О внесении изменений в постановление акимата Тайыншинского района Северо-Казахстанской области от 08 января 2025 года № 02 «О создании коммунального государственного учреждения «Центр поддержки семьи» коммунального государственного учреждения «Отдел занятости и социальных программ акимата Тайыншинского района Северо-Казахстанской области» Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.10.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесін құру туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 08 қаңтардағы № 02 қаулысына өзгерістер енгізу туралы «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабы 3-тармағын сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесін құру туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің 08 қаңтардағы № 02 қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін: Көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ «Отбасын қолдау орталығы» КММ қамтамасыз етсін:
Тармақша 1
1) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыру;
Тармақша 2
2) «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ «Отбасын қолдау орталығы» КММ туралы Ережеге енгізілген өзгерістер туралы әділет органдарын хабардар ету.
Тармақ 3
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесі
Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің _________________________ №______ қаулысымен бекітілген «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесі
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-мекеме) мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес ұйым болып табылады.
Тармақ 2
2. Осы Ереже Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының әлеуметтік кодексіне, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» 2002 жылғы 11 шілдедегі №343 Заңына, «Отбасын қолдау орталықтарының қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 14 маусымдағы № 256-НҚ бұйрығына (мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34499 болып тіркелген), Қазақстан Республикасы Премьер - Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің «Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы» 2023 жылғы 29 маусымдағы № 263 бұйрығына сәйкес әзірленді.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік мекеменің түрі: коммуналдық.
Тармақ 4
4. Мекеменің құрылтайшысы мекемеге қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын жергілікті атқарушы орган – Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының әкімдігі (бұдан әрі-жергілікті атқарушы орган) болып табылады. Заңды тұлғаның мекен-жайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Тайынша ауданы, Тайынша қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 197, индексі: 151000, БСН 980140000530.
Тармақ 5
5. Мекемеге қатысты қызметін үйлестіру функциясын жүзеге асыратын тиісті саланың уәкілетті органы «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-уәкілетті орган) болып табылады. Заңды тұлғаның мекен-жайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Тайынша ауданы, Тайынша қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 203, индексі: 151000, БСН 040940004250.
Тармақ 6
6. Мекеменің атауы мемлекеттік тілде: «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі; орыс тілінде: Коммунальное государственное учреждение «Центр поддержки семьи» коммунального государственного учреждения «Отдел занятости и социальных программ акимата Тайыншинского района Северо-Казахстанской области». Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс: 151000, Солтүстік Қазақстан облысы, Тайынша ауданы, Тайынша қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 209.
Тарау 2. 2. Мекеменің заңды мәртебесі
2. Мекеменің заңды мәртебесі
Тармақ 7
7. Мекеменің дербес балансы, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес банктерде шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және мемлекеттік мекеменің атауы бар бланкілері, мөрлері бар.
Тармақ 8
8. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, мекеме басқа заңды тұлғаны құра алмайды, сондай-ақ оның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды.
Тармақ 9
9. Мекеме өзінің қарауындағы ақшамен өз міндеттемелері бойынша жауап береді. Ақша мекемесі жеткіліксіз болған жағдайда оның міндеттемелері бойынша құрылтайшы тиісті бюджет қаражатымен субсидиарлық жауаптылы болады.
Тармақ 10
10. Мекеменің азаматтық-құқықтық мәмілелері олар Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде міндетті тіркелгеннен кейін күшіне енеді.
Тарау 3. 3. Мекеме қызметінің мәні мен мақсаттары
3. Мекеме қызметінің мәні мен мақсаттары
Тармақ 11
11. Мекеме қызметінің мәні аудан аумағында мемлекеттік отбасылық саясатты, оның ішінде неке мен отбасын сақтау, отбасылық жанжалдарды шешу жөніндегі шараларды іске асыру болып табылады.
