Об утверждении Инструкции по пересчету размера пенсионных выплат за выслугу лет сотрудникам органов внутренних дел, военнослужащим внутренних войск, вышедшим на пенсию (в т.ч. зарегистрировавших свое право на пенсию за выслугу лет) в период с 1 апреля 1997 года по 1 января 2000 года Күшін жойған
Басқа 0
1997 жылғы 1 сәуірден бастап 2000 жылғы қаңтарға дейінгі кезеңде зейнеткерлікке шыққан (оның ішінде өзінің еңбек сіңірген жылдары үшін зейнеткерлікке шығу құқығын тіркеген) ішкі істер органдарының қызметкерлеріне, ішкі әскерлердің әскери қызметшілеріне еңбек сіңірген жылдары үшін зейнеткерлік төлемдер көлемін қайта есептеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 2006.12.30 N 606 Бұйрығымен.
Iшкi істер органдарының қызметкерлерi мен ішкі әскерлердің әскери қызметшілерінің зейнеткерлік төлемдерін есептеу үшін алынатын ақшалай үлестің құрамына жылына төрт орташа айлық жалақы есебінен төленетін сыйақыны қосу туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты Президиумының N 4 пг-347-99 шешімі, сондай-ақ зейнеткерлік төлемдерді есептеу үшін ақшалай үлес құрамына аудандық коэффициенттi қосу туралы Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының 1999 жылғы 26 мамырдағы N 28-12-1251-99 мен 1999 жылғы 2 шілдедегі N 8-1-99 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 1999 жылғы N 05-1/4312 түсіндірмелері негізінде БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған 1997 жылғы 1 сәуірден бастап 2000 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде зейнеткерлікке шыққан (оның ішінде өзінің еңбек сіңірген жылдары үшін зейнеткерлікке шығу құқығын тiркеген) ішкі істер органдарының қызметкерлеріне, ішкі әскерлердің әскери қызметшiлерiне еңбек сіңірген жылдары үшiн зейнеткерлік төлемдер көлемін қайта есептеу жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
Тармақ 2
2. ҚАЖД-ның төрағасы, министрлік аппараты Департаменттерiнiң, дербес басқармаларының, Қазақстан Республикасының Iшкiiсминi Республикалық мемлекеттік кәсіпорындарының, Қазақстан Республикасының Iшкiiсминi оқу орындарының, Астана қаласы IIБ-нiң, Алматы қаласы IIББ-нiң, облыстардағы IIББ-IIБ-нiң, КIIБ-нің, Қазақстан Республикасы ІӘҚББ-нің бастықтары ішкі істер органдарының қызметкерлері мен ішкі әскерлердің әскери қызметшілеріне тағайындалған (тіркелген) зейнеткерлік төлемдердің дер кезінде қайта есептелуін ұйымдастырсын.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің Қаржымен қамтамасыз ету департаментіне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап қолданысқа енгізілсін.
Басқа 5. 1997 жылғы 1 сәуiрден 2000 жылғы 1 қаңтарға дейiнгi аралықта зейнеткерлiк демалысқа шыққан iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң және iшкi әскерлер қызметшілерiнiң (оның iшiнде өздерiнiң еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнеткерлiкке шығу құқығын тiркетiп қойған) еңбек сiңiрген жылдарына зейнетақы төлемi мөлшерiн қайта есептеу жөнiндегi Нұсқаулық
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2000 жылғы 14 наурыздағы
N 140 бұйрығымен
бекiтiлген
1997 жылғы 1 сәуiрден 2000 жылғы 1 қаңтарға дейiнгi аралықта зейнеткерлiк демалысқа шыққан iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң және iшкi әскерлер қызметшілерiнiң (оның iшiнде өздерiнiң еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнеткерлiкке шығу құқығын тiркетiп қойған) еңбек сiңiрген жылдарына зейнетақы төлемi мөлшерiн қайта есептеу жөнiндегi Нұсқаулық
Тарау 1. 1. Жалпы ереже
1. Жалпы ереже
Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты Президиумының 1999 жылғы 26 қазандағы N 4-пг-347-99 әскери қызметшiлерге және iшкi iстер органдары қызметкерлерiне зейнетақы төлемдерiн есептеу үшiн ақшалай үлесiне бiр жылдағы төрт айлық жалақысы есебiнен сыйақы қосу туралы шешiмiн, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының 1999 жылғы 2 шiлдедегi N 8-1-99 мәлiмдемелерiн, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң 1999 жылғы 28 шiлдедегi N 05-1/4312 зейнетақы төлемдерiн есептеу үшiн аудандық коэффициенттiң ақшалай үлеске қосылатыны туралы шешiмдерiн орындау мақсатымен жасалды.
