О внесении изменений и дополнений в постановление районного акимата от 06 марта 2006 года № 120/3 «Об утверждении Инструкции по назначению социальных выплат отдельным категориям граждан, финансируемых из районного бюджета» (НГР 12-6-22 от 13 марта 2006 года) Қолданыста
Басқа 0
Аудан әкімдігінің 2006 жылғы 06 наурыздағы «Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын азаматтардың жекелеген санаттарына 2006 жылға әлеуметтік төлем тағайындау бойынша Нұсқауды бекіту туралы»
(МТН 12-6-22 2006 жылғы 13 наурыз) № 120/3 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабының 1-тармағының 14) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан халқына «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» жолдауын жүзеге асыру мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудан әкімдігінің 2006 жылғы 6 наурыздағы «Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлем тағайындау бойынша Нұсқауды бекіту туралы» (МТН 12-6-22 2006 жылғы 13 наурыз) № 120/3 қаулысына, аудан әкімдігінің 2006 жылғы 27 сәуірдегі енгізілген өзгерістер мен толықтыруларын есепке ала отырып, келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
аудандық бюджеттен қаржыландырылатын азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлем тағайындау бойынша Нұсқаудың;
2 тармақтың 14) тармақшасындағы «ашық» сөзінен кейін «белсенді» сөзімен толықтырылсын;
2 тармағы келесі мазмұндағы 16) тармақшамен толықтырылсын:
«16) 30 бен 49 аралығындағы жастағы жұмыссыз азаматтарға кәсіптік даярлық және қайта даярлау кезеңіне»;
4 тармақтың 12) тармақшасындағы «5» саны «10» санымен ауыстырылсын;
4 тармақ келесі мазмұндағы 14) тармақшамен толықтырылсын:
«14) 2 тармақтың 16) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін – ай сайынғы стипендия 6000 теңге мөлшерінде»;
5 тармақтың 11) тармақшасы «не ауданның ішкі істер бөлімі берген тізімге сәйкес» сөздерімен толықтырылсын;
5 тармақ келесі мазмұндағы 14) тармақшамен толықтырылсын;
құқығы бар тұлғаның өтініші, СТТН, жеке куәлігі, тұрғылықты орнынан анықтама, оқу орнынан анықтама не салыстырма тексеріс кесімі».
Тармақ 2
2. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап 10 күн өткен соң іске қосылады.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Қ. Мардановаға жүктелсін.