О внесении изменений и дополнений в решение Акима Алматинской области от 02 апреля 1998 года № 4-130 Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.08.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Алматы облысы әкімінің 1998 ж. 2 сәуірдегі N 4-130 шешіміне өзгерту мен толықтыру енгізу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы әкімінің 30.07.2004 № 7-82 шешімімен. Қазақстан Республикасының "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Заѕына, Қазақстан Республикасының "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Заңдарына сәйкес облыс әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Алматы облысы әкімінің 1998 ж. 2 сәуірдегі N 4-130 шешіміне төмендегі өзгерту мен толықтыру енгізілсін: - 2 тармақтағы "Облыстық экология және биоресурстар басқармасы (Б.Ұлдарбеков)" сөз тіркесі "Алматы облыстық орман және биоресурстар жөніндегі аумақтық басқарма (Б.Данышпанов)" сөз тіркесімен алмастырылсын. - шешімнің N 1 қосымшасы "25 Қара-дала" Табиғи паркі, орналасқан жері Ұйғыр ауданы, аумағы 86 мың 875 га, аудан әкіміне бағынысты" деген жолмен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Облыстық жер ресурстарын басқару комитеті (С.Таубаев) белгіленген тәртіппен, жергілікті мәні бар ерекше қорғалатын "Қара-дала" Табиғи паркі" табиғи аумағына жерді резервациялау жөнінде ұсыныс енгізсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Ә.Ә. Тойбаевқа жүктелсін.