Тарау 2. 2. Ақшалай үлеске сыйақы қосылуын есепке ала отырып зейнетақыны қайта есептеу
2. Ақшалай үлеске сыйақы қосылуын есепке ала отырып зейнетақыны қайта есептеу
Ескерту: 2-тарау жаңа редакцияда жазылды - Ішкі істер министрінің 2002 жылғы 4 наурыздағы N 140 бұйрығымен .
Тармақ 1
1. Қайта есептеуге жататындар:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының "Әскери қызметшілерді, ішкі істер органдарының басқарушы және қатардағы құрамы мен олардың отбасыларын зейнетақымен қамтамасыз ету туралы" 1993 жылғы 21 қаңтардағы Заңының шарты бойынша 1997 жылғы 1 сәуірден 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін еңбек сіңірген жылдарына мүгедектігіне және асыраушысынан айрылуына байланысты;
Тармақша 2
2) Өздерінің зейнеткерлікке шығу құқыларын 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін тіркетіп қойған ішкі істер органдары қызметкерлері мен әскери қызметшілердің зейнетақы сомасы, бұл сома қызметінен шыққан уақытынан бастап төленеді;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету туралы" кейін өзгертілуі және толықтырылуы ықтимал 1997 жылғы 20 маусымдағы N 136-І Заңының шарттары бойынша әскери қызметшілеріне және ішкі істер органдары қызметкерлеріне 1998 жылғы 1 қаңтардан 2000 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған еңбек сіңірген жылдары үшін төленетін зейнетақылар.
Тармақ 2
2. Әскери қызметшілердің және ішкі істер органдары қызметкерлерінің 1997 жылғы 1 сәуірден 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі аралықта қызметтен шыққан, сондай-ақ өзінің еңбек сіңірген жылдары үшін зейнеткерлікке шығу құқығын 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін тіркетіп қойған әскери қызметшілерді және ішкі істер қызметкерлерін зейнетақымен қамтамасыз ету үшін ескерілетін ақшалай үлес мөлшері қызметтен шыққан күнге белгіленеді (жеке құрамның тізімінен алынған) және мыналармен жинақталады:
лауазымы бойынша еңбекақы;
әскери (арнайы) атағы бойынша (қосымша) еңбекақы;
еңбек сіңірген жылдарына үстемақы;
ерекше жағдайда қызмет атқарғаны үшін;
кластылығы үшін үстемақы;
азық-түлік паегі орнындағы ақшалай үстемақы.
Қазақстан Республикасының Заңына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің 1996 жылғы 22 қарашадағы N 347, 1998 жылғы 3 сәуірдегі N 104, 1998 жылғы 29 ақпандағы N 102, 1999 жылғы 10 маусымдағы N 303 бұйрықтарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 26 наурыздағы N 419 қаулысымен бекітілген тізбеде көрсетілген сыйақыдан басқа атап айтқанда мерекелік күндерге, туған күндерге байланысты, ұзақ жылдық қалтқысыз еңбегі, қоғамдық жұмысы үшін бір мәрте еңбекақы қорынан (ортақ еңбекақы төлеу қорынан), сондай-ақ жарыстардағы, байқаулардағы, конкурстардағы жүлделі орындары үшін берілетін ақшалай наградалар, т.с.с. Мысалы: Ақмола облыстық ІІБ жанындағы ҚАЖБ-ның ЕЦ-166/15 түзеу мекемесі бастығының кезекші көмекшісі ішкі қызмет майоры П.Н.Ивановтың ішкі істер органдарынан шыққан сәттегі зейнетақы тағайындау үшін күнтізбемен есептегенде еңбек сіңірген жылдары 22 жыл 2 ай 18 күнді құрады, жеңілдік есебімен алғанда 22-07-02, ауыл шаруашылығы саласындағы 00-00-00 еңбек сіңірген жылдарына процентті үстемақыны есептеу үшін есепке алынған еңбек сіңірген жылдары - 19 жыл 02 ай 00 күн.
