О внесении изменении в постановление акимата района от 04 апреля 2008 года № 82 «О проведении призыва на срочную воинскую службу граждан на территории района в апреле-июне и октябре декабре 2008 года» Қолданыста
Басқа 0
«2008 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында аудан аумағында азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруы туралы» аудан әкімдігінің 2008 жылғы 04 сәуіріндегі № 82 қаулысына өзгерту енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындагы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 37 бабы 8 тармағына, «Әскери міндет пен әскери қызмет жөніндегі» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдесіндегі № 74 - III Заңы 20 бабы 1 тармағына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «2008 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында аудан аумағында азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруы туралы» аудан әкімдігінің 2008 жылғы 04 сәуірдегі № 82 (14.04.2008 ж. № 15 нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, 2008 жылғы 08 сәуір № 13-5-60 «Новости Приишимья» газеті) қаулысына мынадай өзгірістер енгізілсін:
әскерге шақыру комиссиясы құрамына:
Бекіш Бақытжан Серікұлы - аудан әкімінің кұрылыс және оперативтік мәселелер бойынша орынбасарының-бас маманы енгізілсін.
әскерге шақыру комиссиясы құрамынан:
Оразалин Марат Төлегенұлы - азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар бойынша аудан әкімі аппаратынын бас маманы, басқа жұмысқа ауысуына байланысты, шығарылсын.
Тармақ 2
2. Әскерге шақыру комиссиясының құрамы бекітілсін:
Ғабдуллин Дулат Бекейұлы - «Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы, комиссия төрағасы;
Бекіш Бақытжан Серікұлы - аудан әкімінің кұрылыс және оперативтік мәселелер бойынша орынбасарының-бас маманы
Комиссия мүшелері:
Журавлев Юрий Григорьевич - «Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның ішкі істері бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары;
Селезень Алексей Николаевич - Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау Министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның «Аудандық емхана» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының емханалық жұмысы бойынша бас дәрігері орынбасарының міндетін аткарушы дәрігерлік комиссия төрағасы;
Бейкель Светлана Николаевна - Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау Министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның «Аудандық емхана» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының аға мейірбикесі, комиссия хатшысы.
Әскерге шақыру комиссиясының резервтік құрамы:
Мұратбеков Рамазан Рашитұлы - «Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Қорганыс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары, комиссия төрағасы;
Тайшабаева Алтыншаш Жұлдызбекқызы - аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары.
Комиссия мүшелері:
Ақтаев Ибрагим Салықұлы - «Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның ішкі істері бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары;
Қаныш Болатұлы Бижанов - Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның «Аудандық емхана» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны бас дәрігері, дәрігерлік комиссияның төрағасы;
Сергеева Любовь Андреевна - Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау Министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның «Аудандық емхана» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының мейірбикесі, комиссия хатшысы.
Тармақ 3
3. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.