О внесении изменения в постановление акимата города Павлодара от 03 апреля 2025 года № 474/1 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Отдел предпринимательства и сельского хозяйства города Павлодара» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.04.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Павлодар қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 03 сәуірдегі «Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» № 474/1 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Павлодар қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Павлодар қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 03 сәуірдегі «Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» № 474/1 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 208975 болып тіркелді) мынадай өзгеріс енгізілсін: «Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережеде: 16-тармақтың 15) тармақшасы 2-абзацы жаңа редакцияда жазылсын: «- Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 455-бабы (бірінші, екінші, үшінші және бесінші бөлігі) бойынша хаттама жасау;».
Тармақ 2
2. «Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен: осы қаулыны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді; осы қаулыны Павлодар қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды; осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Павлодар қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.