О внесении изменения в решение Карагандинского городского маслихата от 03 июля 2024 года № 165 «Об утверждении размера и Правил оказания жилищной помощи в городе Караганда» Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.11.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қарағанды қалалық мәслихатының 2024 жылғы 03 шілдедегі № 165 «Қарағанды қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Қарағанды қалалық мәслихатының 2024 жылғы 3 шілдедегі № 165 «Қарағанды қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидаларын бекіту туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6622-09 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген шешіммен бекітілген Қарағанды қаласында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен қағидалары: 4- тармақ мынадай редакцияда мазмұндалсын: «4. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге, телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақыны ұлғайту бөлігінде коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді және жергілікті тұрғын үй жалдаған тұрғын үйді пайдалануға арналған шығыстарды төлеу сомасы арасындағы айырма ретінде айқындалады жеке тұрғын үй қорындағы атқарушы орган, көрсетілетін қызметті алушылардың шығыстарының шекті жол берілетін деңгейі отбасының (азаматтың) жиынтық табысына 5 (бес) пайыз мөлшерінде белгіленеді.».
Тармақ 2
2. «Қарағанды қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы шешімнің «Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі» мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Қарағанды калалық мәслихатының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.