О внесении изменений в решение акима области от 01.04.1999г. № 51 Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.01.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыс әкімінің 01.04.1999ж. № 51 шешіміне өзгерістер енгізу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды – Маңғыстау облыстық әділет департаменті бастығының 02.12.2003 жылғы қорытындысымен. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 21 сәуірдегі № 441 "Қазақстан Республикасыны білім және мәдениет Мекемелеріне есімдер беру және оларды қайта атау туралы" қаулысын іске асыру мақсатында шешім етемін:
Тармақ 1
1. Облыс әкімінің 01.04.1999 ж. № 51 "Облыс әкімінің 15.01.1999 ж. N 317 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешіміне төмендегідей өзгерістер енгізілсін: 1) "Ақтау қаласы" бөлімінің 1 тармағының 2, 3, 24, 27 тармақшалары төмендегідей редакцияда жазылсын: "2. № 1 мамандандырылған мектеп-балабақша кешені 3. № 4 мамандандырылған мектеп-балабақша кешені 24. № 2 мамандандырылған мектеп-балабақша кешені 27. № 3 мамандандырылған мектеп-балабақша кешені"; 2) "Маңғыстау ауданы" бөлімінің 1 тармағының 12 тармақшасы төмендегідей редакцияда жазылсын: "Үштаған орта мектебі"; 3) "Түпқараған ауданы" бөлімінің 1 тармағының 2 тармақшасы төмендегідей редакцияда жазылсын: "Есбол Өмірбаев атындағы орта мектебі"
Тармақ 2
2. Ақтау қаласы, Маңғыстау, Түпқараған аудандарының әкімдері көрсетілген білім мекемелерін қайта тіркеуден өткізуді қамтамасыз етсін.