Постановление акимата Каратальского района области Жетісу «О внесении изменения в постановление акимата Каратальского района от 02 февраля 2016 года № 17 «Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов и предоставления кандидатам помещений для встреч с избирателями в Каратальском районе» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жетісу облысы Қаратал ауданы әкімдігінің «Қаратал ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 02 ақпандағы № 17 «Қаратал ауданында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және кандидаттарға сайлаушыларман кездесуі үшін үй-жайлар беру туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 28-бабының 4 және 6-тармақтарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Қаратал ауданында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және кандидатқа сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру туралы» Қаратал ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 02 ақпандағы № 17 қаулысына (Алматы облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 11 ақпанда № 3702 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулыға қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. «Қаратал ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақ 1
1. осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Қаратал ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қаратал ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 6
Қаратал ауданының 2025 жылғы _________ № ___ Қаратал ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 02 ақпандағы № 17 «Қаратал ауданында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және кандидатқа сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы әкімдіктің қаулысына 1-қосымша Қаратал ауданында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар 1. Үштөбе қаласы бойынша: 1) Үштөбе қаласы, Жолбарыс батыр және Кузнецов көшелерінің қиылысындағы стенд; 2) Үштөбе қаласы, Б. Момышұлы көшесі, № 229, Қаратал аудандық ауруханасы ғимаратының жанындағы стенд; 3) Үштөбе қаласы, Төле би және Абдрахман ақын көшелерінің қиылысындағы стенд; 4) Үштөбе қаласы, Түркісіб және Б. Момышұлы көшелерінің қиылысындағы стенд; 5) Үштөбе қаласы, Мартынов және Нұрмұхамбетов көшелерінің қиылысындағы стенд; 6) Үштөбе қаласы, Қабанбай батыр көшесіндегі № 51 мекенжайындағы стенд. 2. Айту би ауылдық округі бойынша: 1) Көкпекті ауылы, Ыбырайымұлы көшесі № 4, фельдшерлік-акушерлік пункт ғимаратының жанындағы стенд; 2) Жасталап ауылы, Сейфуллин көшесі, № 1, Құлжабай батыр атындағы орта мектеп ғимаратының жанындағы стенд; 3) Айту би ауылы, Достық көшесі, № 1 үй жанындағы стенд; 4) Қожбан ауылы, Мұнайтпасов және К. Әзірбаев көшелерінің қиылысындағы стенд. 3. Балпық ауылдық округі бойынша: 1) Жанаталап ауылы, Жамбыл көшесі, № 34, ауылдық дәрігерлік амбулатория ғимаратының жанындағы стенд; 2) Оян ауылы, Асықбаев көшесі, № 11/2, фельдшерлік пункт ғимаратының жанындағы стенд; 3) Ұмтыл ауылы, Бейсенбіұлы Ахметше көшесі, № 5, фельдшерлік пункт ғимаратының жанындағы стенд. 4. Бастөбе ауылдық округі бойынша: 1) Бастөбе ауылы, Комаров көшесі, № 3, Мәдениет үйі ғимаратының жанындағы стенд; 2) Ортатөбе ауылы, Серегин көшесі, № 3, фельдшерлік акушерлік пункт ғимаратының жанындағы стенд; 3) Кішітөбе ауылы, Комсомолская көшесі, № 35, фельдшерлік пункт ғимаратының жанындағы стенд; 4) Жылыбұлақ ауылы, Мира және Әуезов көшелерінің қиылысындағы стенд. 5. Елтай ауылдық округі бойынша: 1) Қаражиде ауылы, Қонаев көшесі, № 10, фельдшерлік-акушерлік пункт ғимаратының жанындағы стенд 2) Сарыбұлақ ауылы, Өтеген батыр көшесі, № 15, Сарыбұлақ бастауыш мектебі ғимаратының жанындағы стенд. 6. Ескелді ауылдық округі бойынша: 1) Ескелді ауылы, Жансүгіров көшесіндегі 13/2 дәріхана жанындағы стенд; 2) Көкдала ауылы, Жамбыл көшесі, № 14/1, фельдшерлік акушерлік пункт ғимаратының жанындағы стенд; 3) Қызылжар ауылы, Байтұрсынов және Д. Дүйсенбаев көшелерінің қиылысындағы стенд; 4) Қайнар ауылы, Қайнар көшесі, № 3 үйдің жанындағы стенд. 7. Жолбарыс батыр ауылдық округі бойынша: 1) Қалпе ауылы, Р.Бекенов көшесі, № 19, пошта ғимараттарының жанындағы стенд; 2) Қанабек ауылы, Саринов көшесі, № 20, Мәдениет үйі ғимаратының жанындағы стенд; 3) Қарашеңгел ауылы, Жамбыл көшесі, № 8, Қарашеңгел мектебінің жанындағы стенд. 8. Бәйшегір ауылдық округі бойынша: 1) Алмалы ауылы, Жайлығұлов көшесі, № 1, ауылдық аурухана ғимаратының жанындағы стенд; 2) Ақжар ауылы, Тілеуғұл батыр көшесі, № 5, фельдшерлік пункт ғимаратының жанындағы стенд. 9. Қызылбалық ауылдық округі бойынша: 1) Көпбірлік ауылы, Жетінші көшесі, № 4, ауылдық аурухана ғимаратының жанындағы стенд; 2) Қарақұм ауылы, Ш. Уәлиханов және С. Сейфуллин көшелерінің қиылысындағы стенд. 10. Тастөбе ауылдық округі бойынша: 1) Тастөбе ауылы, Халықов көшесі, № 1, фельдшерлік пункт ғимаратының жанындағы стенд.
Басқа 7
Қаратал ауданының 2025 жылғы _________ № ___ Қаратал ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 02 ақпандағы № 17 «Қаратал ауданында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және кандидатқа сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы әкімдіктің қаулысына 2-қосымша Қаратал ауданында сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде кандидаттарға берілетін үй-жайлар 1. Бастөбе ауылдық округі бойынша: 1) Бастөбе ауылы, Комаров көшесі, № 3, Қаратал ауданы Қабылиса жырау атындағы аудандық мәдениет үйінің мәжіліс залы. 2. Жолбарыс батыр ауылдық округі бойынша: 1) Қанабек ауылы, Саринов көшесі, № 20, Мәдениет үйінің акті залы; 2) Кәлпе ауылы, Бектенов көшесі, № 25, Мәдениет үйінің мәжіліс залы. 3. Ескелді ауылдық округі бойынша: 1) Ескелді ауылы, Жансүгіров көшесі, № 5А, Мәдениет үйінің мәжіліс залы. 4. Балпық ауылдық округі бойынша: 1) Жаңаталап ауылы, Жамбыл көшесі, № 42А, Мәдениет үйінің акті залы. 5. Айту би ауылдық округі бойынша: 1) Көкпекті ауылы, Ыбырайымұлы көшесі, № 1, Мәдениет үйінің акті залы. 6. Бәйшегір ауылдық округі бойынша: 1) Алмалы ауылы, Абай көшесі, № 6А, Мәдениет үйінің акті залы. 7. Қызылбалық ауылдық округі бойынша: 1) Көпбірлік ауылы, Жетінші көшесі, № 6А, Мәдениет үйінің мәжіліс залы. 8. Елтай ауылдық округі бойынша: 1) Қаражиде ауылы, Елубай көшесі, № 4А, Мәдениет үйінің мәжіліс залы. 9. Тастөбе ауылдық округі бойынша: 1) Тастөбе ауылы, Абай көшесі, № 13, Мәдениет үйінің мәжіліс залы. 10. Үштөбе қаласы бойынша: 1) Үштөбе қаласы, Қонаев даңғылы, № 7А, тарихи-өлкетану мұражайының мәжіліс залы; 2) Үштөбе қаласы, Водопроводная көшесі, № 12 Үштөбе қаласының Гуманитарлық колледжінің мәжіліс залы.