Арыс қалалық мәслихатының 05.07.2002 жылғы N 19/170-II «Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлеріне арналған тіркелген жиынтық салық ставкалары туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы Қолданыста
Басқа 0
Арыс қалалық мәслихатының 05.07.2002 жылғы N 19/170-II «Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлеріне арналған тіркелген жиынтық салық ставкалары туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық кодексі) 394 бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. «Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлеріне арналған тіркелген жиынтық салық ставкалары туралы» Арыс қалалық мәслихатының 2002 жылғы 5 шілдедегі № 19/170-ІІ шешіміне (нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №632 тіркелген, 2002 жылғы 10 тамыздағы «Арыс ақиқаты» газетінің №32 санында жарияланған, (қалалық мәслихаттың 2005 жылғы 15 ақпандағы №14/112-III Арыс қалалық мәслихатының 05.07.2002 жылғы № 19/170-II
«Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлеріне арналған тіркелген жиынтық салық ставкалары туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы, нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №1736 тіркелген, 2005 жылғы 26 ақпандағы «Арыс ақиқаты» газетінің №9 санында жарияланған, қалалық мәслихаттың 2006 жылғы 17 қаңтардағы №27/215-III Арыс қалалық мәслихатының 05.07.2002 жылғы №19/170-II
«Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлеріне арналған тіркелген жиынтық салық ставкалары туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы, нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 14-2-17 тіркелген, 2006 жылғы 11 наурыздағы «Арыс ақиқаты» газетінің N 11 санында жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
Арыс қаласында орналасқан салық төлеушілер үшін бір айға салық бір салу объектісінен алынатын тіркелген жиынтық салық ставкалары қосымшаның жаңа редакциясына сәйкес белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізілсін.
Басқа 3. Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлеріне
арналған тіркелген жиынтық
салық ставкалары
2007 жылғы 7 сәуірдегі № 37/290-III
нормативтік құқықтық кесімге
қосымша
Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлеріне
арналған тіркелген жиынтық
салық ставкалары
№
Қызмет көрсету түрлері
Ставка (айлық есептік көрсеткіш есебінде)
Бір айға
бір жылға
1
Бильярд үстелі
2,5
30
2
Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ақшасыз ұтыс ойын автоматы
1,0
12
3
Біреуден ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған, ақшасыз ұтыс ойын автоматы
1,25
15
4
Ойын өткеру үшін қолданатын жеке компьютері
1,0
12