06 утверждении регламента аппарата акима Бородулихинского района Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.07.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Бородулиха ауданы әкімі аппаратының регламентін бекіту туралы Қазақстан Республикасының “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы” Заңының 38 бабына сәйкес және облыс әкімінің 2004 жылғы 21 сәуірдегі № 82 шешімінің негізінде ШЕШІМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. Бородулиха ауданы әкімі аппаратының қосарланған регламенті бекітілсін.
Тармақ 2
2. Аудан әкімінің 2002 жылғы 11 ақпандағы № 256 шешімінің күші жойылсын.
Тармақ 3
3. Регламенттің орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім мемлекеттік тіркеуді өткен күннен бастап күшіне енсін.
Басқа 5. Бородулиха ауданы әкімі аппаратының РЕГЛАМЕНТІ
Бородулиха ауданы әкімінің 200 ж «20» шілде № 4 шешіміне қосымша Бородулиха ауданы әкімі аппаратының РЕГЛАМЕНТІ
Тармақ 1
1. «Бородулиха ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі /бұдан әрі - аудан әкімінің аппараты/ Қазақстан Республикасының Заңнамасымен бекітілген тәрітпте аудан әкімімен құрылатын, Бородулиха ауданы әкімияты мен әкімінің іс-қимылдарын ақпараттық-аналитикалық, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырушы мемлекеттік орган болып табылады.
Тармақ 2
2. Аппаратты аудан әкімі құрады, таратады және қайта ұйымдастырады. Аппарат оның құрылымы мен штаттық саны туралы Ережені аудан әкімі Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген лимит шегінде бекітеді.
Тармақ 3
3. Аппарат өз іс-қимылында Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Зандарын, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік-құқықтық актілерін және осы регламентті басшылыққа алады.
Тармақ 4
4. Аппарат іс-қағаздарын жүргізу және аудан әкімияты мен әкімінің адресіне түсетін құжаттарды өндеу жалпы бөлімге «Әкімшілік процедуралар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы және іс қағаздарын жүргізу жөніндегі басқа да нормативтік актілер белгілеген тәртіпте жүктеледі.
Тармақ 5
5. Аудан әкімияты және аппаратының мүдделерін соттарда ұсыну және қорғауды, сондай-ақ, прокурорлық ден қою актілерін қарауды мемлекеттік- құқық бөлімі мүдделі құрылымдық бөлімдермен және мемлекеттік органдармен бірге жүзеге асырады.
Тармақ 6
6. Аудан әкімінің құзыретіне жататын кадр мәселелерін шешуді ұйымдастыру-кадр жұмысы және бақылау бөлімі «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы белгілеген тәртіпке сәйкес жүзеге асырады.
Тарау 2
Тармақ 2. 2. Жұмысты жоспарлау
2. Жұмысты жоспарлау
Тармақ 7
7. Аппараттың жұмысы перспективалық және ағымдағы жоспарларға сәйкес жүзеге асырылады. Перспективалық жоспарлар ұзақ мерзімге жасалады және оған Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік-құқықтық актілері негізінде әзірленген, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының мақсатты бағдарламаларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар енгізілген. Перспективалық жоспардың негізінде ағымдағы жоспар жасалады. Ағымдағы жоспар жылдық, жартыжылдық және тоқсандық жұмыс жоспарынан тұрады.
Тармақ 8
8. Аппарат бөлімдері әр тоқсанға арналған жұмыс жоспарын әзірлейді, оны тоқсанның соңғы айының 25-жұлдызынан кешіктірмей осы бөлімдерге жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы бекітеді. Бөлімдердің жұмыс жоспарларының көшірмесі осы мерзімде ұйымдастыру-кадр жұмысы және бақылау бөліміне беріледі. Аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы бөлім меңгерушілерінің бөлімдердің жұмыс жоспарларының орындалуы туралы есептерін тоқсан сайын тындайды.
Тармақ 9
9. Аудан әкімиятының отырыстарында қарау үшін мәселелер тізбесін ұйымдастыру-кадр жұмысы және бақылау бөлімі аудан әкімияты мүшелерінің, бөлім меңгерушілерінің, жергілікті бюджеттен қаржыландырьілатын атқарушы органдардың бірінші басшыларының ұсыныстары бойынша келесі жартыжылдыққа дейін он бес күн қалғанда жартыжылдыққа жасайды. Әкімият отырыстарында қарауға жоспарланатын мәселелер тізбесін аудан әкімі бекітеді. Жоспарланған мәселелердің бекітілген тізбесі әкімият мүшелеріне, атқарушы органдар басшыларына таратылады.
Тармақ 10
10. Әкімияттың отырыстарын дайындау және өткізу тәртібі әкімияттың регламентімен бекітіледі.
Тарау 3
Тармақ 3. 3. Әкімият отырыстарын дайындау және өткізу тәртібі
3. Әкімият отырыстарын дайындау және өткізу тәртібі
Тармақ 11
11. Әкімияттың іс-қимылдарын ақпараттық-аналитикалық, ұйымдастыру- құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді аппарат жүзеге асырады.
Тармақ 12
12. Әкімияттың іс-қимылдарын құжаттамалық қамтамасыз етуді құжат айналымы және азаматтарды қабылдау бөлімі жүзеге асырады.
Тарау 4
Тармақ 4. 4. Кіріс құжаттарын қарау және шығыс құжаттарын рәсімдеу
4. Кіріс құжаттарын қарау және шығыс құжаттарын рәсімдеу
Тармақ 13
13. Аппаратқа түсетін барлық құжаттарды жалпы бөлім қабылдайды және тіркейді. Ерекше жағдайларда өндірістік қажеттілікке байланысты аппарат қызметкері жалпы бөлімнен тыс қабылдаған құжат жалпы бөлімде шұғыл тіркелуі керек. Тіркелмейтін құжаттардың тізбесіне енгізілген, жалпы бөлім әзірлейтін және бөлім басшысы бекітетін құжаттардан басқа барлық құжаттар түскен күні тіркелуге жатады. Шатасып түскен құжаттарды жалпы бөлім олардың авторларына қайтарылады немесе бағыты бойынша жіберіледі.
