О внесении изменений в решение акима Кызылжарского района Северо-Казахстанской области от 03 апреля 2014 года № 07 «Об образовании избирательных участков на территории Кызылжарского района Северо-Казахстанской области» Күшін жойған
Басқа 0
«Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімінің 2014 жылғы 03 сәуірдегі № 07 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 23 бабы 1 тармағына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21 бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының әкімі ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. «Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімінің 2014 жылғы 03 сәуірдегі №07 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 30 сәуірде № 2695 тіркелген, 2014 жылғы 30 мамырдағы № 22 (5473) «Маяк» газетінде, 2014 жылғы 30 мамырдағы №22 (569) «Қызылжар» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасындағы:
28) тармақша келесі редакцияда мазмұндалсын
«28) № 313 сайлау учаскесі
сайлау учаскесінің орналасқан жері:
Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданы, Сумное ауылы, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің «Қызылжар аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Сумное бастауыш мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің ғимараты;
Учаскесінің шекарасы: Сумное ауылы, Исаковка ауылы;»
39) тармақша келесі редакцияда мазмұндалсын
«39) № 324 сайлау учаскесі
сайлау учаскесінің орналасқан жері:
Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданы, Налобино ауылы, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің «Қызылжар аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Налобино орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің ғимараты;
Учаскесінің шекарасы: Налобино ауылы, Николаевка ауылы, Лебедки ауылы, Гайдуково ауылы;»
29), 41) тармақтар алынып тасталсын;
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімінің аппарат басшысы Ж.Х. Ақылбековаға жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»:
Қазақстан Республикасы
Солтүстік Қазақстан облысы
Қызылжар аудандық
сайлау комиссиясының төрағасы
Н.Қ. Сұлтанғазин
2015 жылғы «07» қазан