О внесении изменения в постановление акимата Айыртауского района Северо-Казахстанской области от 04 января 2017 года № 1 «Об утверждении Положения о коммунальном государственном учреждении «Отдел экономики и финансов акимата Айыртауского района Северо-Казахстанской области» Қолданыста
Басқа 0
«Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 04 қаңтардағы № 1 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 2-тармағына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 2-тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. ««Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы»» Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 04 қаңтардағы № 1 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
Аталған қаулымен бекітілген "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереженің 18 тармағының 28) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
28) тармақша «жекелеген негіздер бойынша коммуналдық меншікке айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастырады».
Тармақ 2
2. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Айыртау ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі белгіленген тәртіппен: «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Айыртау ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережеге енгізілген өзгерістің заңнамада белгіленген тәртіппен әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз ету;
осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық көшірмелерін ресми жариялау және нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасы әділет министрлігі «Қазақстан Республикасы заңнама және құқықтық ақпарат институты»» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалына жіберсін;
Осы қаулыны Айыртау ауданы әкімдігінің және «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің интернет-ресурсында орналастыру.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.