06 утверждении Правил и размеров оказания адресной социалыюй помощи семьям, воспитывающим и обучающнм на дому детей-инвалидов, а также малообеспеченным семьям на рождение ребенка, погребение работавших и безработных граждан Күшін жойған
Басқа 0
Үйінде төрбиеленетін және оқитын мүгедек балалары бар отбасыларына, аз қамтылған отбасыларына баланың тууына, жұмыс істеген азаматтар мен жұмыссыздарды жерлеуге атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің Ережесі мен мөлшерін бекіту туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы мәслихатының 01.07.2005 № 18-135 шешімімен.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 23 бабына сәйкес мүгедек балаларды жөне тұрмысы төмен азаматтарды қосымша әлеуметтік қолдау мақсатында облыстық Мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Үйінде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балалары бар отбасыларына, аз қамтылған отбасыларына баланың тууына, жұмыс істеген азаматтар мен жұмыссыздарды жерлеуге атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің Ережесі мен мөлшері № 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Атаулы әлеуметтік көмек көрсету бекітілген Ережеге сәйкес 2002 жылға арналған облыстық бюджетте корсетілген мемлекеттік атаулы көмекке бөлінген қаржы шеңберінде жүргізілсін.
Тармақ 3
3. Талдықорған, Текелі, Қапшағай қалалары мен аудан әкімдері үйінде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балалары бар отбасыларына, аз қамтылған отбасыларына баланың тууына, жұмыс істеген азаматтар мен жұмыссыздарды жерлеуге атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің Ережесі мен мөлшері туралы халық арасында түсініктеме жұмыстарын жүргізсін.
Тармақ 4
4. Облыстық еңбек, жұмыспен қамту жөне халықты әлеуметтік қорғау басқармасы / Н.Д. Бөлекбаева/:
-осы бекітілген Ережеге сәйкес тұрмысы төмен отбасыларына әлеуметтік көмектің барлық түрлерің уақтылы есептеу және төлеу жұмыстарын қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Облыстық қаржы басқармасы /М.А. Сәтқалиев/ үйінде тәрбиеленетін жөне оқитын мүгедек балалары бар отбасыларына аз қамтылған отбасыларына баланың тууына, жұмыс істеген азаматтар мен жұмыссыздарды жерлеуге атаулы әлеуметгік көмек көрсету үшін дер кезінде қаражат бөлуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. Облыс Әкімінің 27 тамыз 1999 жылғы «Тұрмысы төмен отбасыларына бәсірелік әлеуметтік көмек көрсетудің уақытша Ережесін және мелшерін бекіту туралы» № 8-261 шешімінің күші жойылған деп есептелсін.
Тармақ 7
7. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс Әкімінің орынбасары А.Ғ. Баталовқа жүктелсін.
Басқа 8
Облыстық Мәслихаттың
2002 ж наурыз «18»
№ 20-132 шешіміне № 1
қосымша
Үйінде тәрбиеленетін жөне оқитын мүгедек балалары бар отбасыларына, аз қамтылған отбасыларына баланың тууына, жұмыс істеген азаматтар мен жұмыссыздарды жерлеуге атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің Ережесі мен мөлшері
Осы Ереже облыстық Мөслихаттың 2002 жылғы 5 ақпанында № 18-123 шешімімен бекітілген Алматы облысының 2002 жылға арналған бюджетінде көзделінген қаржының көлемінде, қолданылып жүрген заңдарға сәйкес тұрмысы төмен отбасыларына арнайы әлеуметгік көмек шындау жөне төлеу төртібін белгілейді
Тарау i. I. Жалпы Ереже
I. Жалпы Ереже
Тармақ 1.1
1.1. Тұрмысы төмен отбасыларына атаулы әлеуметтік көмек мына түрде көрсетіледі:
- үйінде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларға арналған әлеуметтік көмек;
- баланың тууына әлеуметтік көмек;
- жұмыс істеген азаматтар мен жұмыссыздарды жерлеуге әлеуметтік көмек.
