О внесении изменений и дополнений в постановление акимата города Экибастуза от 07 февраля 2005 года № 63/2 "Об организации общественных работ" Қолданыста
Басқа 0
Екібастұз қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 7 ақпандағы "Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" № 63/2 қаулысына өзгертулер
мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Ресупбликасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 37 бабына, Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 20 бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар туралы" № 836 қаулысымен бекітілген қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру Қағидаларына сәйкес, әрі қоғамдық жұмыстардың түрлерін кеңейтуге байланысты Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Екібастұз қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 7 ақпандағы "Қоғамдық жүмыстарды үйымдастыру туралы" (нормативтік қүқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің № 2892 тізілімінде тіркелген және 2005 жылғы 3 наурызда "Вести Экибастуза" газетінің № 9 газетінде жарияланган) № «63/2 қаулысына (бүдан әрі-Қаулы) келесі эзгертулер мен толықтырулар енгізілсін:
Тармақша 1
1) Қаулының 1- қосымшасындағы 1 тармақ келесі мазмүнда 1.8 және 1.9 тармақшаларымен толықтырылсын: "Қалалық жол қүбырларын қаражаттандыру" және "Жергілікті маңызы бар жолдарды қаражаттандыру";
Тармақша 2
2) Қаулының 2- қосымшасы келесі мазмүнда 15,16 және 17 тармақтармен: "Муниципиалдық округтерде халықпен жұмыс", "Халық санағына және ауыл шаруашылығы санағына қатысу" және "Қоғамдык жұмыстарды үйымдастыруда кәсіпорындарға көмектесу".
Тармақша 3
Тармақша 3
3) Қаулының 2-қосымшасы келесі мазмұнда 10,11,12,13,14 тармақтармен толықтырылсын: "Флора" шаруа қожалығы" (келісім бойынша), "Магеляс" жеке кәсіпкер" (келісім бойынша), "СП Мета" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі" (келісім бойынша), "Орал А.К." жауапкершілігі шектеулі серіктестігі" (келісім бойынша), "жергілікті бюджет" қаржыландыру көзімен толықтырылсын.
Тармақша 4
4) Осы Қаулының 2-қосымшасындағы 4 тармақта "және спорт" сездері алынып тасталсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Ғ. Ш. Балтабековаға жүктелсін.
З. Осы қаулы ресми жарияланған бірінші күннен бастап күшіне
енеді.