06 утверждении Правил и размеров оказания адресиой социальной помощи семьям, воспитывающим и обучающим на дому детей-инвалидов, а также малообеспеченным семьям на рождение ребенка, погребение работавших и безработных граждан Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.03.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Үйінде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балалары бар отбасыларына, аз қамтылған отбасыларына баланың тууына, жұмыс істеген азаматтар мен жұмыссыздарды жерлеуге атаулы әлеуметтік комек көрсетудің Ережесі мен мөлшерін бекіту туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы әкімінің 20.08.2003 № 8-87 шешімімен. Қазақстан Республикасының «Қазақстан республикасындағы мүгедектерді әлеуметNік қорғау туралы» Заңының 23 бабына сәйкес мүгедек балаларды жөне тұрмысы төмен азаматтарды қосымша әлеуметгік қолдау мақсатында облыс Әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Үйінде төрбиеленетін және оқитын мүгедек балалары бар отбасыларына, аз қамтылған отбасыларына баланың тууына, жұмыс істеген азаматтар мен жұмыссыздарды жерлеуге атаулы әлеуметгік көмек көрсетудің Ережесі мен мөлшері № 1 қосымшаға сөйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Атаулы әлеуметтік көмек кәрсету бекітілген Ережеге сәйкес 2002 жылға арналған облыстық бюджетте көрсетілген мемлекеттік атаулы көмекке бөлінген қаржы шеңберінде жүргізілсін.
Тармақ 3
3. Талдықорған, Текелі, Қапшағай қалалары мен аудан өкімдері үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балалары бар отбасыларына, аз қамтылған отбасыларына балан тууына, жұмыс істеген азаматтар мен жұмыссыздарды жерлеге атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің Ережесі мен мөлшері туралы халық арасында түсініктеме жұмыстарын жүргізсін.
Тармақ 4
4. Облыстық еңбек, жұмыспен қамту жөне халықты әлеуметгік қорғау басқармасы / Н.Д. Бөлекбаева/: -осы бекітілген Ережеге сәйкес тұрмысы төмен отбасыларына әлеуметтік көмектің барлық түрлерін уақтылы есептеу және тәлеу жұмыстарын қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Облыстық қаржы басқармасы /М.А. Сәтқалиев/ үйде тәрбиеленетін жөне оқитын мүгедек балалары бар отбасыларына, аз қамтылған отбасыларына баланың тууына, жұмыс істеген азаматтар мен жұмыссыздарды жерлеуге атаулы әлеуметтік көмек көрсету үшін дер кезінде қаражат бөлуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. Облыс Әкімінің 27 тамыз 1999 жылғы «Тұрмысы төмен отбасыларыиа бөсірелік әлеуметтік көмек көрсетудің уақытша Ережесін жөне мөлшерін бекіту туралы» № 8-261 шешімінің күші жойылған деп есептелсін.
Тармақ 7
7. Осы шешім облыстық Мәслихаттың бекітілуіне ұсынылсын.
Тармақ 8
8. Осы шешімнің орындалуына бақылау облыс Әкімінің орынбасары А.Ғ.Баталовқа жүктелсін.
Басқа 9
Облыс Әкімінің 2002 ж. наурыз «15» № 3-47 шешіміне № 1 қосымша Үйінде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балалары бар отбасыларына, аз қамтылған отбасыларына баланың тууына, жұмыс істеген азаматтар мен жұмыссыздарды жерлеуге атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің Ережесі мен мөлшері Осы Ереже облыстық Мәслихаттың 2002 жылғы 05 ақпандагы № 18-123 шешімімен бекітілген Алматы облысының 2002 жылға арналған бюджетінде көзделінген қаржының көлемінде, қолданылып жүрген заңдарға сәйкес тұрмысы төмен отбасыларына арнайы әлеуметтік көмек тағайындау және тәлеу тәртібін белгілейді
Тарау i. I. Жалпы Ереже
I. Жалпы Ереже
Тармақ 1.1
1.1. Тұрмысы төмен отбасыларына атаулы әлеуметтік көмек мына түрде көрсетіледі: - үйінде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларға арналған әлеуметтік көмек; -баланың тууына әлеуметтік көмек; - жұмыс істеген азаматтар мен жұмыссыздарды жерлеуге әлеуметтік көмек. Осы Ережеде көзделінген әлеуметтік көмектің аталған түрлерінің әрқайсысы отбасының алып отырған басқадай көмектеріне қарамастан тағайындалып төленеді.