Осы Ережеде көзделінген әлеуметтік көмектің аталған түрлерінің әрқайсысы отбасының алып отырған басқадай көмектеріне қарамастан тағайындалып төленеді.
Тармақ 1.2
1.2. Жұмыссыздар мен жұмыс істеген азаматтарды жерлеуге, үйінде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларға арналған әлеуметтік көмек
отбасының табысына қарамастан тағайындалып, төленеді.
Тармақ 1.3
1.3. Баланың тууына арналған әлеуметтік көмек отбасының жиынтық табысы жан басына шаққанда Алматы облысы бойынша тиісті тоқсанға бекітілген кедейшілік шегінен аспайтын отбасыларына тағайындалып төленеді.
Тармақ 1.4
1.4. Осы Ережеде көрсетілген арнайы әлеуметтік төлемдерді тағайындау алушылардың өтініші бойынша қажетті құжаттарын тапсырғанда, аудандық, қалалық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімдерімен жүргізіледі. Қабылданған өтініш жеке-жеке әрбір әлеуметтік көмектердің түрлеріне бөлініп, арнайы журналда реттік нөмірі мен түскен күні көрсетіліп тіркеледі. Өтініште жауапты адамның қолымен журналға сәйкес реттік нөмірі жөне тіркелген күні көрсетіледі.
Тармақ 1.5
1.5. Аудандық, қалалық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімдері баланың тууына, жұмыссыздар мен жұмыс істеген азаматтарды жерлеуге тағайындалған әлеуметтік көмектерді төлеу үшін облыстық еңбек, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына әр айдың 25-нен кешіктермей (бірінші басшының және бас бухгалтердің қолы қойылған) жазбаша тапсырыс береді.
Ал, үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларга тағайындалған әлеуметтік көмек туралы мөлімет ағымдағы тоқсанның соңғы айының 25-не дейін беріледі.
Тармақ 1.6
1.6. Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы келесі айдың 5-не дейін облыстық қаржы басқармасына қаржыландыру үшін жинақталған тапсырысты береді.
Тармақ 1.7
1.7. Арнайы әлеуметтік көмекті төлеу алушының жеке шотының деректері көрсетілген жазбаша өтініші бойынша өзі таңдаған екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының тиісті түріне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы бар ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 1.8
1.8. Халықтық банкінің филиалдары аудандық, қалалық еңбек, жұмыспен қамту жөне халықты әлеуметтік қорғау бөлімдерімен бірлесіп, төленген жәрдемақылардың сомасының салыстыру актісін жасап, есеп беру тоқсанынан кейінгі айдың 15-не дейін облыстық еңбек, жүмыспен қамту жөне халықты өлеуметтік қорғау басқармасына үсынады. ,
Тармақ 1.9
1.9. Облыстық еңбек, жүмыспен қамту жөне халықты өлеуметтік қорғау басқармасы облыстық Халық банкінің филиалымен бірлесіп салыстыру актісін есеп беру тоқсанынан кейінгі айдың 20-на дейін жасайды.
Тармақ 1.10
1.10. Аз қамтамасыз етілген отбасыларына берілетін арнайы әлеуметтік көмектің дұрыс тағайындалып төленуінің жауапкершілігі аудандық, қалалық еңбек, жұмыспен қамту жөне халықты әлеуметтік қорғау бөлімдеріне жүктеледі.
Тарау ii. II. Үйінде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балалары бар отбасыларына әлеуметтік көмек көрсету.
II. Үйінде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балалары бар отбасыларына әлеуметтік көмек көрсету.
Тармақ 2.1
2.1. Үйінде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балалары бар отбасыларына әлеуметтік жәрдемақы балалары 18 жасқа толғанша тағайындалады жөне төленеді.
Тармақ 2.2
2.2. Үйлерінде мүгедек балаларын тәрбиелейтін жөне оқытатын отбасыларына жәрдемақы ата-анасының біреуінің, немесе оның орнындағы адамның өтініші бойынша тағайындалады.
Тармақ 2.3
2.3. Жәрдемақыны тағайындау туралы өтініш тұрғылықты жердегі аудандық қалалық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөліміне тапсырылады.