Тармақ 14
14. Жалпы бөлім барлық пакеттерді («жеке өзіне» деген жазуы бар атаулардан басқа) ашады, оларда құжаттардың және оның қосымшаларының болуын тексереді, түскен құжаттардың нөмірлерінің конвертте көрсетілген нөмірлерге сәйкестілігін салыстырады. Егер адресат «жеке өзіне» деген жазуы бар конвертті ашқаннан кейін онда хат, өтініш, шағым немесе басқа қызметтік құжат болса, онда олар қаралғаннан кейін жалпы бөлімге тіркеуге берілуі тиіс. Егер жіберушінің мекен-жайын, жіберген немесе құжатты алған күнін тек конверт бойынша ғана анықтауға болатын болса, онда түскен құжаттардың конверттері сақталады.
Тармақ 15
15. Құжаттың бірінші бетінде түскен күнін және кіріс нөмірін көрсетумен тіркеу мөртабаны соғылады. Құжаттар белгіленген үлгідегі журналда тіркеледі. Бұдан әрі журналдарда құжаттардың жылжуы мен қаралуының бүкіл барысы көрсетіледі.
Тармақ 16
16. Жалпы бөлімде алдын ала белгі соғылғаннан кейін құжаттар қарауға аудан әкіміне, оның орынбасарларына, аппарат басшысына беріледі. Қаралған құжаттарды алғаннан кейін басшылықтың қарары тиісті журналға енгізіледі, содан соң құжаттар орындаушыларға қол қоюмен беріледі.
Тармақ 17
17. Құпия құжаттардың журанлы жеке жүргізіледі.
Тармақ 18
18. Қарар құжаттың бірінші бетінің мәтінінен бос жоғарғы жағына немесе белгіленген үлгідегі бланктерде жазылады. Қарарда негізгі тапсырма, орындау мерзімі және орындаушы белгіленеді. Егер тапсырма бірнеше адамдарға берілетін болса, бүкіл тапсырманы орындау үшін жауаптының аты-жөні бірінші жазылады. Тапсырмаларды дер кезінде орындау үшін жауапкершілікті қарарда көрсетілген барлық қызметкерлер бірдей атқарады. Құжатты орындағаннан кейін бөлім қызметкері оны бақылаудан алынғандығы туралы белгі соғу үшін жалпы бөлімге береді.
Тармақ 19
19. Бөлімдерде іс-қағаздарын осы міндеттер жүктелген қызметкерлер жүргізеді.
Тармақ 20
20. Құжаттарды бір бөлімнен екінші бөлімге беру тек жалпы бөлім арқылы қол қоюмен жүргізіледі.
Тармақ 21
21. Бөлімдер түсетін құжаттардың сипаты мен сапасына жүйелі талдау жасайды, өз құзыреті шегінде оның одан әрі жылжуын және қойылған мәселелерді шешуді белгілейді, қүжат айналымын қысқартуға шара қолданады.
Тармақ 22
22. Аппараттың бөлім меңгерушілеріне жетекшілік ететін салалар бойынша құжаттарды өз бетімен қарауға құқық беріледі, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың басшыларына тапсырма береді және олардан қажетті ақпараттар алады.
Тармақ 23
23. Құжаттарды әзірлеген кезде осы регламентті және басқа қолданылып жүрген ережелерді басшылыққа ала отырып, мемлекеттік өкімет билігі органдары мен басқармалардың, қоғамдық ұйымдардың, кәсіпорындардың, мекемелердің атауларын жазуда біркелкілікті сақату қажет.
Тармақ 24
24. Қызметтік құжаттардың (хаттар, баяндамалар, есептер және т.б.) қысқаша, түсінікті болуы және белгіленген үлгідегі банктерде (аппараттан тыс жерге жіберген жағдайда) басылуы қажет. Аппараттың ішінде хат алысу жағдайында бланктер пайдаланылмайды. Лауазымды адамға құжатты жіберген кезде жолданған жердің атауы атау септікте, ал адресаттың лауазымы мен тегі барыс септікте жазылады. Басқа қаланың адресіне жіберілетін құжатта оның атауынан кейін пошта индексі, облысы, қаласы (селосы), көшесі, үйінің нөмірі көрсетіледі. Егер құжат факсимильді байланыс бойынша жіберілсе, онда адресаттың факсимильді аппаратының нөмірі көрсетіледі.
Тармақ 25
25. Құжаттар төрт мекен жайдан артық жіберілмеуі керек. Құжатты төрт мекен жайдан артық жіберген кезде жіберу тізімі жасалады және әрбір құжатта тек бір ғана мекен жай көрсетіледі. Құжат жіберілетін адресат жалпы көрсетілуі мүмкін (мысалы, «селолық округтер мен кенттердің әкімдерін»),
Тармақ 26
26. Шығыс құжат белгіленген үлгідегі журнаддарда тіркеледі. Аудандық атқарушы органдарға, селолық округтер мен кенттердің әкімдеріне жіберілетін құжаттарға аудан әкімі аппаратының жетекшілік ететін бөлім меңгерушісі қол қойғаннан кейін, міндеттерді бөлуге сәйкес әкім, оның орынбасарлары немесе аппарат басшысы қол қояды. Қазақстан Республикасы Президжентінің Әкімшілігіне, қазақстан республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне жіберілетін құжаттарға ан әкімінің жетекшілік ететін орынбасары, аппарат басшысы қол іғаннан кейін, тек қана әкім немесе әкімнің міндеттерін атқару ктелген оның орынбасары қол қояды. Аудандық бюджттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың басшыларына, селолық округтер мен кенттердің әкімдеріне берілетін тапсырмаларға, нұсқауларға аудан әкімі, әкімнің орынбасарлары, аппарат басшысы олар жетекшілік ететін мәселелер бойынша міндеттерді бөлуге сәйкес қол қояды. Қол қою құрамына құжатқа қол қоятын адамның лауазымы, жедара қолы және оны анықтау енеді.
