О внесении дополнения в постановление районного акимата от 08 января 2008 года № 02 «Об организации общественных работ» Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.03.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аудан әкімиятының 2008 жылғы 08 қаңтардағы № 02 "Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" қаулысына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 2 тармағын басшылыққа алып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудан әкімиятының 2008 жылғы 08 қаңтардағы № 02 "Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру" туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 4-7-78 санымен тіркелген, "Мақат тынысы" газетінің 2008 жылғы 8 ақпандағы № 6 санында жарияланған) төмендегідей толықтыру енгізілсін: аталған қаулының 3 қосымшасына 76 тармағымен толықтырылсын: "76. "Мақат аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі".
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын қадағалау аудан әкімінің орынбасары П.М. Хасановқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.