О внесении изменений в постановление акимата Есильского района от 06 июня 2007 года № а-6/139 «Об организации и обеспечении призыва граждан 1989-1980 годов рождения на воинскую службу в апреле-июне, октябре-декабре 2007 года» Қолданыста
Басқа 0
Есіл ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 6 маусымдағы №а-6/139 «1989-1980 жылдары туған азаматтарды 2007 жылғы сәуір-маусым, қазан-желтоқсан айларындағы әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» қаулысына өзгертулер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 каңтардағы «Қазакстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», 2005 жылғы 8 шілдедегі №74 «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 17 сәуірдегі №318 «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2007 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Жарлығына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Есіл ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 6 маусымдағы №а-6/139 «1989- 1980 жылдары туған азаматтарды 2007 жылғы сәуір-маусым, қазан желтоқсан айларындағы әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» Есіл ауданы Әділет басқармасында 2007 жылдың 13 маусымында №1-11/68 тіркелген, 2007 жылдың 16 шілдесінде «Жаңа Есіл» газетінің №3940 нөмірінде жарияланған қаулысына өзгертулер енгізілсін:
комиссия құрамына аудандык ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары Мүсұров Дүйсенбай Тоқұтнұлы» комиссия мүшесі болып (келісімімен); ішкі саясат бөлімінің бас маманы Байғалым Бибігүл Байғалымқызы комиссия төрағасының орынбасары болып енгізілсін,
комиссия құрамынан Ахметова Гүлнар Төлеппеккызы, Назаров Руслан Самарбековичтер шығарылсын.
Тармақ 2
2. Есіл ауданы әкімдігі қаулысының іс әрекеті 2007 жылғы 1 қазанда туындаған құқықтық қатынастарға орай таралады.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары К.О.Сүйіндіковке жүктелсін.
Тармақ 4
4. Қаулы Есіл ауданы әділет басқармасында мемлекеттік тіркелуге тиісті және ресми жарияланғаннан қейін қолданысқа енгізідеді.
КЕЛІСІЛГЕН:
Жұмабаев Марат Қарабұзауұлы
Есіл ауданы желілік полиция
бөлімінің бастығы
«05» қазан 2007ж.
Каримов Санат Вокзалұлы
Есіл ауданы ішкі істер
бөлімінің бастығы
«05» қазан 2007ж.
Қайсарбеков Орынбек Қабдоллаұлы
аудандық орталық
аурухана бас дәрігері
«05» қазан 2007ж.
Паршин Константин Геннадьевич
қорғаныс істері жөніндегі
бөлім бастығы
«05» қазан 2007ж.