О внесении дополнения в постановление акимата Бухар-Жырауского района от 03 февраля 2007 года № 04/01 "Об оказании материальной помощи остро нуждающимся и малообеспеченным гражданам Бухар-Жырауского района" Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.02.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Бұқар жырау ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 3 ақпандағы N 04/01 "Бұқар жырау ауданының жәрдемге мұқтаж және аз қамтылған азаматтарына материалдық көмек көрсету туралы" қаулысына толықтыру енгізу туралы Бұқар жырау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Бұқар жырау ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 3 ақпандағы N 04/01 "Бұқар жырау ауданының жәрдемге мұқтаж және аз қамтылған азаматтарына материалдық көмек көрсету туралы" қаулысына (мемлекеттік тіркелу нөмірі N 8-11-34, 2007 жылғы 6 наурыз, аудандық N 11 "Сарыарқа" газетінде 2007 жылғы 17 наурызда жарияланған) төмендегі толықтыру енгізілсін: аталған қаулының 1 тармағының 1) тармақшасында "туберкулезбен" деген сөзден кейін "амбулаторлық емдеу кезінде тұрғылықты жерден емдеу мекемесіне жол жүруге, амбулаторлық жағдайда қосымша терапияға" деген сөздермен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.