06 очередном призыве граждан 1975-1984 годов рождения на срочную военную службу в октябре-декабре 2002 года в Вооруженные Силы Республики Казахстан Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасынын Қарулы Күштері катарына мерзімді әскери кызметке 2002 жылгы казан-желтоксан айларында 1975-1984 жылдары туылған азаматтарды кезекті піакыру туралы
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 19 - қаңтардағы «Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери кызмет туралы» Заңына сәйкес және Қазакстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 8 - сәуірдегі № 844 Жарлығына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 23-сәуірдегі «Мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазакстан Республикасының азаматтарын 2002 жылғы сәуір-маусым және казан-желтоқсан айларында кезекті мерзімді әскери кызметке шакыру туралы» № 463 Қаулысына сәйкес облыс Әкімі ШЕШІМ кабылдады:
Тармақ 1
1. Аудандық және қалалық шақыру комиссияларының қызметін басқару және бақылау үшін облыстық шақыру комиссиясы қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Аудандар мен қалалардың әкімдері шақыру комиссияларының жұмысын ұйымдастырсын, 2002 жылғы қазан-желтоқсан айларында азаматтарды мерзімді қызметке шақыруды жүргізу ісін әскери комиссариаттар арқылы қамтамасыз етсін және автокөлік бөлсін.
Тармақ 3
3. Облыстық телекоммуникация дирекциясы (Ж.А. Мейрембаев) шақыру пункттерінде телефон байланыстарының үздіксіз жұмыс жасауын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Облыстык денсаулық сақтау басқармасы (А. Дүйсекеев):
Тармақша 1
1) облыстык, аудандык және калалык шакыру комиссияларын білікті дәрігер-мамандармен және орта буынды медициналық қызметшілермен қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) шақырылушылардың уақытылы әдістемелік-нұсқаулықтардың талаптарына сәйкес дәрігерлік іріктелуін қамтамасыз етсін;
Тармақша 3
3) шақырылушыларды ВИЧ инфекциясына және СПИД-ке ақысыз тексерумен қамтамасыз етсін;
Тармақша 4
4) аудандар мен қалалардын бас дәрігерлерінің назарын медициналық тексеру мен емдеудің сапасына дербес жауапкершілікте болатынына аударсын;
Тармақ 5
5. Ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы (К.Ж. Жәйшібеков) жастарды қазақстандық патриотизмге, Отан қорғау жөніндегі конституциялық борышын орындауға тәрбиелеу жұмысын жандандырсын.
Тармақ 6
6. Облыстық спорт және дене тәрбиесі жөніндегі басқарманың бастығы (Ә.Ж. Жайлаубеков) әскер жасындағы жастар арасында бұқаралық-спорт және әскери-патриоттык тәрбие беру жүмыстарын жандандырсын кәсіпорындар мен орта білім беретін оқу орындарында жастардың дене тәрбиесі дайындығына бакылаулық тексеруді ұйымдастырсын.
Тармақ 7
7. Облыстық қаржы басқармасы (М. Сәткалиев) әскери комиссариаттарды әскерге шақыруға байланысты жұмыстарды қаржылай қамтамасыз етсін.
Тармақ 8
8. Облыстың әскери комиссары (Т.Р. Мәукебаев) осы шешімнің орындалу барысын 2002 жылғы 20- қаңтарға дейін хабардар етсін.
Тармақ 9
9. Шешімнің орындалуын бакылау облыс Әкімінің әскери-жұмылдыру жұмыстары жөніндегі бөлімінің бастығы Б. Тұрғанәлиевке жүктелсін.
Тармақ 10
10. Облыс Әкімінің 2002 жылғы 11-сәуірдегі № 4-68 шешімінің күші жойылған болып саналсын.
Басқа 15
Алматы облысы әкімінің
2002ж. қыркүйек «11»
№ 9-229 шешіміне қосымша
Алматы облысынын әскерге шакыру комиссиясынын
ҚҰРАМЫ
Комиссия төрағасы:
Долженков В.А- облыс Әкімінің бірінші орынбасары
Комиссия төрағасының орынбасары:
Мәукебаев Т.Р- облыстық әскери комиссар
Комиссия мүшелері:
Шортанбаев Ж.Ш.-Алматы облысы ІІББ-ы бастығының орынбасары
Ыскақов Б.А.- облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары
Әдиев А.М.- облыстық әскери коммисариаты әскери-дәрігерлік комиссиясының төрағасы
Перкин.С.И.- облыстык әскери коммисариаты әскери-дәрігерлік комиссиясы төрағасының орынбасары
Теңізбаева М.З.- облыстык әскерге шақыру комиссиясының хатшысы
Фетер Н.Н.- облыстык әскерге шақыру комиссиясының хатшысы
Алматы және Талдықорған қалаларындағы
дәрігер-мамандар және орта буынды
медицина персоналы (негізгі және резервтегі
құрамы)-
Облыстық денсаулық сактау басқармасы
бастығымен облыстык әскери комиссариаттың
әскери-дәрігерлік комиссиясы төрағасының
бұйрығымен бекітіледі.