Тармақ 27
27. Әзірленетін құжатқа қысқаша тақырып қойылады. Хат қолдаухатқа жауап ретінде немесе сұрау салу ретінде жіберілетін барлық жағдайда мекен жайдың сол жағында осы қолдаухаттың немесе сұраудың нөмірі мен күні көрсетіледі (мысалы, 200_« » № ). Құжатқа (хатқа, анықтамаға, есепке, баяндамаға) қосымшалар оның мәтіннен кейін парақтары мен даналарын көрсетумен атап көрсетіледі.
Тармақ 28
28. Шығыс құжатында толық немесе қысқаша келтірілетін күні (жұлдызы, айы тіркеу нөмірі жазылуы керек. Күнінің қысқашасы анықтамаларда, баяндама жазбахаттарда қойылған қолдан кейін жазылады. Құжаттың шығыс нөмірі мынадай тәртіпте қойылады: бастапқысында оны әзірлеген аппараттың құрылымдық бөлімшенің индексі, бұдан соң сызық арқылы шығыс құжатының реттік нөмірі (мысалы «9/163») көрсетіледі. Құрылымдық бөлімшелердің индекстерін жалпы бөлім әзірлейді және ны аппарат басшысы бекітеді. Шығыс құжатын әзірлеген орындаушының тегі, оның қызметтік телефон нөмірі құжаттың соңғы парағының сыртына жазылады (мысалы, аты-жөні, Фамилиясы, тел: 2-10-31).
Тармақ 29
29. Телеграфпен, телефакспен, телеспен хат жазысу тек жедел сипаттағы «әселелер бойынша жүргізіледі. Шығыс жеделхаттарын тіркеу ағымдағы құжаттар сияқты жүргізіледі. Факс байланысы бойынша құжаттарды жіберу аппарат басшысының рұқсатымен жүргізіледі.
Тармақ 30
30. Жеделхаттар екі данада басылады және оған орындаушы бұрыштама соғады, аудан әкімі, әкім орынбасарлары, аппарат басшысы қол қояды. Қол койылғаннан кейін жеделхаттар жіберу үшін жалпы бөлімге беріледі. Мәтіні бірдей жеделхаттарды бірнеше мекен жайға жіберу қажеттігі туғанда орындаушы оны адресаттардың санына қарай көбейтеді. Мұндай жеделхаттарда әр данасына жеке мекен жай мәліметтерімен бірге тек бір гана бағыт пункті көрсетіледі. Адресаттарды жалпы көрсетуге жол беріледі (мысалы, «селолық округтер мен кенттердің әкімдеріне»), жеделхатқа аппарат басшысы куәләдырылған, жіберілуі көрсетілген қосымша беріледі. Жоғарыда көрсетілген талаптарды бұзумен ресімделген жеделхаттарды жалпы бөлім жіберуте қабылдамайды. Арнайы байланыс органдары арқлы жіберілетін жеделхаттарды жіберу тәртібі арнайы нұсқаумен белгіленеді.
Тармақ 31
31. Шығыс құжаттарын жіберуге аппараттың құрылымдық бөлімшелерінің мамандары әзірлейді. Мамандар жіберуге әзірленген құжаттарды, олардың көшірмелерін -адресаттардың саны және аппарат басшысы бекіткен жіберу көрсеткіші бойынша (төрт мекен жайдан артық жіберу кезінде) жалпы бөлімге жіберу үшін береді. Жалпы бөлімсіз құжаттарды жіберуге тыйым салынады.
Тармақ 32
32. Факс байланысы арқылы құжаттарды жіберу кезінде орындаушы факс байланысы аппаратының нөмірін айқын көрсетуі, түпнұсқаны жалпы бөлімге тапсыруы тиіс. Жіберілгеннен кейін түпнұсқа жіберілгендігі туралы белгі соғумен орындаушыға қайтарылып беріледі.
Тармақ 33
33. Жалпы бөлімде жіберу алдында шығыс құжаттарын ресімдеудің дұрыстығы тексеріледі. Дұрыс ресімделмеген құжаттар түзету үшін орындаушыларға қайтарылады. Құжаттарды жібергеннен кейін жалпы бөлім журналға жіберілгендігі туралы белгі соғады. Құжаттарды дұрыс емес мекен-жай бойынша жібергені үшін жауапкершілікті орындаушы атқарады.
Тармақ 34
34. Басқа қаладан келген құжаттар тізілімге енгізіледі. Жергілікті құжаттар қолхат арқылы тарату кітабына қол қою арқылы беріледі. Құжаттарды жіберуге арналған тізілім, тарату кітаптары жыл бойы жалпы бөлімде сақталады.
Тарау 5
Тармақ 5. 5. Бородулиха ауданы әкімінің шешімдері мен өкімдері жобаларын әзірлеу, ресімдеу және келісу тәртібі
5. Бородулиха ауданы әкімінің шешімдері мен өкімдері жобаларын әзірлеу, ресімдеу және келісу тәртібі
Тармақ 35
35. "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабының 3-тармағына сәйкес аудан әкімі нормативтік-құқықтық сипаттағы, шешімдер мен әкімшілік-өкімдік, оперативтік және жекедара сипаттағы мәселелер бойынша өкімдер шығарады.
Тармақ 36
36. Аудан әкімінің адресіне ол тиісті шешім қабылдау үшін үсыныстарды атқарушы органдар мәселені шешу аудан әкімінің құзыретіне жататын жағдайда енгізеді.
Тармақ 37
37. Аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің жобаларын (бұдан әрі - жобалар) әзірлеуді аппарат бөлімдері мен атқарушы органдар Қазақстан Республикасының Конституциясы негізінде және орындау үшін және "Нормативтік-құқықтық актілер туралы", "Әкімшілік процедуралар туралы" Қазақстан Республикасының Зандарына сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 38
38. Жобалар мемлекеттік және орыс тілдерінде мүдделі органдармен келісумен бірінші басшының немесе оны ауыстыратын адамның қол қоюымен беріледі. Жобаларға "ескертулермен" келісу болған кезде жобалармен келіспеушілік туралы қажетті түсініктемесі бар, бірінші басшы немесе оны ауыстыратын адам қол қойған анықтама беріледі. Жобаларды әзірлеуге қатысушы органдар арасында келіспеушілік туған кезде аудан әкімінің орынбасары, аппарат басшысы немесе оның орынбасары кеңес шақыра алады, оның нәтижелері хаттамамен ресімделеді. Келіспеушілікті жойған кезде тиісті орган белгіленген мерзімде жобаны пысықтайды және оны қол қоюга береді. Талқыланатын мәселе бойынша келісім болмаган жағдайда аудан әкімінің орынбасары, аппарат басшысы бұл жөнінде аудан әкіміне немесе оны ауыстырушы адамға ақыргы шешім қабылдау үшін хабарлайды.
