О внесении изменения и дополнения в постановление акимата города Усть-Каменогорска от 07 февраля 2023 года № 460 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Отдел внутренней политики города Усть-Каменогорска» Қолданыста
Басқа 0
Өскемен қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 07 ақпандағы
№ 460 «Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі»
мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы»
қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Өскемен қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 07 ақпандағы № 460 «Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілісін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережеде:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Бөлімнің штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Өскемен қаласының әкімдігімен бекітіледі.»;
15-тармақтың 15) тармақшасы мынадай мазмұндағы жетінші абзацпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының аумағында телерадио хабарларын тарату саласында лицензиясы жоқ және меншікті спутниктік хабар тарату жүйелері жоқ телерадио хабарларын тарату операторларының теле-, радиосигналын жеке қабылдауға арналған телерадио хабарларын тарату операторларының қызметтеріне шартты қол жеткізу карталарын тарату түрінде жасалған Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңнамасын бұзу;».
Тармақ 2
2. «Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекетік мекемесі:
Тармақша 1
1) осы қаулыны Өскемен қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 2
2) осы қаулыдан туындайтын Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Өскемен қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.