О внесении изменения в постановление акимата Актогайского района от 09 июля 2020 года № 29/01 «Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, культуры, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности, которым за счет бюджетных средств устанавливаются повышенные не менее чем на двадцать пять процентов должностные оклады и тарифные ставки» Күшін жойған
Басқа 0
Ақтоғай ауданының әкімдігінің 2020 жылғы 9 шілдедегі «Бюджет қаражаты есебiнен кемiнде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгiленетiн, азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» №29/01 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ақтоғай ауданының әкімдігінің 2020 жылғы 9 шілдедегі «Бюджет қаражаты есебiнен кемiнде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгiленетiн, азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» №29/01 қаулысына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізіліміне №5941 болып тіркелген), келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
Ақтоғай аудандық
мәслихатының төрағасы
Басқа 0. Бюджет қаражаты есебiнен кемiнде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгiленетiн, азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
Ақтоғай ауданы әкімдігінің
2023 жылғы 2 маусымдағы
№ 25/01
қаулысына қосымша
Ақтоғай ауданы әкімдігінің
2020 жылғы 9 шілдесі
№ 29/01
қаулысына қосымша
Бюджет қаражаты есебiнен кемiнде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгiленетiн, азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
Тармақ 1
1. Әлеуметтік қамсыздандыру мамандарының лауазымдары:
Аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының басшысы, үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімінің (бөлімшесінің) меңгерушісі, әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант, әлеуметтік жұмыс жөніндегі ассистент, жұмыспен қамту орталығының (қызметінің) құрылымдық бөлімшесінің маманы, халықты жұмыспен қамту орталығының әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанты, халықты жұмыспен қамту орталығының ассистенті, арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер.
Тармақ 2
2. Мәдениет мамандарының лауазымдары:
Әкімші, аккомпаниатор, мұрағатшы, археограф, барлық атаудағы әртістері, балетмейстер, библиограф, кітапханашы, бухгалтер, жетекші ғылыми қызметкер, бас ғылыми қызметкер, нұсқаушы, ісжүргізуші, дирижер, аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы, аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшының орынбасары, аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшының әкімшілік-шаруашылық мәселелер жөніндегі орынбасары, бөлімнің, сектордың, филиалдың басшысы және орынбасары, шаруашылық және шеберхананың меңгерушісі, дыбыс операторы, дыбыс режисері, архив қоймасының меңгерушісі, барлық мамандық жөніндегі инженер, инспектор, өнертанушы, концертмейстр, мәдени ұйымдастырушы, билет тексеруші, кассир, шебер, әдіскер, механик, музыкалық жетекші, кіші ғылыми қызметкер, мұражай қараушысы, ғылыми қызметкер, оператор, бағдарламашы, аудармашы, редактор, режиссер, аға ғылыми қызметкер, хатшы, барлық атау технигі, хореограф, хормейстер, барлық атаудағы суретшілер, көркемдік жетекші, қор сақтаушы, экономист, экскурсовод, заң кеңесшісі.