О внесении изменения в постановление акимата Аккольского района от 03 апреля 2008 года № А-4/122 «Об очередном призыве граждан 1981-1990 годов рождения на срочную военную службу в апреле-июне и октябре-декабре 2008 года» Қолданыста
Басқа 0
Ақкөл ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 03 сәуірдегі № А-4/122 «1981-1990 жылдары туған азаматтарды 2008 жылғы сәуір-маусым, қазан-желтоқсан айларында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» қаулысына өзгерту енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының негізінде, Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Занына, «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері және қорғанысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бап 4-тармағына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 1-сәуірдегі № 563 «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметшілерді запасқа шығару және 2008 жылғы сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында Қазақстан Республикасының азаматтарын кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Жарлығына сәйкес, 1981-1990 жылдары туған азаматтарды әскери бөлімдерге жоспарлы және ұйымшылдықпен жіберу мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ақкөл ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 03 сәуірдегі № А-4/122 «1981-1990 жылдары туған азаматтарды 2008 жылғы сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» (Ақкөл аудандық әділет Басқармасында 2008 жылғы 24 сәуірде № 1-3-89 тіркелген, аудандық «Ақкөл өмірі» және «Знамя Родины КZ» газеттерінде 2008 жылғы 30 мамырда жарияланған) қаулысының 1-қосымшасына және аудан әкімдігінің 2008 жылғы 10 шілдедегі № А-7/216 «Аудан әкімдігінің 2008 жылғы 03 сәуірдегі № А-4/122 «1981-1990 жылдары туған азаматтарды 2008 жылғы сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» қаулысына толықтыру енгізу туралы» (Ақкөл аудандық әділет Басқармасында 2008 жылғы 15 тамызда № 1-3-92 тіркелген, аудандық «Ақкөл өмірі» және «Знамя Родины КZ» газеттерінде 2008 жылғы 29 тамызда жарияланған) қаулысына келесі өзгерту енгізілсін:
«Әскерден тыс жұмыстар жөніндегі бөлім бастығының көмекшісі-Александр Иванович Гернер», - деген жол, «Әскери қызметшілерді келісім-шарт бойынша әскерге алу және әскерге шақыру бөлімінің бастығы - Александр Иванович Гернер» сөзімен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Аудандық әскерге шакыру комиссиясының құрамы осы қаулының 1-қосымшасына сай жаңа редакцияда бекітілсін.
Тармақ 3
3. Аудан әкімдігінің қаулысы Ақкөл аудандық әділет Басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және бұқаралық акпарат құралдарында ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ
Аудандық емхананың бас дәрігері
Ш.Қ.Бердімұратова
«03» 09 2008 жыл
КЕЛІСІЛДІ
Ақкөл АІІБ-нің бастығы
полиция полковнигі
Ж.Ә.Сәрсембаев
«03» 09 2008 жыл
КЕЛІСІЛДІ
Ақкөл аудандық қорғыныс
істері жөніндегі бөлімнің бастығы, майор
К.Т.Нұрмағамбетов
«03» 09 2008 жыл
Басқа 4. Комиссия мүшелері
Аудан әкімдігінің 2008 ж.
«03» 09 № А-9/244
қаулысына 1-қосымша
Аудандық әскерге шақыру комиссиясының ҚҰРАМЫ
Нұрмағамбетов Келден Төлегенұлы Ақкөл аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығы, комиссия төрағасы
Ахметқалиева Мәдина Шайхықызы ішкі саясат бөлімі бастығының міндетін атқарушы, комиссия төрағасының орынбасары
Комиссия мүшелері
Досжанов Болат Қаметұлы Ақкөл АІІБ бастығының кадрлар және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары
Жүнісова Гүлбаршын Қошанқызы дәрігер-терапевт, медкомиссяның төрайымы
Гернер Александр Иванович әскери қызметшілерді келісім-шарт бойынша әскерге алу және әскерге шақыру бөлімінің бастығы
Тақысов Сайлау Сағындықұлы аудан әкімі аппараты заң бөлімінің АҚ және ТЖ мәселелері жөніндегі жетекші маманы
Роппель Любовь Поликарповна медбике, комиссия хатшысы