О снятии ограничительных мероприятий и признании утратившим силу решения акима Маркакольского сельского округа 04 декабря 2018 года за № 6 «Об установлении ограничительных мероприятий в селе Акжайлау Маркакольского сельского округа Курчумского района»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О снятии ограничительных мероприятий и признании утратившим силу решения акима Маркакольского сельского округа 04 декабря 2018 года за № 6 «Об установлении ограничительных мероприятий в селе Акжайлау Маркакольского сельского округа Курчумского района»
- Атауы (қаз.)
- Шектеу іс-шараларын тоқтату және 2018 жылғы 04 желтоқсандағы № 6 «Күршім ауданы Марқакөл ауылдық округіне қарасты Ақжайлау ауылына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» Марқакөл ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 04 желтоқсандағы шешімінің күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1
- Қабылданған күні
- 22.05.2019
- Көрсетілген редакция
- 22.05.2019 131871_407426.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.05.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19VNB05970
- ЭКБ идентификаторы
- 131871
- Редакция идентификаторы
- 131871_407426
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 19:50
0 Шектеу іс-шараларын тоқтату және 2018 жылғы
04 желтоқсандағы №6 «Күршім ауданы
Марқакөл ауылдық округіне қарасты Ақжайлау ауылына
шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» Марқакөл ауылдық
округі әкімінің 2018 жылғы 04 желтоқсандағы
шешімінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабының 8 тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық атілер туралы» Заңының 46-бабының 2 тармағының 4) тармақшасына сәйкес және «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Күршім аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі басшысының 2019 жылдың 22 ақпандағы № 128 ұсынысы негізінде, Марқакөл ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1 1. Күршім ауданы Марқакөл ауылдық округіне қарасты Ақжайлау ауылы тұрғындарының ұсақ мүйізді малына сарып ауруынан Республикалық бюджеті есебінен жүргізілген сауықтыру жұмыстары қанағаттанарлық нәтиже көрсетуіне байланысты шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2
2. Марқакөл ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 04 желтоқсандағы №6 «Күршім ауданы Марқакөл ауылдық округіне қарасты Ақжайлау ауылына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2018 жылғы 07 желтоқсанда № 5-14-184 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2018 жылы 20 желтоқсанда жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3 3. «Марқакөл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1 1) осы шешімнің аумақтық әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2
2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;