Об утверждении формы Заявки при переоформлении остатка вклада граждан Республики Казахстан в бывшем Казахском республиканском сберегательном банке СССР по состоянию на 1 января 1992 года Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.02.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы азаматтарының бұрынғы КСРО Қазақ республикалық жинақ банкіндегі 1992 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша салым қалдығын қайта ресімдеу кезіндегі Өтінім нысаны туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 28 желтоқсандағы N№1406 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік арнаулы өтем қазынашылық облигацияларын шығару, орналастыру, айналысқа қосу, қызмет көрсету және оларды өтеу ережесіне сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы азаматтарының бұрынғы КСРО Қазақ республикалық жинақ банкіндегі 1992 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша "Қазақстан Халық Банкі" ААҚ-тың қолданыстағы шоттарында сақталған салым қалдығын мемлекеттік арнаулы өтем қазынашылық облигацияларына қайта ресімдеу кезінде толтырылатын Өтінім нысаны (Бұйрыққа Қосымша) бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қаржы вице-министрі Л.А.Ивановқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4. 1992 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша бұрынғы КСРО Қазақ республикалық жинақ банкіндегі салым қалдығын айналыс мерзімі ______________________ жыл мемлекеттік арнаулы өтем қазынашылық облигацияларына (МАӨҚО) қайта ресімдеуге ӨТІНІМ
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің "Қазақстан Республикасы азаматтарының бұрынғы КСРО Қазақ республикалық жинақ банкіндегі 1992 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша салым қалдығын қайта ресімдеу кезіндегі Өтінім нысаны туралы" 2003 жылғы 1 қаңтардағы N 40 бұйрығына Қосымша 1992 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша бұрынғы КСРО Қазақ республикалық жинақ банкіндегі салым қалдығын айналыс мерзімі ______________________ жыл мемлекеттік арнаулы өтем қазынашылық облигацияларына (МАӨҚО) қайта ресімдеуге ӨТІНІМ ____________________________________________________________________ (тегі, аты-жөні және туған жылы) ____________________________________________________ теңге сомасына ("Қазақстан Халық Банкі" ААҚ-тың анықтамасы негізінде жазбаша толтырылады) ______________________________________________ дана. Жеке куәлік N ________________________ ҚР ІІМ  _____________________ берген СТН __________________________ Мекен-жайы __________________________ Тел. __________________________ 200__ ж. "____"____________ Қолы:_______________________ Өтінімді қабылдаған Бақылаушы: _______________________________________ (Тегі, аты, әкесінің аты және қызметі) ____________________________                мөрдің орны (қолы)