Тармақ 39
39. Жобаларды дер кезінде (аудан әкімі жобаны беру мерзімін белгілеген жағдайда), сапалы әзірлеу және аппаратқа беру үшін, сондай-ақ жобалар мәтіндерінің мемлекеттік және орыс тілдерінде сай келуі үшін жауапкершілікті оны әзірлеуші органның бірінші басшысы атқарады.
Тармақ 40
40. Аудан әкімінің аппаратына түскенге дейін жобалар міндетті түрде төмендегі аталғандармен келісіледі:
Тармақша 1
1) мүдделі атқарушы органдармен олардың қүзыретіне қарай, мұнымен қатар жобамен келісуге мүдделілік мәселені қараудың мәні негізінде белгіленеді;
Тармақша 2
2) ауданның қаржы бөлімімен — жобаны қаржыландырудың мақсаттылығы және оны қаржыландырумен қамтамасыз ету мәселелері бойынша;
Тармақша 3
3) аудандық экономика бөлімімен — экономикалық мақсаттылық және елді және ауданды экономикалық және әлеуметтік дамыту жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес келу мәселелері бойынша.
Тармақ 41
41. Жобаны әзірлеуші мүнымен бірге келісуге жобаның көшірмелерін барлық мүдделі атқарушы органдарға жібереді. Атқарушы органдарда келісу мерзімі бір мезгілде есептеледі және жоба түскеннен және тіркелгеннен бастап үш жұмыс күнінен аспуы тиіс. Аудан әкімінің, оның орынбасарларының тапсырмалары бойынша шешімді неғүрльгм шұғыл қабылдау мақсатында жобаға атқарушы органдардың басшылары немесе лауазымды адамдар (лауазымы бойынша басшының орынбасарынан төмен болмауы тиіс) кеңестерде (отырыстарда) бүрыштама соғуы абзал. Мұнымен қатар аталған лауазымды адамдар өздері соққан бұрыштамалар туралы тиісті атқарушы органның бірінші басшысына баяндауы қажет. Келісуге жоба көшірмесін алған кезде атқарушы органдар басқа мүдделі органның жобаға бүрыштама соғуын талап етпеуі қажет, сондай-ақ басқа формальді себептер бойынша келісуден бас тартпауы тиіс. Келісуші орган заңнамаға сәйкес өзінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша өзінің келіспейтіндігін білдіруге құқылы.
Тармақ 42
42. Жобаны қорғау қорытындылары бойынша келісуші орган әзірлеушіге бірінші басшының немесе оны ауыстырушы адамның қол қоюымен жауаптың мынадай вариантын беруі қажет:
Тармақша 1
1) жоба өзгертулерсіз келісілді (жобадағы бүрыштама);
Тармақша 2
2) жоба ескертпелермен келісілді (жобадағы "ескертпелермен" бұрыштама, бұлар қоса берілуі тиіс);
Тармақша 3
3) "жобаға келісуден бас тартылды" (бас тартудың себептері көрсетіліп қоса беріледі).
Тармақ 43
43. Келісу мерзімдері аяқталғаннан кейін жобаны әзірленуші мүдделі органдардың барлық үсыныстарын (ескертпелерді жояды) жобаның ақырғы вариантын әзірлеген кезде әзірлеуші атқарушы органдардың ескертпелерін оның келісуімен міндетті түрде жояды. Жобаны әзірлеуші жобаны аппаратқа енгізген кезде түсіндірме хатта осы жобада мүддесі қозғалатын органның бұрыштама соғуы не себепті жоқтығының (осындай факті болғанда) себептерін міндетті түрде көрсетеді, мұнымен қатар енгізілген материалдарға келісу үшін оны тиісті органға берілгендігін дәлелдейтін құжаттың көшірмесі қоса беріледі. Осындай дәлелдеушілік болмаған жағдайда жоба келісу үшін мүдделі органға жіберілген жоқ деп саналады. Әзірлеуші жобаға түсініктеме қағазды міндетті түрде қоса береді, онда осы жобаны қабылдау қажеттілігі негізделеді, әлеуметтік- экономикалық салдары көрсетіледі, оны қабылдаған жағдайда оны жүзеге асыруға байланысты болатын қаржылық шығындар, сондай-ақ аудан әкімінің қандай актілері осы мәселе бойынша бұдан бұрын қабылданғандығы және олар қалай орындалғандығы баяндалады. Қажет болған жағдайда аудан әкімінің, оның орынбасарларының немесе аппарат басшысының нұсқауы бойынша жоба қосымша келісуге жіберілуі мүмкін.
Тармақ 44
44. Жоба аудан әкімінің тиісті бланкінде "Нормативтік қүқықтық актілер туралы" және "Әкімшілік процедуралар туралы", "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы" Қазақстан Республикасы Зандарының талаптарын сақтай бтырып, "Windows" операциялық жүйенің "Word" бағдарламасында мынадай параметрлерді ескеріп басылады:
Тармақша 1
1) солжақтағы алаңқай — 3 см; оңжақтағы алаңқай — 1,5 см; жоғарғы, төменгі алаңқай және колонтитулдары — 2,5 см;
Тармақша 2
2) шрифт "Агіаl", шрифт өлшемі — 14 (қосымшаларда кіші өлшем қолданылуы мүмкін, бірақ 10-нан кіші емес);
Тармақша 3
3) жоларалық интервал — жалғыздылық, жаңа жолдық шегініс (бірінші жолдың шегінуі) — 1,25 см., тақырып пен. мәтін, мәтін мен қол қою арасындағы интервал — 2 жол;
Тармақша 4
4) шешімдер мен өкімдердің беттері және оларға қосымшалар нөмірленуі қажет, мүнымен бірге әрбір қосымша үшін беттердің жеке нөмірлері болуы тиіс (беттерді нөмірлеу беттің ортасы бойынша жоғарыда араб цифрларымен нүктесіз жүргізіледі, бірінші бет нөмірленбейді);
Тармақша 5
5) тақырыбы, лауазымы және қойылған қолды айқындау, ал шешімдерде "ШЕШЕМІН" сөзі қара шрифтпен ерекше көрсетілуі тиіс.