Тармақ 1.2
1.2. Жұмыссыздар мен жұмыс істеген азаматтарды жерлеуге, үйінде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларға арналған әлеуметтік көмек отбасының табысына қарамастан тағайындалып, төленеді.
Тармақ 1.3
1.3. Баланың тууына арналған әлеуметтік көмек отбасының жиынтық табысы жан басына шаққанда Алматы облысы бойынша тиісті тоқсанға бекітілген кедейшілік шегінен аспайтын отбасьшарына тағайындалып төленеді. 1.4 .Осы Ережеде көрсетілген арнайы әлеуметтік телемдерді тағайындау алушылардың өтініші бойынша қажетті құжаттарын тапсырғанда, аудандық, қалалық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеүметтік қорғау бөлімдерімен жүргізіледі. Қабылданған өтініш жеке-реттік әрбір әлеуметтік көмектердің түрлеріне бөлініп, арнайы журналда реттік нөмірі мен түскен күні көрсетіліп тіркеледі. Өтініште жауапты адамның қолымен журналға сәйкес реттік нөмірі және тіркелген күні көрсетіледі.
Тармақ 1.5
1.5. Аудандық, қалалық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімдері баланың тууына, жұмыссыздар мен жұмыс істеген азаматтарды жерлеуге тағайындалған әлеуметтік көмектерді тәлеу үшін облыстық еңбек, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына әр айдың 25- кешіктермей (бірінші басшының және бас бухгалтердің қолы қойылған) жазбаша тапсырыс береді. Ал, үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларға тағайындалған әлеуметтік көмек туралы мәлімет ағымдағы тоқоанның соңғы айының 25-не дейін беріледі.
Тармақ 1.6
1.6. Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы келесі айдың 5-не дейін облыстық қаржы басқармасына қаржыландыру үшін жинақталған тапсырысты жібереді.
Тармақ 1.7
1.7. Арнайы әлеуметтік көмекті төлеу алушының жеке шотының деректері көрсетілген жазбаша өтініші бойынша өзі тандаған екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының тиісті түріне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы бар ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 1.8
1.8. Халықтық банкінің филиалдары аудандық, қалалық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімдерімен бірлесіп, төленген жәрдемақылардың сомасының салыстыру актісін жасап, есеп беру тоқсанынан кейінгі айдың 15-не дейін облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасына ұсынады.
Тармақ 1.9
1.9. Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы облыстық Халық банкінің филиалымен бірлесіп салыстыру актісін есеп беру тоқсанынан кейінгі айдың 20-на дейін жасайды.
Тармақ 1.10
1.10. Аз қамтамасыз етілген отбасыларына берілетін арнайы өлеуметтік көмектің дұрыс тағайындалып төленуінің жауапкершілігі аудандық, қалалық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімдеріне жүктеледі.
Тарау ii. II. Үйінде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балалары бар отбасыларына әлеуметтік көмек көрсету.
II. Үйінде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балалары бар отбасыларына әлеуметтік көмек көрсету.
Тармақ 2.1
2.1. Үйінде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балалары бар отбасыларына әлеуметгік жәрдемақы балалары 18 жасқа толғанша тағайындалады және төленеді. 2.2.Үйлерінде мүгедек балаларын тәрбиелейтін және оқытатын отбасыларына жәрдемақы ата-анасының біреуінің, немесе оның орнындағы адамның өтініші бойынша тағайындалады.
Тармақ 2.3
2.3. Жәрдішақыны тағайындау туралы өтініш тұрғылықты жердегі аудандық қалалық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөліміне тапсырылады.
