О внесении изменения в постановление акимата Аршалынского района от 06 июня 2016 года № А-275 «Об определении критериев по выбору видов отчуждения коммунального имущества» Күшін жойған
Басқа 0
Аршалы ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 06 маусымдағы № А-275 «Аудандық коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау бойынша өлшемдерді айқындау туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Аршалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аршалы ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 6 маусымдағы № А-275 «Аудандық коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау бойынша өлшемдерді айқындау туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5436 тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес, жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Аршалы ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Аудандық коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі өлшемшарттар
Аршалы ауданы әкімдігінің
2022 жылғы 6 қаңтардағы
№ А-02 қаулысына
қосымша
Аршалы ауданы әкімдігінің
2016 жылғы 6 маусымдағы
№ А-275 қаулысына
қосымша
Аудандық коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі өлшемшарттар
№ р/т
Өлшемшарттар
Иеліктен айыру түрі
1
Егер мемлекеттің алдағы уақытта мемлекеттік меншік объектісін бақылауда мүдделігі болмаса
Аукцион түріндегі жекешелендіру
2
Сату шартын бекіту арқылы уақыттың қандай да бір кезеңіне мемлекет тарапынан бақылауды сақтау қажеттілігі болса (қызмет түрін сақтау, кредиторлық берешекті өтеу, еңбек ақы бойынша берешекті өтеу және басқа шарттар)
Тікелей атаулы сату
3
Коммуналдық мүлікті сату шарттарын (қызмет бейінін сақтау, кредиторлық берешекті өтеу, жалақы бойынша берешекті өтеу) белгілеу қажеттілігі
Тендер түріндегі жекешелендіру