Тармақ 45
45. Егер жобаға қосымша (шығаратын акті) болса, онда оларға жобаны енгізген мемлекеттік органның басшысы бүрыштама соғуы тиіс. Жобаның қысқаша атауы болуы тиіс, ол құжаттың мазмүнын ашуы қажет. Тармақтар маңыздылығы бойынша логикалық тәртіпте орналастырылуы қажет және бір-біріне қайшы келмеуі қажет. Мәтінде үйымдардың, мекемелердің атауы қысқартуға жол берілмейді. Соңғы тармақ бақылауды көрсетеді (кімге жүктеледі, мерзімі, бақылау нысаны). Зандардың, Жарлықтардың, қаулылардың, шешімдердің, өкімдердің негізінде және орындау үшін жасалған жоба соларға сүйенуі керек. Шешімдер мен өкімдерді ресімдеуге бақылау жасауды жалпы бөлім жүзеге асырады.
Тармақ 46
46. Аппаратқа сараптау үшін енгізілетін жоба жалпы бөлімде тіркеудің алдында жалпы бөлімнің қызметкерлері оның іс-қағаздар жүргізу талаптарына және осы регламентке сай келетіндігін тексереді.
Тармақ 47
47. Енгізілетін жобалардың аталған қүжаттардың талаптарына сай келмейтіндігі -жағдайында аппараттың жалпы бөлімі оларды тіркеусіз әзірлеушілерге қайтарып беруге құқылы. Аталған талаптарға сай келгенде жоба жалпы бөлімде тіркеледі.
Тармақ 48
48. Жалпы бөлімде тіркелгеннен кейін жоба аудан әкімі аппаратының мдерінде сараптаудан өтеді: жалпы бөлімде — жоба мәтіндерінің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі тектестігіне, жобаның іс-қағаздарын жүргізу талаптарына сай келетіндігі; мемлекеттік-қүқық бөлімінде — жобаның Қазақстан Республикасының заңнамасына сай келетіндігіне; ұйымдастыру-кадр жүмысы және бақылау бөлімінде — ұсынылатын жобаны орындау үшін бақылау жасауды жүзеге асыру қажеттілігін, осы мәселелер бойынша бүрын қабылданған актілерді қайталауға жол бермеуге.
Тармақ 49
49. Аудан әкімінің аппараты сараптауды жүргізудің барысында жобаны на негіздер бойынша пысықтау үшін қайтарып беруге құқылы: жоба мәтіндерінің мемлекеттік және орыс тілдерінде тектес еместігі, іс қағаздарын жүргізу талаптарына сай келмейтіндігі; жобаның Қазақстан Республикасының заңнамасына сай келмейтіндігі; осы мәселелер бойынша бұрын қабылданған актілерді қайталайтындығы; жобаны осы регламенттің талаптарын бүзумен ұсынуы. Басқа себептер бойынша сараптамалық теріс қорытынды жобаны йтарып беруге негіз бола алмайды. Жобаларды аудан әкімінің орынбасарларыда келісу міндеттерді бөлісуте әйкес жүзеге асырылады. Оларда мазмұнды сипатта ескертпелер туған ағдайда аудан әкімінің орынбасарлары қажет болғанда кеңес шақырады, ның нәтижелері хаттамамен ресімделеді. Аудан әкімінің аппаратында сараптаудан өткізілгеннен кейін жобаға аппарат басшысы бұрыштама соғады және ол шешім қабылдау үшін аудан әкіміне немесе оны ауыстыратын адамға баяндайды.
Тармақ 50
50. Шешімдер мен өкімдерге аудан әкімі қол қояды. Қол қойылғаннан кейін актілердің түпнүсқаларына түзетулер енгізуге болмайды.
Тармақ 51
51. Аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдері қол қойылғаннан кейін жалпы бөлімде тіркеледі. Бұл үшін жалпы бөлімге мыналар беріледі:
Тармақша 1
1) қол қойылған түпнұсқа қосымшаларымен; анықтама-негіздеме;
Тармақша 2
2) "Word"-қа мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған мәтін және барлық қосымшалармен дискет;
Тармақша 3
3) атқарушы толтырған жіберу парағы әрбір жағдайда құжатты жіберудің шын мәніндегі қажеттілігі және қай адресатқа болсын оның неше дана жіберілгендігі тыңғылықты тексеріледі. Жіберу парағын аппарат басшысы бекітеді;
Тармақша 4
4) осы жобаны қабылдау қажеттілігін, оны қабылдаған жағдайда әлеуметтік-экономикалық салдарын, оны жүзеге асыруға байланысты болатын қаржылық шығындарды негіздеумен түсініктеме қағазы, сондай ақ, аудан әкімінің осы мәселе бойынша бұрын қабылдаған актілері, және олар қалай орындалғандығы туралы анықтама;
Тармақша 5
5) осы мәселеге қатысты бастапқы құжаттар Аудан әкімінің куәләндырылған шешімдері мен өкімдерін аудан әкімі аппаратының жалпы бөлімі аппарат басшысы бекіткен жіберу парағына сәйкес жібереді.
Тармақша 6
6) Аудан әкімінің жалпы міндетті маңызы бар, ведомствоаралық сипаттағы, азаматтардың құқықтарына, бостандығы мен міндеттеріне жататын барлық актілері әділет органдарында тіркеуге, аудан әкімі ресми жариялау үшін белгілеген бүқаралық ақпарат құралдарында міндетті түрде жариялауға жатады. Жариялау үшін актілерді аудан әкімінің баспасөз қызметі жүзеге асырады. Жалпы бөлім аудан әкімінің әділет органдарында тіркелуге жататын актілерін мемлекеттік тіркеуден кейін адресаттарға жібереді. Аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің түпнүсқалары аудан әкімі аппаратының жадпы бөлімінде сақталады. Құжаттарды дер кезінде шығару мен адресаттарға жіберуге жауапкершілікті аудан әкімі аппаратының жалпы бөлімінің меңгерушісі атқарады.
