О повышении пенсий с 1 июля 1996 года Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.06.1996. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
1996 жылдың 1 шiлдесiнен бастап зейнетақыны өсiру туралы "Қазақстан Республикасы халқы тұрмысының әлеуметтiк жағдайларын жақсарту жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 19 желтоқсандағы N 2692 Жарлығы мен "1996 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 21 желтоқсандағы N 2700 Заң күшi бар Жарлығын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
Тармақ 1
1. 1996 жылдың 1 шiлдесiнен бастап осы күнге қалыптасқан: еңбек, мүгедектiгi бойынша мерзiмдi қызметтiң әскери қызметшiлерi, асыраушысынан айырылу, әлеуметтiк жағдайы бойынша зейнетақы мөлшерiн 21 процентке көбейту iске асырылсын. Бұл ретте 1992 жылғы 1 қаңтарға дейiн тағайындалған еңбек зейнетақысына (асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша зейнетақылардан басқа), мүгедектiгi бойынша мерзiмдi қызметтiң әскери қызметшiлерiнiң зейнетақыларының ең төменгi өсiру сомасы 650 теңгеден, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша (асырауындағы әрбiр адамға), бала кезiнен мүгедектерге әлеуметтiк зейнетақылар - 500 теңгеден, басқа әлеуметтiк зейнетақылар - 400 теңгеден кем болмауға тиiс.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi, облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерi 1996 жылдың 1 шілдесiнен бастап өсiрiлген зейнетақылар мөлшерiн қайта есептеу мен төлеудi қамтамасыз етсiн.