Тармақ 2.4
2.4. Жәрдемақы облыстық психолого-дәрігерлік-ұстаздық комиссиясының анықтамасында көрсетілгендей, мүгедек баланы үйде төрбиелеуді жөне оқытуды қажет деп танылған сөттен бастап бір жылға тағайындалады және төмендегі құжаттарды ұсынғанда көрсетілген мерзім бойынша әр тоқсан сайын төленеді:
- баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі
- облыстық психолого-дәрігерлік-ұстаздық комиссиясының мүгедек баланы үйде тәрбиелеудің жөне оқытудың қажеттілігі туралы анықтамасы.
- Отбасы құрамын растайтын құжат (тұратын жерінен анықтама).
Тармақ 2.5
2.5. Алғашқы тағайындалған жағдайда, жәрдемақы өтініш берген
күннен бастап төленеді.
Тармақ 2.6
2.6. Жәрдемақы өткен тоқсанға айлық есептік көрсеткіштің бес есе мөлшерінде төленеді.
Тармақ 2.7
2.7. Алушы уақытында талап етпеген жәрдемақы сомалары, төлем тоқталған тоқсаннан бастап жаңартылады.
Тармақ 2.8
2.8. Дұрыс емес мәліметтерді ұсыну, жәрдемақы төлеміне әсер ететін жағдайларды жасырып қалу нөтижесінде артық төленген жәрдемақы сомалары алушыдан өндіріледі.
Тарау iii. III. Баланың тууына арналған әлеуметтік көмек көрсету
III. Баланың тууына арналған әлеуметтік көмек көрсету
Тармақ 3.1
3.1. Баланың тууына арналған әлеуметтік көмек аз қамтылған отбасыларына жағдай болған кезде біржолы айлық есептік көрсеткіштің 4 есе мөлшерінде тағайындалып төленеді.
Тармақ 3.2
3.2. Көмек ата-анасының біреуіне көрсетіледі. Олар болмаған жағдайда, немесе қайтыс болғанда, іс жүзінде баланы күтетін адамға беріледі.
Тармақ 3.3
3.3. Екі және одан көп бала туған жағдайда, біржолғы әлеуметтік көмек әр балаға тағайындалып, төленеді.
Тармақ 3.4
3.4. Әлеуметтік көмек тағайындалмайды және төленбейді:
- егер бала өлі туса;
- еңбекке жарамды әкесі жұмыс істемеген, оқымаған және жұмыссыз ретінде тіркелмеген жағдайда.
Тармақ 3.5
3.5. Баланың тууына әлеуметтік көмек көрсету үшін:
- өтініш
- тууы туралы анықтама
- отбасы қүрамы туралы анықтама
- отбасы мүшелерінің табысы туралы жұмысынан, қызметінен, оқу орнынан анықтама.
Тармақ 3.6
3.6. Бала тууына өлеуметтік көмек көрсетуге өтініш қажетті құжаттармен қоса тиісті жағдай болған күннен бастап үш ай ішінде қабылданады.
Тарау iv. IV. Жұмыс істеген азаматтарды және жұмыссыздарды жерлеуге әлеуметтік көмек көрсету
IV. Жұмыс істеген азаматтарды және жұмыссыздарды жерлеуге әлеуметтік көмек көрсету
4.1. Жұмыс істеген азаматтарды жөне жұмыссыздарды жерлеуге әлеуметтік көмек көрсету тиісті жағдайлар болған кезде отбасы мүшелеріне, немесе жерлеуді ұйымдастыруды өзіне алған адамға айлық есептік көрсеткіштің 10 есе мөлшерінде тағайындалып, төленеді.
4.2.Жерлеуге төленетін әлеуметтік көмекті тағайындауға және туыстарының, немесе жерлеуді ұйымдастырған адамның өтініші азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің берген қайтыс болу туралы негіз болып табылады.
4.3. Жерлеуге әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш тиісті жағдай күннен бастап, 6 ай ішінде қабылданады.