О внесении дополнения в постановление акимата города Риддера от 09 августа 2006 года № 2358 «Об организации летнего отдыха, оздоровления и занятости детей и подростков в летний период 2006-2010 годы» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.09.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Риддер қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 09 тамыздағы № 2358 “2006-2010 жылдарға арналған жазғы каникул кезеңінде балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру туралы” қаулысына толықтыру енгізу туралы Риддер қаласы прокурорының 2006 жылғы 31 тамыздағы № 7-03-742-06 наразылығы негізінде, 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 “Нормативті құқықтық актілер туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 28 бабын, 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы” Қазақстан Республикасы Заңын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келтіру мақсатында Риддер қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Риддер қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 09 тамыздағы № 2358 “2006-2010 жылдарға арналған жазғы каникул кезеңінде балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтырылуын жэне жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру туралы” қаулысымен бекітілген шаралардың 16 тармағын “барлық ақпарат құралдары жасөспірімдер мен балалардың бос уақыттарын өткізуі жэне сауықтырылуы, жазғы демалыс жөніндегі сұрақтарының жарыққа шығуын қамтамасыз етсін” сөздері “жасалған келісім-шарттар шегінде” сөздерімен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Риддер қаласы әкімінің орынбасары Г.Д. Ушановаға жүктелсін.