Об отмене постановления акимата района Аққулы Павлодарской области от 03 июня 2026 года № 1-01/112 «О некоторых вопросах поощрения граждан, участвующих в профилактике правонарушений в районе Аққулы» Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Павлодар облысы Аққулы ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 03 маусымдағы № 1-01/112 «Аққулы ауданында құқық бұзушылықтарды алдын алуға қатысатын азаматтарды мадақтаудың кейбір мәселелері туралы» қаулысының күшін жою деп тану туралы «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 06 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес, Аққулы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Павлодар облысы Аққулы ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 03 маусымдағы № 1-01/112 «Аққулы ауданында құқық бұзушылықтарды алдын алуға қатысатын азаматтарды мадақтаудың кейбір мәселелері туралы» қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 2
2. «Аққулы ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне заңнамада белгіленген тәртіппен мыналарды қамтамасыз ету тапсырылады: осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жолдауды; осы қаулыны Аққулы ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында ресми жарияланғаннан кейін орналастыру.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің әлеуметтік сала және экономика мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.