О внесении изменения в решение Каракиянского районного маслихата от 06 января 2025 года № 24/205 «О бюджете сел, сельских округов на 2025 - 2027 годы» Қолданыста
Басқа 0
Қарақия аудандық мәслихатының 2025 жылғы 06 қаңтардағы № 24/205 «2025 - 2027 жылдарға арналған ауылдардың, ауылдық округтердің бюджеттері туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қарақия аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Қарақия аудандық мәслихатының «2025 - 2027 жылдарға арналған ауылдардың, ауылдық округтердің бюджеттері туралы» 2025 жылғы 6 қаңтардағы № 24/205 шешіміне келесідей өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және Қарақия аудандық мәслихатының 2024 жылғы 27 желтоқсандағы № 23/195 «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне сәйкес Қарақия аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:».
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.