О внесении дополнения в постановление акимата района Магжана Жумабаева Северо-Казахстанской области от 03 ноября 2025 года № 188 «О реорганизации коммунального государственного учреждения «Отдел внутренней политики, культуры и развития языков района Магжана Жумабаева Северо-Казахстанской области» Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 03 қарашадағы № 188 «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру туралы» қаулысына толықтыру енгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 65-бабы 3-тармағына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 8) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 03 қарашадағы № 188 «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру туралы» қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін: «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ереженің 14-тармағы мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын: «6) аудан аумағында пайдалану (орнату, орналастыру) кезінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туына және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасына қойылатын ұлттық стандарттар талаптарының сақталуына тексерулер жүргізу, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасау және Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 729-бабының 1-тармағына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау».
Тармақ 2
2. «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі:
Тармақша 1
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
Тармақша 2
2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ережеге енгізілген толықтыру туралы әділет органдарын заңнамада белгіленген тәртіппен хабардар етуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 8. «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ
Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің 2026 жылғы «20» шілдегі № 134 қаулысымен бекітілді «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ Булаев қаласы 2026 жыл
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (әрі қарай- «Бөлім»), ішкі саясат саласында мемлекеттік саясатты және мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асыруға уәкілетті Қазақстан Республикасының коммуналдық мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ведомстволық бағынысты мекемесі бар: «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің» Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 3
3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Бөлім ұйымдық– құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылды, мемлекеттік тілді өз атауы жазылған мөрі, мөртаңбалары және белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
Тармақ 5
5. Бөлімнің өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
Тармақ 6
6. «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
Тармақ 7
7. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлім басшының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолдыныстағы заңнамамаға сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: пошта индексі 150800, Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Мағжан Жұмабаев ауданы, Булаев қаласы, Юбилейная көшесі, 56 үй.
Тармақ 10
10. Осы Ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. Бөлімнің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергіліктік бюджеттен жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының әкімдігі «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы және уәкілетті органы болып табылады.
Тармақ 13
13. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады. Егер Бөлімге заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Тарау 2. 2. Коммуналдық мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
2. Коммуналдық мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
Тармақ 14
14. Міндеттері:
Тармақша 1
1) ауданда ішкі саяси тұрақтылықты, халық бірлігін және қоғамды шоғырландыруды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру;
Тармақша 2
2) әлеуметтік-экономикалық, мәдени және қоғамдық-саяси саладағы мемлекеттік саясаттың басты бағыттарын іске асыру бойынша ауданның жергілікті атқарушы органдарының қызметін үйлестіру;
Тармақша 3
3) Бөлім құзырына жататын сұрақтар бойынша қазақстан Республикасы Президенті және Үкіметінің, облыс әкімінің, аудан әкімінің актілері мен тапсырмаларын орындауды қамтамасыз ету;
Тармақша 4
4) ауданда Қазақстанның 2050 даму стратегиясының негізгі басымдықтарын, Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларын, мемлекеттік және салалық бағдарламаларды және басқа да стратегиялық құжаттарды түсіндіруді және насихаттауды қамтамасыз ету;
Тармақша 5
5) азаматтық қоғам институттарымен, аудан жұртшылығы өкілдерімен өзара іс-қимыл.
Тармақша 6
6) аудан аумағында пайдалану (орнату, орналастыру) кезінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туына және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасына қойылатын ұлттық стандарттар талаптарының сақталуына тексерулер жүргізу, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасау және Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 729-бабының 1-тармағына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау.
Тармақ 15
15. Өкілеттері:
Тармақша 1
1) құқықтары: коммуналдық мемлекеттік органдардан, мекемелерден, ұйымдардан, лауазымды адамдардан белгіленген тәртіппен қажетті ақпаратты сұратуға және алуға; аудан әкіміне ішкі саясат саласындағы жергілікті атқарушы органдардың қызметін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге; Бөлімнің саласына қатысты мәселелер бойынша тапсырмалар беруге, олардың орындалуын бақылауға, сондай-ақ облыстық және аудандық атқарушы органдар өткізетін іс-шараларға қатысуға;
Тармақша 2
2) міндеттері: Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша лауазымды адамдар мен коммуналдық мемлекеттік органдарға консультациялық-әдістемелік, ақпараттық, ұйымдастырушылық-техникалық және өзге де көмек көрсетуге; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. Мақсаттар мен өкілеттіктерді іске асыру мемлекеттік органдар үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреттер шегінде жүзеге асырылады;
Тармақ 16