Тармақ 52
52. Жалпы бөлім арнайы тіркеу-регистр журналында әкімияттың және аудан әкімінің нормативтік-құқықтық актілерінің мониторингін жүргізеді.
Тармақ 53
53. Аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерінің бұрын жіберілген даналарын техникалық қателер жағдайында ауыстыруды жалпы бөлім тек аудан әкімі аппаратының басшысының рұқсатымен жүргізеді. Бүл жағдайда бастапқыда жіберілген қүжаттар аудан әкімі аппаратының жалпы бөліміне кері қайтарылуы тиіс.
Тармақ 54
54. Аудан әкімі қабылдаған актілерді есепке алу мен жүйеге келтіруді аудан әкімі аппаратының жалпы бөлімі жүзеге асырады.
Тармақ 55
55. Мүдделі адамдарға аудан әкімі қабылдаған нормативтік актілермен, мемлекеттік құпиясы бар немесе заң қорғайтын қүпиясы бар актілерден басқа, танысу үшін рұқсат беру аудан әкімі аппаратының басшысы белгілеген тәртіпте жүзеге асырылады.
Тарау 6. 6. Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, Премьер- Министрінің актілерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің, Премьер-Министрінің, оның орынбасарларының және Президент Әкімшілігі басшысының, Премьер-Министр Кеңсесі Басшысының тапсырмалары бар құжаттарды, сондай ақ, облыс, аудан әкімиятының қаулыларын, облыс, аудан әкімінің шешімдерін, өкімдерін, тапсырмаларын орындауды бақылау мен тексеруді ұйымдастыру тәртібі
6. Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, Премьер- Министрінің актілерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің, Премьер-Министрінің, оның орынбасарларының және Президент Әкімшілігі басшысының, Премьер-Министр Кеңсесі Басшысының тапсырмалары бар құжаттарды, сондай ақ, облыс, аудан әкімиятының қаулыларын, облыс, аудан әкімінің шешімдерін, өкімдерін, тапсырмаларын орындауды бақылау мен тексеруді ұйымдастыру тәртібі
Тармақ 56
56. Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, Премьер- Министрінің актілерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің, Премьер-Министріні, оның орынбасарларының және Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының, Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының тапсырмалары бар қүжаттарды және аудан әкімияты мен әкімінің нормативтік-құқықтық актілерін орындау мен бақылауды үйымдастыру Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінің нормативтік актілерімен осы мәселе бойынша жүзеге асырылады және Қазақстан Республикасы Президентінің ' , Үкіметінің, аудан әкімінің, әкімиятының актілерін бақылауға қою, орындау барысына бақылау жасау, орындау мерзімін (қажет болғанда) үзарту, бақылуадан алу, аудан әкімінің аппараттарында, бөлімдерінде, басқармаларында міндетті түрде орындау тәртібі белгіленеді.
Тармақ 57
57. Бақылауға алынған қүжаттарды орындау мерзімдерінде бақылау жасау жөніндегі ұйымдастыру және аналитикалық жүмысты ұйымдастыру-кадр жұмысы және бақылау бөлімі жүзеге асырады, ол бекітілген тәртіпте атқарушылық тәртіп мәселелері бойынша аудан әкіміне ақпарат береді.
Тармақ 58
58. Бақылауға мыналар алынады:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Президентінің аудан әкіміне тапсырмалар берілетін актілері;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары мен хаттамалық шешімдері, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің аудан әкіміне тапсырмалар берілетін өкімдері;
Тармақша 3
3) Президенттің, Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының Президент әкімшілігі басшысының, Премьер-Министр Кеңсесі Басшысының орындау мерзімдері көрсетілген тапсырмалары;
Тармақша 4
4) облыс әкімияты мен әкімінің атқарушы органдардың басшыларына тапсырмалар берілген актілері
Тармақша 5
5) облыс әкімінің кеңестерде берген тапсырмалары;
Тармақша 6
6) облыс әкімінің азаматтардың өтініштері бойынша берген тапсырмалары
Тармақша 7
7) аудан әкімияты мен әкімінің аудандық атқарушы органдарының басшыларына тапсырмалар берілген актілері;
Тармақша 8
8) аудан әкімінің кеңестерде, аудан бойынша сапарларында берген тапсырмалары;
Тармақша 9
9) аудан әкімінің азаматтардың өтініштері бойынша берген тапсырмалары.
Тармақ 59
59. Бақылауға алынган құжаттар аудан әкімінің орынбасарларына және аппараттың құрылымдық бөлімдеріне оның қарарына сәйкес аудан әкімі орынбасарларының тапсырмасы бойынша бекітіліп беріледі.
Тармақ 60
60. Аппараттың құрылымдық бөлімдерінің басшылары осы бөлімге бекітіліп берілген әрбір бақылауға алынған құжат бойынша қызметкерді белгілейді (бұдан әрі - орындаушы), оган құжатты толық немесе оның жеке бөлімдерін орындауға бақылау жасау жүктеледі.
Тармақ 61
61. Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, облыс әкімияты мен әкімінің, аудан әкімияты мен әкімінің қарарында белгіленген лауазымды адамдарға жүктеледі. Нормативтік-өкімдік актілерді орындау үшін бақылау жасауды ұйымдастыруға жауапкершілікті аппарат басшысы, ұйымдастыру-кадр жұмысы және бақылау бөлімі, аудан әкімінің орынбасарлары белгілеген аппараттың жауапты қызметкерлері, аудан бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың басшылары атқарады.
Тармақ 62
62. Мемлекет басшысының жеке тапсырмаларын барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар белгілеген мерзімде орындауы шарт.
Тармақ 63
63. Қазақстан Республикасы Президентінің, Премеьер-Министрінің, оның орынбасарларының хаттамамен ресімделген тапсырмаларын, Парламент депутаттарының сұрауларын, аудан әкімінің қызметтік хатжазысу жөніндегі тапсырмаларын орындаудың барысына бақылау жасауды жалпы бөлім жүзеге асырады.
