«О внесении дополнений в решение Щучинского районного маслихата от 03 февраля 2005 года № С-13/7 «Об оказании социальной помощи» (регистрационный № 3039) Күшін жойған
Басқа 0
«Щучье аудандық мәслихатының 2005 жылғы 3 ақпандағы «Әлеуметтік көмек көрсету ережелерін бекіту туралы» № С-13/7 шешіміне (тіркеу № 3039) толықтырулар енгізу туралы»
«Қазакстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабына және «Қазақстан Республикасы бюджеттік Кодексінің» 53 бабының 4 тармағына сәйкес жекелеген мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету мақсатында Щучье аудандық маслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Щучье аудандық мәслихатының 2005 жылғы 4 наурыздағы «Әлеуметтік көмек көрсету ережелерін бекіту туралы» С-14/5 шешімінің (тіркеу 3039) «Жеңістің 60 жылдығы құрметіне Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің қажеттерін қамтамасыз ету үшін әлеуметтік көмек көрсету ережелері» 1 қосымшасына келесі толықтырулар енгізілсін:
Тармақша 1
1) 1 бөлім «Жалпы ережелер»:
3 тармақ «сонымен қатар телефон орнатуға мұқтаждарға» сөзімен толықтырылсын
Тармақша 2
2) 3 бөлім «Қажетті кұжаттар тізбегі»:
11 тармақ «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының Ақмола облыстық дирекциясының «Бурабай» біріккен телекоммуникация жүйесі берген төлем есебі» 6 тармақшасымен толықтырылсын
Тармақша 3
3) 4 бөлім «Әлеуметтік көмек мөлшері»:
12 тармақ «сонымен катар, «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының Ақмола облыстық дирекциясының «Бурабай» біріккен телекоммуникация жүйесі берген төлем есебі» сөзімен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім Ақмола облыстық әділет Департаментінде тіркелген уақыттан бастап күшіне енеді.
Басқа 6
Щучье аудандық мәслихатының
2005 жылғы 3 ақпандағы
«Әлеуметтік көмек
көрсету ережелерін бекіту туралы»
№ С-13/7 шешіміне (тіркеу № 3039)
толықтырулар енгізу туралы»
2005 жылғы 4 наурыздағы
№ С-14/5
шешіміне 1 қосымша
Жеңістің 60 жылдығы құрметіне Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің қажеттерін қамтамасыз ету үшін әлеуметтік көмек көрсету Ережелері.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелері
1. Жалпы ережелері
Тармақ 1
1. Осы ережелер жеңістің 60 жылдығы құрметіне Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің мұқтаждықтарын қамтамасыз ету үшін әлеуметтік қамтамасыз ету үшін әлеуметтік көмек көрсету тәртібін «Жергілікті өкілді органдар шешімі бойынша жекелеген мұқтаж азаматтарға әлеуметтік төлемдер» 007-000 бюджеттік бағдарламасы бойынша белгіленеді.
Тармақ 2
2. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабы, «Қазақстан Республикасының бюджеттік кодексінің» 53 бабының 4 тармағы ережелерді қабылдау үшін құқықтық негіз болып табылады.
Тармақ 3
3. Жеңістің 60 жылдығы құрметіне Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің қажеттерін қамтамасыз ету үшін әлеуметтік көмек тұрғын үйді ағымдағы ұсақ жөндеу жұмыстарын қажет ететін жағдайын тексеру нәтижелері бойынша Щучье аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде құралған ардагерлердің тұрмыс жағдайын тексеру жөніндегі комиссия (әрі қарай комиссия) шешімімен және тіс салдыруға дәрігерлік тұжырымдама негізінде сонымен қатар телефон орнатуға мұқтаждарға тағайындалып, төленеді.
Тармақ 4
4. Щучье аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі есептеу жүргізеді, әлеуметтік көмек тағайындалған азаматтар тізімін жасайды, аудандық қаржы бөліміне қаржыландыруға арыз береді.
Тармақ 5
5. Ереже Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңында белгіленген қатынастарға жарамсыз.
Тарау 2. 2. Әлеуметтік көмек тағайындау тәртібі
2. Әлеуметтік көмек тағайындау тәртібі
Тармақ 6
6. Әлеуметтік көмек тағайындау туралы өтінішті оны алуға құқықты адам тиісті құжаттармен бірге тапсырады.
Тармақ 7
7. Әлеуметтік көмек тағайындау үшін құжаттар 10 күн мерзімінде қаралады.
Тармақ 8
8. Әлеуметтік көмек тағайындалмаған жағдайда Щучье ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдармалар бөлімі ол туралы арыз иесіне жазбаша хабарлайды.
Тармақ 9
9. Арыз иесі өтініші мен құжаттарда көрсетілген мәліметтердің толықтығы және шек келтірілмейтініне Заңнамаға сәйкес жауап береді.
Тармақ 10
10. Щучье ауданының жұмыспен камту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің шешімі сот арқылы шағымдандырыла алады.
Тарау 3. 3. Қажетті құжаттар тізбесі
3. Қажетті құжаттар тізбесі
Тармақ 11
11. Әлеуметтік көмек тағайындау құқығын растайтын құжаттар:
Тармақша 1
1) ардагердің тұрмыстық жағдайын тексеру актісі;
Тармақша 2
2) тіс салдыруға дәрігерлік мекеме берген төлем;
Тармақша 3
3) жеке куәлігі көшірмесі;
Тармақша 4
4) салық төлеушінің тіркеу нөмері
Тармақша 5
5) Ұлы Отан соғысы ардагері куәлігінің көшірмесі
Тармақша 6
6) «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының Ақмола облыстық дирекциясының «Бурабай» біріккен телекоммуникация жүйесі берген төлем есебі.
Тарау 4. 4. Әлеуметтік көмек мөлшері
4. Әлеуметтік көмек мөлшері
Тармақ 12
12. Жеңістің 60 жылдығы құрметіне Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің қажеттерін қамтамасыз ету үшін әлеуметтік көмек, комиссияның тұрмыстық жағдайын тексеру актісіне байланысты және дәрігерлік тұжырымдамаға, сонымен катар, «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының Ақмола облыстық дирекциясының «Бурабай» біріккен телекоммуникация жүйесі берген төлем есебіне сәйкес белгіленеді.
Тарау 5. 5. Әлеуметтік көмек төлемі
5. Әлеуметтік көмек төлемі
Тармақ 13
13. Жеңістің 60 жылдығы құрметіне Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің қажеттерін қамтамасыз ету үшін әлеуметтік көмек төлемдері жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.
Тармақ 14
14. Әлеуметтік көмек төлемі тиісті операциялар жүргізуге Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің лицензиясы бар, Заңнамада белгіленген тәртіп бойынша конкурста жеңіп шыққан банктер арқылы жүргізіледі.