Тармақ 12
12. Мекеме қызметінің мақсаты:
Тармақша 1
1) өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарды (отбасыларды) мемлекеттік органдармен өз құзыреті шегінде, оның ішінде интеграцияланған модель арқылы қолдаумен қамту жөніндегі жұмысты үйлестіру;
Тармақша 2
2) өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға (отбасыларға) әлеуметтік, заңдық және психологиялық қолдау көрсетуге жәрдемдесу;
Тармақша 3
3) бар тұрмыстық зорлық-зомбылық белгілері, мүмкіндігі бар адамдарға қолдау көрсету;
Тармақша 4
4) Мемлекеттік отбасы саясатының бағыттары мен шаралары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмысы;
Тармақша 5
5) жергілікті атқарушы органдармен, ұйымдармен, еріктілермен, консультативтік-кеңесші органдармен мемлекеттік отбасылық саясатты іске асыру, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасы мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау;
Тармақша 6
6) мемлекеттік отбасы саясатының үрдістерін мониторингілеу және талдау;
Тармақша 7
7) Өз құзыреті шегінде білім беру, денсаулық сақтау, ішкі істер органдарының қатысуымен халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органның үйлестіруімен өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарды (отбасыларды) ерте анықтау және оларға қолдау көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі мобильдік топтардың жұмысын ұйымдастыру;
Тармақша 8
8) консультациялық көмекті жүзеге асыру, адамның (отбасының) мемлекеттік қолдау шараларына қажеттілігін бағалау және айқындау;
Тармақша 9
9) өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарды (отбасыларды) ерте анықтау жөніндегі мобильді топтардың жұмысын ұйымдастыру және оларды қамту жөніндегі жұмысты үйлестіру, мемлекеттік органдардың жұмысын үйлестіру және өз құзыреті шегінде өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға (отбасыларға) жан-жақты қолдау көрсетуді ұйымдастыру;
Тармақша 10
10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасы жөніндегі өзге де шараларды іске асыру.
Тармақ 13
13. Отбасын нығайтуға, оның ішінде отбасын құруға, адамдарды (отбасыларды) мемлекеттік қолдау шаралары туралы халықтың хабардарлығын арттыруға, сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылықты алдын алуға бағытталған халық арасында оқыту және ағарту іс-шараларын жүргізуді жүзеге асыру.
Тармақ 14
14. Аналитикалық жазбалар мен есептер жасау, адамдарға (отбасыларға) көрсетілетін көмек пен қолдаудың тиімділігіне мониторинг жүргізу.
Тармақ 15
15. Аз қамтылған отбасылардың өмір сүру сапасын арттыру және жеке материалдық жағдайын жақсарта отырып, қиын өмірлік жағдайларды еңсере отырып, ауданда тұратын көп балалы аналардың уәждемесін арттыру.
Тармақ 16
16. Мекеме осы Ережеде бекітілген қызметін жүзеге асыруға, сондай-ақ оның қызметінің мәні мен мақсаттарына сай келмейтін мәмілелер жасауға құқылы емес.
Тарау 4. 4. Мекемені Басқару
4. Мекемені Басқару
Тармақ 17
17. Мекемені басқаруды жергілікті атқарушы орган жүзеге асырады.
Тармақ 18
18. Жергілікті атқарушы орган заңнамада белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) мекемеге мүлікті бекітеді;
Тармақша 2
2) мекеме мүлкінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 3
3) Мекеменің Ережесін, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізуді бекітеді;
Тармақша 4
4) уәкілетті органмен келісім бойынша мекемені қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешім қабылдайды;
Тармақша 5
5) мекемені қаржыландыру жоспарын бекітеді
Тармақша 6
6) мекеме басшысының құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін, оны атқаратын лауазымынан босату негіздерін айқындайды;
Тармақша 7
7) мекеменің құрылымы мен шекті штат санын бекітеді;
Тармақша 8
8) жылдық қаржылық есептілікті бекітеді;
Тармақша 9
9) өзіне осы Ережемен және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасымен жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тармақ 19
19. Мекеменің басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, жергілікті атқарушы орган қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Тармақ 20
20. Басшы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, мекеменің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды, тікелей жергілікті атқарушы органға бағынады және өзіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруына дербес жауапты болады. Мекеме басшысы басшының орынбасарын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Тармақ 21
21. Басшы дара басшылық қағидаттарында әрекет етеді және Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы ережеде айқындалатын оның құзыретіне сәйкес Мекеме қызметінің мәселелерін дербес шешеді.
Тармақ 22
22. Мекеменің жарғылық емес қызметін жүзеге асыруға бағытталған басшының іс-әрекеті еңбек міндеттерін бұзу болып табылады және тәртіптік және материалдық жауапкершілік шараларын қолдануға әкеп соғады.