Тармақ 64
64. Барлық тапсырмалар жалпы бөлімде тіркеледі, онда оларға екі данада бақылау журналдары толтырылады: бірінші данасы орындаушыға жіберіледі, екіншісі — жалпы бөлімде қалады.
Тармақ 65
65. Жалпы бөлім апта сайын тапсырмаларды орындау барысына талдау жасайды.
Тармақ 66
66. Тапсырмаларды орындау мерзімін ұзарту, оларды бақылаудан алу тәртібі Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі, аудан әкімияты мен әкімі актілері үшін (67,68 тармақтарды қараңыз).
Тармақ 67
67. Қазақстан Республикасының Президенті және Үкіметінің актілері мен тапсырмаларын орындаудың барысы туралы ақпаратты ұйымдастыру-кадр жұмысы және бақылау бөлімі әзірлейді және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысына, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ұйымдастыру-бақылау бөліміне белгіленген мерзімдерде жібереді.
Тармақ 68
68. Аудан әкімінің құзырына жататаны - кадр мәселелерін шешу "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі № 453-1 Заңына, "Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 10-желтоқсандағы № 494-1 Заңына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік істері жөніндегі Агенттігі белгілеген тәртіп және ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.
Тарау 7. 7. Кадр мәселелерін шешу
7. Кадр мәселелерін шешу
Тармақ 69
69. Аудан әкімінің орынбасары бақылау жүргізуді жүктеген бөлімдерде әрбір бақылауға алынған актінің, қүжаттың көшірмелері, бақылау карточкасы, қүжатты орындау бойынша іс-шаралар және құжаттың әр бір тармағы бойынша орындау барысы туралы ақпарат сақталатын жинақтау папкасы қалыптастырылады.
Тармақ 70
70. Саяси мемлекеттік қызметшілерге жататын лауазымды адамдарды (аудан әкімінің бірінші орынбасарын, аудан әкімінің орынбасарларын, аудан әкімі аппаратының басшысын, селолық округтер мен кенттердің әкімдерін) тағайындауды және босатуды аудан әкімі заңнамада белгілеген тәртіпке сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 71
71. Мемлекеттік қызметке қабылдау аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-кадр жұмысы және бақылау бөлімі арқылы "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігі белгілеген тәртіп және ережелерге сәйкес, сондай-ақ аудан әкімінің кадр мәселелері жөніндегі шешімдерімен, өкімдерімен жүзеге асырылады.
Тармақ 72
72. Ұйымдастыру-кадор жұмысы және бақылау бөлімі:
Тармақша 1
1) аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерін, аудан әкімі аппараты басшысының мемлекеттік қызметшінің мемлекеттік қызметтен өтуіне байланысты бұйрықтарын ресімдейді, қызметшілердің жеке ісісн жүргізеді, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік тізіміне (еңбек кітапшасына) қажетті жазулар енгізеді. Шектеуді қабылдағаны туралы мемлекеттік қызметшінің келісімін жазбаша түрде бекітеді және шектеулерді сақтауға бақылау жасайды;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша басқармасына беру үшін бос мемлекеттік қызметтердің тізімін, бос қызметтердің орнын толтыруға тапсырыс әзірлейді. Мемлекеттік қызметтің әкімшілік лауазымынан үміткерлердің қүжаттарын арнайы тексеруден өткізуге ресімдейді;
Тармақша 3
3) Кадрлер резервін құрады, саяси қызметшілердің бос орнына кандидаттарды аудан әкімімен келіседі;
Тармақша 4
4) Мемлекеттік қызметкерлерді оқытуды, қайта даярлауды, біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне және Премьер- Министрдің Кеңсесіне кадрлар жөнінде есеп береді:
Тармақ 73
73. Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың басшыларын Қазақстан Республикасының конкурс жариялаған тиісті министрліктері, агенттіктері және ведомстволары тағайындайды: Конкурстық комиссияның құрамына Қазақстан Республикасының министрліктерімен, агенттіктерімен және ведомстваларымен келісім бойынша аудан әкімінің өкілі енгізіледі.
Тармақ 74
74. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдар басшыларыньің орынбасарларын, құрылымдық бөлімдердің бастықтарын осы органдардың бірінші басшылары тағайындайды. Аудан әкімінің өкілі конкурстық комиссияның отырыстарына қатысады.
Тармақ 75
75. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың бірінші басшыларының бос орнына, сондай ақ аудан әкімі аппаратының құрылымдық бөлімдері басшыларының бос орнына орналасу үшін аудан әкімі конкурс жариялайды. Аппараттың Д-4, Д-5, Д-6 санаттағы мемлекеттік қызметшілердің бос әкімшілік лауазымдарына орналасу үшін аудан әкімі аппаратының басшысы конкурс жариялайды. Конкурстық комиссия отырысының қорытнды шешімі негізінде аудан әкімі жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың бірінші басшыларын, аудан әкімі аппаратының бөлім меңгерушілерін тағайындайды. Аудан әкімі аппаратының Д-4, Д-5, Д-6 санаттағы мемлекеттік қызметшілердің бос әкімшілік лауазымына тағайындау конкурстық комиссияның" шешімі негізінде аудан әкімі аппараты басшысының бүйрығымен жүзеге асырылады.
Тармақ 76
76. Селолық округтер мен кенттердің әкімдерінің орынбасарларын, қүрылымдық бөлімдер бастықтарын конкурс жариялаған селолық окруттер мен кенттердің әкімдері жоғарыда түрған органмен келісім бойынша тағайындайды. Конкурстық комиссияның қүрамныа аудан әкімінің өкілі енеді.
Тармақ 77
77. Селолық округтер және кенттер әкімдерін лауазымға тағайындау және лауазымнан босату Қазақстан Республикасы Президенті тиісті тәрттіпті қабылдағанға дейін селолық округтер мен кенттердің әкімдері аудан әкімімен келісім бойынша жүзеге асырады.
