О внесении изменений в совместное решение Талгарского районного маслихата от 05 марта 2026 года № 55-231 и постановление акимата Талгарского района от 06 марта 2026 года № 03-71 «Об установлении границ (черт) населенных пунктов Талгарского района» Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Талғар ауданы елді мекендерінің шекараларын (шектерін) белгілеу туралы» бірлескен Талғар аудандық мәслихатының 2026 жылғы 05 наурыздағы № 55-231 шешіміне және Талғар ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 06 наурыздағы № 03-71 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Талғар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және Талғар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Талғар ауданы елді мекендерінің шекараларын (шектерін) белгілеу туралы» бірлескен Талғар аудандық мәслихатының 2026 жылғы 05 наурыздағы № 55-231 шешіміне және Талғар ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 06 наурыздағы № 03-71 қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бірлескен мәслихат шешімінің және әкімдік қаулысының 1-тармағында: 1) тармақшасының жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «Қызыл Қайрат ауылының шекарасы (шегі) жалпы көлемі 660,8000 гектар болып белгіленсін;»; 1) тармақшасының сегізінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «Рысқұлов ауылының шекарасы (шегі) жалпы көлемі 360,1000 гектар болып белгіленсін;»; 4) тармақшасының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «Бірлік ауылының шекарасы (шегі) жалпы көлемі 445,4000 гектар болып белгіленсін;»; 5) тармақшасының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «Кіші Байсерке ауылының шекарасы (шегі) жалпы көлемі 474,4000 гектар болып белгіленсін;»; 5) тармақшасының төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «Жаңа Қуат ауылының шекарасы (шегі) жалпы көлемі 502,5000 гектар болып белгіленсін;»; 1-тармақтың 6) тармақшасының орыс тіліндегі мәтініне өзгерістер енгізілсін, қазақ тіліндегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын; 6) тармақшасының бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «Жаңалық ауылының шекарасы (шегі) жалпы көлемі 774,7974 гектар болып белгіленсін;»; 8) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «Нұра ауылының шекарасы (шегі) жалпы көлемі 1624,2000 гектар болып белгіленсін;»; 9) тармақшасының алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «Панфилов ауылының шекарасы (шегі) жалпы көлемі 1462,6000 гектар болып белгіленсін;».
Тармақ 2
2. Осы бірлескен Талғар аудандық мәслихатының шешімі және Талғар ауданы әкімдігінің қаулысының орындалуын бақылау Талғар ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы бірлескен Талғар аудандық мәслихатының шешімі және Талғар ауданы әкімдігінің қаулысы оның алғашқы ресми жарияланғанған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.