Тармақ 23
23. Мекеменің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) мекеме атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
Тармақша 2
2) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда мекеменің мүдделерін білдіреді;
Тармақша 3
3) шарттар жасасады;
Тармақша 4
4) сенімхат береді;
Тармақша 5
5) мекеменің іссапарлар, тағылымдамалар, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқыту және қызметкерлердің біліктілігін арттырудың өзге де түрлері жөніндегі жоспарларын бекітеді;
Тармақша 6
6) банк шоттарын ашады;
Тармақша 7
7) барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
Тармақша 8
8) шешім қабылдайды, Орталық мүлкінің сақталуын және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 9
9) Орталық қызметінің саясатын, стратегиясын және оны іске асыру тетігін айқындайды;
Тармақша 10
10) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде шаралар қабылдайды және дербес жауапты болады;
Тармақша 11
11) Жергілікті атқарушы орган тағайындайтын қызметкерлерден басқа мекеме қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
Тармақша 12
12) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мекеме қызметкерлерін көтермелеу шараларын қолданады және оларға тәртіптік жаза қолданады;
Тармақша 13
13) өз орынбасарының (орынбасарларының) және өзге де қызметкерлердің міндеттері мен өкілеттіктерінің шеңберін айқындайды;
Тармақша 14
14) жұмыстың ұтымды нысандары мен әдістерін практикаға енгізу, орталықтың материалдық-техникалық базасын дамыту жөнінде шаралар қабылдайды;
Тармақша 15
15) өзіне Қазақстан Республикасының заңнамасымен, осы Ережемен және жергілікті атқарушы органмен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Тармақ 24
24. Тұрмыстық зорлық-зомбылық белгілері бар адамдарды сәйкестендіру үшін Орталық екі жұмыс күні ішінде адамды «Әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министр орынбасарының - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 263 бұйрығына сәйкес тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдарға қайта жібереді (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32941 болып тіркелген).
Тарау 5. 5. Мекеменің мүлкін құру тәртібі
5. Мекеменің мүлкін құру тәртібі
Тармақ 25
25. Мекеменің мүлкін заңды тұлғаның активтері құрайды, олардың құны оның балансында көрсетіледі. Мекеменің мүлкі:
Тармақша 1
1) меншік иесі оған берген мүлікі;
Тармақша 2
2) өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлікі (ақшалай кірістерді қоса алғанда);
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздерден тұрады.
Тармақ 26
26. Мекеме өзіне бекітілген мүлікті және оған смета бойынша бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетінше иеліктен шығаруға немесе оған өзге де тәсілмен билік етуге құқылы емес.
Тармақ 27
27. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында мекемеге кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мекеме «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген салаларда өндіретін тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны қоспағанда, мұндай қызметтен алынған ақша тиісті бюджетке есепке жатқызылуға жатады.
Тармақ 28
28. Егер қосымша қаржыландыру көзі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленбесе, Мекеменің қызметі жергілікті бюджеттен қаржыландырылады.
Тармақ 29
29. Мекеме Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бухгалтерлік есеп жүргізеді және есептілікті ұсынады.
Тармақ 30
30. Мекеменің қаржы-шаруашылық қызметінің тексеруін және тексерісті Жергілікті атқарушы орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.
Тарау 6. 6. Мекемедегі жұмыс режимі
6. Мекемедегі жұмыс режимі
Тармақ 31
31. Мекеменің жұмыс режимі ішкі еңбек тәртібінің ережелерімен белгіленеді және Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуге тиіс.
Тарау 7. 7. Құрылтайшы құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі
7. Құрылтайшы құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі
Тармақ 32
32. Құрылтайшы құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша жүргізіледі және «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аумақтық әділет органдарында мемлекеттік тіркеу рәсімінен өтеді.
Тарау 8. 8. Қайта ұйымдастыру және тарату шарттары
8. Қайта ұйымдастыру және тарату шарттары
Тармақ 33
33. Мекемені қайта ұйымдастыру және тарату жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша жүргізіледі.
Тармақ 34
34. Мемлекеттік заңды тұлға заң актілерінде көзделген басқа да негіздер бойынша таратылады.
Тармақ 35
35. Кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған таратылған мүлікті жергілікті атқарушы орган қайта бөледі.
Тармақ 36
36. Кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған, осы заңды тұлғаның мүлкін өткізу нәтижесінде алынған қаражатты қоса алғанда, таратылған мекеменің ақшасы тиісті бюджеттің кірісіне есептеледі.
Тарау 9. 9. Филиалдар мен өкілдіктер туралы мәліметтер
9. Филиалдар мен өкілдіктер туралы мәліметтер
Тармақ 37
37. Мекеменің филиалдары мен өкілдіктері жоқ.