О внесении изменения в решение акима Новоишимского сельского округа района имени Габита Мусрепова от 04 мая 2026 года № 53 «Об установлении публичного сервитута на земельный участок» Қолданыста
Басқа 0
«Жер учаскесіне жария сервитут белгілеу туралы»
Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Новоишим ауылдық округі әкімінің 2026 жылғы 04 мамырдағы № 53 шешіміне өзгеріс
енгізу туралы
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Новоишим ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. «Жер учаскесіне жария сервитут белгілеу туралы» Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Новоишим ауылдық округі әкімінің 2026 жылғы 04 мамырдағы № 53 шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы әкімдігінің сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Солтүстік Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы, Новоишим ауылдық округі, Новоишим ауылы мекенжайы бойынша орналасқан, жалпы алаңы 0,1949 гектар жер учаскесіне су құбыры ғимараттарының алаңы бар мал шаруашылығы кешеніне дейін сумен жабдықтау желілерін салу үшін 49 (қырық тоғыз) жыл мерзімге жария сервитут белгіленсін.».
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.