Тармақ 2.4
2.4. Жәрдемақы облыстық психолого-дәрігерлік-ұстаздық комиссиясының анықтамасында көрсетілгендей, мүгедек баланы үйді тәрбиелеуді және оқытуды қажет деп танылған сәттен бастап бір жылғы тағайындалады және төмендегі құжаттарды ұсынғанда көрсетілген мерзімі бойынша әр тоқсан сайын төленеді: - баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі -облыстық психолого-дәрігерлік ұстаздық комиссиясының мүгедек баланы үйде тәрбиелеудің және оқытудың қажеттілігі туралы анықтамасы. - Отбасы құрамын растайтын құжат (тұратын жерінен анықтама).
Тармақ 2.5
2.5. Алғашқы тағайындалған жағдайда, жәрдемақы өтініп берген күннен бастап төленеді.
Тармақ 2.6
2.6. Жәрдемақы өткен тоқсанға айлық есептік көрсеткіштің бес есе мөлшерінде төленеді.
Тармақ 2.7
2.7. Алушы уақытында талап етпеген жәрдемақы сомалары, төлем тоқталған тоқсаннан бастап жаңартылады.
Тармақ 2.8
2.8. Дұрыс емес мәліметтерді ұсыну, жәрдемақы төлеміне әсер ететін жағдайларды жасырып қалу нәтижесінде артық төленген жәрдемақы сомалары алушыдан өндіріледі.
Тарау iii. III. Баланың тууына әлеуметтік көмек көрсету
III. Баланың тууына әлеуметтік көмек көрсету
Тармақ 3.1
3.1. Баланың тууына арналған әлеуметтік көмек аз қамтылған отбасыларына жағдай болған кезде біржолы айлық есептік корсеткіштің 4 есе мөлшерінде тағайындалып төленеді.
Тармақ 3.2
3.2. Көмек ата-анасының біреуіне көрсетіледі. Олар болмаған жағдайда, немесе қайтыс болганда, іс жүзінде баланы күтетін адамға беріледі.
Тармақ 3.3
3.3. Екі және одан көп бала туған жағдайда, біржолғы әлеуметтік көмек әр балаға тағайындалып, төленеді.
Тармақ 3.4
3.4. Әлеуметтік көмек тағайындалмайды және төленбейді: - егер бала өлі туса; - еңбекке жарамды әкесі жұмыс істемеген, оқымаған және жұмыссыз ретінде тіркелмеген жағдайда.
Тармақ 3.5
3.5. Баланың тууына әлеуметтік көмек көрсету үшін: -өтініш - тууы туралы анықтама - отбасы құрамы туралы анықтама - отбасы мүшелерінің табысы туралы жүмысынан, қызметінен, оқу орнынан анықтама.
Тармақ 3.6
3.6. Бала тууына әлеуметтік көмек көрсетуге етініш қажетті құжаттармен қоса тиісті жағдай болған күннен бастап үш ай ішінде қабылданады.
Тарау iv. IV. Жұмыс істеген азаматтар мен жұмыссыздарды жерлеуге әлеуметтік көмек
IV. Жұмыс істеген азаматтар мен жұмыссыздарды жерлеуге әлеуметтік көмек
Тармақ 4.1
4.1. Жұмыс істеген азаматтарды және жұмыссыздарды жерлеуге әлеуметтік көмек көрсету тиісті жағдайлар болған кезде отбасы мүшелеріне, немесе жерлеуді ұйымдастыруды әзіне алған адамға айлық есептік көрсеткіштің 10 есе мөлшерінде тағайындалып, төленеді.
Тармақ 4.2
4.2. Жерлеуге төленетін әлеуметтік көмекті тағайындауга төлеуге туыстарының, немесе жерлеуді ұйымдастырған адамның және азаматгық хал актілерін тіркеу бөлімінің берген қайтыс бол анықтамасы негіз болып табылады.
Тармақ 4.3
4.3. Жерлеуге әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш тиісті: болған күннен бастап, 6 ай ішінде қабылданады.