16. Функциялары: ауданның жергілікті атқарушы органдарының қызметін ақпараттық-идеологиялық сүйемелдеу - демографиялық саласында ішкі саясаттың негізгі бағыттары бойынша мәселелерді, оның ішінде білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру және халықты қорғау, жұмыспен қамту, этносаралық және конфессияаралық келісім, патриоттық тәрбие және жастар саясаты саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, мемлекеттік рәміздерді тілдік, ақпараттық, мәдени, гендерлік және отбасылық сипатта насихаттау; ішкі саяси тұрақтылықты, халық бірлігін және қоғамды шоғырландыруды қамтамасыз етуге бағытталған практикалық және өзге де шаралар кешенін іске асыру; ауданда ірі қоғамдық маңызы бар іс-шараларды ақпараттық сүйемелдеу; жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси және басқа да салалардағы қызметі туралы ақпараттық-түсіндіру жұмысын ұйымдастыру, осы бағыттағы жұмысты жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу; ауданның білім беру мекемелерімен патриоттық тәрбие мәселелері бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимылды жүзеге асыру, өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру; ауданда республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар ақпараттық топтардың қызметін Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын және басқа да стратегиялық құжаттарды түсіндіру жөнінде ұйымдастыру; саяси партиялармен, үкіметтік емес ұйымдармен, этномәдени және діни бірлестіктермен, құқық қорғаушы және басқа да қоғамдық ұйымдармен, кәсіптік одақтармен, БАҚ-пен, ғылыми және шығармашылық қоғамдастықпен, қоғамдық пікір көшбасшыларымен өзара іс-қимылды жүзеге асыру; Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша аудан әкімдігі жанындағы консультативтік-кеңесші органдар мен жұмыс топтарының қызметін қамтамасыз ету; аудандағы қоғамдық-саяси ахуалды талдау, оның ішінде саяси партиялардың, өзге де қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдардың қызметіне мониторинг ұйымдастыру, әлеуметтік зерттеулер жүргізу; ауданда мемлекеттік ақпараттық саясатты тиімді іске асыруды, оның ішінде мемлекеттік тапсырысты орындауды қамтамасыз ету, заңнаманы сақтау тұрғысынан БАҚ қызметіне мониторинг жүргізу, шетелдік БАҚ-ты есепке алу; Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жоғары тұрған коммуналдық мемлекеттік органдармен, мәслихаттармен, аудан әкімінің аппаратымен, облыс Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығымен өзара іс-қимыл жасау; кадр жұмысын жүргізу (Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Еңбек кодексінің, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V Заңының, өзге де нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес); Қазақстан Республикасы Заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтарының және Үкіметі қаулыларының, жоғары тұрған өкілді және атқарушы органдардың, облыс, аудан әкімдерінің қаулыларының, шешімдері мен өкімдерінің орындалуын бақылау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру («Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V Қазақстан Республикасы Заңының, өзге де нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес); ҚР Әкімшілік рәсімдік-процесстік кодексіне сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, арыздарын, шағымдарын тіркеу және қарау; жұмыстарды, тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша ашық конкурстарды ұйымдастыру және өткізу («Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес); Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Тарау 3. 3. Коммуналдық мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
3. Коммуналдық мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
Тармақ 17
17. Бөлімді басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол бөлімге  жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
Тармақ 18
18. Бөлімнің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
Тармақ 19
19. Бөлімнің бірінші басшысының өкілеттіктері: Бөлімнің жұмысын ұйымдастырады және басқарады және Бөлімге жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуына дербес жауапты болады; өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, олардың орындалуын бақылауды ұйымдастырады; Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасына және Қазақстан Республикасының еңбек кодексіне сәйкес қызметкерлерді қабылдайды және жұмыстан шығарады, оларға заңда белгіленген тәртіппен көтермелеу және тәртіптік жазалау шараларын қолданады; «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің» Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директорын қабылдайды және қызметтен босатады. Бөлімнің атынан сенімхатсыз іс-әрекеттерді жүзеге асырады, Бөлімнің атынан басқа қызметкерлерге Бөлімнің мүддесі үшін белгілі бір іс-әрекеттерді жасауға өкілеттіктер береді; сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде шаралар қабылданбағаны үшін дербес жауапты болатын бағыныштағы қызметкерлер арасында қабылдайды; Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді; ерлер мен әйелдердің тең құқықтарының және тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы заңнаманың сақталуын қамтамасыз етеді; аудан әкімі аппаратына Бөлімнің құрылымын бекітуге ұсынады, қаржыландыру жоспарын үнемдеу шегінде мемлекеттік қызметшілерге қосымша ақылар, материалдық көтермелеулер (сыйлықтар) белгілейді; Бөлімнің құзыреті шегінде қызметтік құжаттамаға қол қояды; Бөлімнің шығыстар сметасын бекітеді, бюджетте көзделген қаржы қаражатына билік етеді; жеке құрам бойынша бұйрықтар шығарады, Бөлім қызметшілерін іссапарға жібереді; мемлекеттік қызметшілер кадрларын оқытуды, даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды қамтамасыз етеді; қолданыстағы заңнамаға сәйкес Бөлім қызметкерлерінің функционалдық міндеттері мен өкілеттіктерінің шеңберін айқындайды. Бөлімнің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
Тарау 4. 4. Коммуналдық мемлекеттiк органның мүлкi
4. Коммуналдық мемлекеттiк органның мүлкi
Тармақ 20
20. Бөлім заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкiн. Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 21
21. Бөлімге бекітілген мүлік ауданның коммуналдық меншігіне жатады.
Тармақ 22
22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Бөлім, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5. Коммуналдық мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
5. Коммуналдық мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 23
23. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Бөлімнің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесі «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің» Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.