О внесении дополнения в постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 1 августа 1995 года N 1055 Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.07.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 1 тамыздағы № 1055 қаулысына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің "Заңды тұлғалардан алынатын табыс салығынан босатылатын халықаралық ұйымдардың тізбесін бекіту туралы" 1995 жылғы 1 тамыздағы N 1055 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 27, 316-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Заңды тұлғалардан алынатын табыс салығынан босатылатын халықаралық ұйымдардың тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 48-жолмен толықтырылсын: "48. Орталық Азияның аймақтық экологиялық орталығы.".
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігіне Қаржы министрлігімен және Мемлекеттік кіріс министрлігімен бірлесіп 10 күн мерзімде Қазақстан Республикасының Үкіметіне "Орталық Азияның аймақтық экологиялық орталығы жұмысының жағдайлары туралы келісімнің" 7-бабы 4-тармағының салық салу мәселелері бойынша түзетуін нақтылайтын ұсыныстар енгізу тапсырылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.