169) нөміріне жарияланған) № 56-2 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың «Заңдылық пен құқық тәртібі, азаматтардың құқығы,  жергілікті өзін-өзі басқару, ауылшаруашылық, жер қатынастары, экология және табиғат ресурстарын тиімді пайдалану жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін.