О внесении изменений в постановление от 03 октября 2005 года № 1276 "Об организации социальных рабочих мест для трудоустройства безработных из целевых групп населения" Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.04.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2005 жылғы 3 қазандағы № 1276 "Халықтың нысаналы топтарының жұмыссыздарын жұмысқа орналастыру yшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5, 7 және 18-1 баптарына, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 53-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабының негізінде Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қостанай қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 03 қазандағы № 1276 "Халықтың нысаналы топтарының жұмыссыздарын жұмысқа орналастыру yшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы" қаулысына (тіркеу нөмірі 9-1-25, "Қостанай" газеті, 2005 жылғы 28 қазандағы, 2006 жылғы 26 қаңтардағы № 108 "Қостанай қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 03 қазандағы № 1276 "Халықтың нысаналы топтарының жұмыссыздарын жұмысқа орналастыру yшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы" қаулысына келесі өзгерістер енгізу туралы» қаулысымен өзгерістер енгізілген, тіркеу нөмірі 9-1-38, "Қостанай" газеті 2006 жылғы 03 наурыздағы) мынадай өзгерістер енгізілсін: әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру мен қаржыландыру туралы нұсқаулығына, аталған қаулыға қосымша: 10-тармағы келесі редакцияда жазылсын: "10. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздарға еңбекақы төлеу yшін жұмыс берушінің шығындарының елу пайызы көлемінде, бірақ ең төменгі жалақысынан аспайтын, жастар тәжірибесіне - алты айдан аспайтын мерзімге ең төменгі жалақы көлемінде оларға еңбекақы төлеуге жұмыс берушілердің шығындары қалалық бюджет қаражаты есебінен өтеледі.".»
Тармақ 2
2. Осы қаулы 2007 жылдың 01 мамырынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қостанай қаласы әкімінің орынбасары Х. Ержановқа жүктелсін.