Тарау 8
Тармақ 8. 8. Аудан әкімінің аппаратында ішкі тәртіпті ұйымдастыру
8. Аудан әкімінің аппаратында ішкі тәртіпті ұйымдастыру
Тармақ 78
78. Қызметтік куәлігін ұсыну бойынша аудан әкімі аппаратының ғимаратында мыналар өтеді:
Тармақша 1
1) аудан әкімі аппаратының және аудан әкімі аппаратының ғимаратында болып табылатын мемлекеттік органдардың қызметкерлері;
Тармақша 2
2) орталық атқарушы және өкілді органдардың қызметкерлері;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы Парламентінің, облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттардың депутаттары;
Тармақша 4
4) Аудандық мемлекеттік органдардың басшылары
Тармақша 5
5) әкімият отырыстары және басқа іс-шаралар күндерінде жалпы бөлім меңгерушісінің қол қоюымен тізім бойынша.
Тармақ 79
79. Аудан әкімінің лауазымды адамдарды қызметтік мәселе бойынша қабылдауы туралы мәселені оның көмекшісі немесе аудан әкімі аппаратының басшысы шешеді.
Тармақ 80
80. Аудан әкімі орынбасарының тапсырмасы бойынша аппарат бөлімдерінің қызметкерлері келушілер туралы кезекшіге жазбаша немесе телефон арқылы хабарлайды. Болғандығы туралы белгіні тек басқармалар, бөлімдер бастықтары және аудан әкімі аппаратының бөлім меңгерушілері соғады.
Тармақ 81
81. Осы регламентте басқасы көзделмеген жағдайларды келушілермен кездесу туралы шешімді аудан әкімі орынбасарының жеке өзі, әкімнің көмекшісі, аудан әкімі аппаратының басшысы, бөлім меңгерушілері қабылдайды.
Тармақ 82
82. Болу уақыты: жүмыс күндері сағат 9.00-ден 13.00-ге және сағат 14.00-ден 18.00-ге дейін. 8З. Аудан әкімі аппаратының лауазымды адамдары айына кемінде бір рет азаматтарды жеке өздері қабылдауды жүргізулері қажет. Қабылдау белгіленген күндерде және сағатта жүргізілуі тиіс. Егер лауазымды адамдар өтінішті немесе шағымды қабылдау кезінде шеше алмаса, олар жазбаша түрде баяндалады және олармен хат арқылы өтінішпен жүмыс істегендей жұмыс істеледі.
Тармақ 84
84. Аудан әкімі азаматтарды әр айдың бірінші дүйсенбі сәрсенбісінде қабылдайды, аудан әкімінің орынбасарлары және әкім аппаратының басшысы — аудан әкімімен бекітілген кесте бойынша. Аудан әкімінің, оның орынбасарларының және аппарат басшысының қабылдауына жазылуды жалпы бөлімнің қызметкерлері қабылдау күнінде жүргізеді. Аудан әкімінің және оның орынбасарларының тапсырмаларын орындау үшін бақылауды жалпы бөлім жүзеге асырады. Тапсырмаларды орындаудың нәтижелері туралы әкімге аппарат басшысы баяндайды. Басқа қалалардың азаматтарын қабылдау аппарат басшысымен, әкім көмекшілерімен және оның орынбасарларымен келісмі бойынша олардың өтініш берген күні жүзеге асырылады. Азаматтардың өтініштерін қарау үшін аудан басқармаларының, бөлімдердің басшылары қатыстырылады. Жалпы бөлім жеке мәселелер бойынша қабылдау жөніндегі істің жағдайы туралы аппарат басшысына хабарлайды.
Тарау 9
Тармақ 9. 9. Аудан әкімінде және оның аппаратында кеңестер өткізудің тәртібі
9. Аудан әкімінде және оның аппаратында кеңестер өткізудің тәртібі
Тармақ 85
85. Аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық басқармалардың, бөлімдердің басшылары, ведомствоаралық бағыныштығына қарамастан, селолық окруттер мен кенттердің әкімдері ай сайын 25-жұлдызына дейін ұйымдастыру-кадр жұмысы және бақылау бөліміне келесі айда өткізілетін іс-шаралар, кеңестер мен отырыстар (оның ішінде селекторлық), мерейтойлар, естелік күндер тізбесін береді.
Тармақ 86
86. Ұйымдастыру-кадр жұмысы және бақылау бөлімі өткізетін кеңестердің және басқа іс шаралардың материалдарын жинауды, қорытуды және мерзімдерін үйлестіруді қамтамасыз етеді, оларды кейін аудан әкімі бекітеді. Іс-шаралар тізбесі Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жолданады және бөлім меңгерушісі бекіткен жіберу көрсеткішіне сәйкес жіберіледі.
Тармақ 87
87. Жоспардан тыс іс-шаралар, кеңестер, семинарлар өткізу қажеттігі туған жағдайда аудан әкімінің орынбасарлары мәселені аудан әкімімен келіседі, атқарушы органдардың басшылары жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасары арқылы аудан әкімімен оны өткізуден бұрын бір аптадан кешіктірмей келіседі және бұл туралы ұйымдастыру-кадр жұмысы және ақылау бөліміне хабарлайды.
Тармақ 88
88. Қайталауды, селолық округтер мен кенттердің әкімдерін, олардың орынбасарларын, құрылымдық бөлімдердің басшыларын әртүрлі кеңестерге Бородулиха селосына жүйесі шақыруды болдырмау мақсатында негізгі іс- шараларды өткізудің мынадай тәртібі белгіленеді:
Тармақша 1
1) аудан әкімиятының отырыстары - әр айдың соңғы сәрсенбісі;
Тармақша 2
2) аудан әкімінің оперативтік кеңесі - әр айдың бірінші дүйсенбісі;
Тармақша 3
3) аудан әкімі орынбасарларының селолық округтер мен кенттердің әкімдерінің, құрылымдық бөлімдер басшыларының қатысуымен кеңесі — бейсенбіде;
Тармақша 4
4) аудандық басқармалардағы, бөлімдердегі кеңестер — жұмасында;
Тармақша 5
5) қоғамдық ұйымдардың, ауданның атқарушы органдарының лауазымдық тұлғаларының қатысуымен кеңестер және басқа да іс-шаралар өткізу мерзімдерін белгілеуді аппарат басшысы жүзеге асырады. Әкім аппаратының басшысы К. Бичуинов