Зейнетақы 1993 жылғы 21 қаңтардағы N 1910-Х11, ҚРЗ-на сәйкес төмендегі ақшалай үлестерден 56% есебімен тағайындалды:
лауазымы бойынша еңбекақы 2600 теңге;
әскери (арнайы) атағы бойынша (қосымша)
еңбекақы 2020 теңге;
еңбек сіңірген жылдарына тиісті үстемақы 40% 1848 теңге;
ерекше жағдайда қызмет атқарғаны үшін 15% 390 теңге;
азық-түлік паегі орнындағы ақшалай үстемақы 2024 теңге;
Жиыны: 8882 теңге;
56% 4973-92
аудандық коэффицент 1,15
аудандық коэффицентті ескере отырып
мына сомада төленетін зейнетақы тағайындалды 5720-01
4973,92+(4973,93*15)/100
Тағайындалған зейнетақыны қайта есептеу соңғы қызмет атқарған жердегі қаржы бөлімдерінің ІІББ-ІІБ-нің зейнетақы тағайындау бөліміне ұсынған белгіленген формадағы сыйақы төленгені жөніндегі анықтама бойынша (қоса беріліп отыр) жүргізіледі. Орташа айлық сыйақының мөлшері зейнетақыны есептеп шығару үшін ақшалай үйлестіргендігі П.Н.Ивановтың зейнеткерлік демалысқа шығар алдындағы 12 айдағы алған сыйақы сомасын 12-ге бөлу арқылы белгіленеді. Бұл мысалда В.П.Ивановтың зейнеткерлік демалысқа шығар алдындағы 12 айда алған сыйақысы мынаны құрайды:
мамыр 1996 ж. - 2148 теңге; қараша 1996 ж. - 2148 теңге;
маусым 1996 ж. - 2148 теңге; желтоқсан 1996 ж. - 2148 теңге;
шілде 1996 ж. - 2148 теңге; қаңтар 1997 ж. - 2148 теңге;
тамыз 1996 ж. - 2148 теңге; ақпан 1997 ж. - 2148 теңге;
қыркүйек 1996 ж. - 2148 теңге; наурыз 1997 ж. - 0 теңге;
қазан 1996 ж. - 2148 теңге; сәуір 1997 ж. - 2148 теңге.
Орташа сыйақы мөлшері 1969 теңгені құрайды.
(2148+2148+2148+2148+2148+2148+2148+2148+2148+2148+0+2148):12=1969тг
Сыйақыны ескере отырып төленетін зейнетақыны есептеп шығару үшін ақшалай үлес мөлшері мынаны құрайды:
лауазымы бойынша еңбекақы 2600 теңге;
әскери атағы бойынша (қосымша) еңбекақы 2020 теңге;
еңбек сіңірген жылдарында үстемақы 40% 1848 теңге;
ерекше жағдайда қызмет атқарғаны
үшін үстемақы 15% 390 теңге;
сыйақы 1969 теңге;
азық-түлік паегі орнындағы ақшалай үстемақы 2024 теңге;
Жиыны: 10851 теңге;
56% 6076-56 теңге;
Аудандық коэффицентті есепке ала отырып қайта есептелген
зейнетақының құрайтыны: 6076,56+(6076,56х15)/100 6988-04
Бұрынғы тағайындалған зейнетақыға қажетті қосымша төлемақы сомасын шығару үшін және Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің 1999 жылғы 11 мамырдағы N 243 жарияланған бұйрығымен қолданыстағы бірлескен нұсқауға сәйкес алдағы төлемді жүргізу МЗТО-ның бөлімшелеріне материалдар тапсыру үшін 2000 жылғы 1 қаңтардағы бұрынғы тағайындалған зейнетақымен 1997 жылдың III және IV тоқсанындағы индексацияны ескеріп қайта есептелген айырмашылығын айырып шығару керек.
Осы мысалда көрсетілген бұрынғы тағайындалған және индексацияны ескеріп төленген зейнетақы сомасы 2000 жылғы 1 қаңтарға дейін - 197386 теңгені құрады, ал осы кезеңдегі индексацияны ескере отырып қайта есептелген зейнетақы сомасы - 241143 теңге, яғни, қосымша төлем - 43757 теңгені құрамақ, 2000 жылдың 2 қаңтарына зейнетақының жаңа құралатын мөлшері 7668 теңге 09 тиын.
Болғаны қазіргі кезде
97 ж. 08.05 - дан 5720 - 01 24 күнде 6988 - 04
97 ж. 01.07 - ден 5922 - 50 7235 - 42
97 ж. 01.10 - нан 6276 - 67 7668 - 09
Осыған ұқсас қайта есептеулер жоғарыда көрсетілген кезеңде мүгедектігі бойынша зейнетақы тағайындалғанда және отбасы асыраушысынан айрылуына байланысты, сондай-ақ өзінің еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнетақы алу құқығын тіркетіп қойған, және лауазымын қалдырып кетуі бойынша зейнеткерлік демалысқа шыққан адамдар үшін де жүргізіледі, қайта есептеу тіркеу кезінде индексацияны есепке алмай жүргізіледі.
Ескере кететін жай, аудандық коэффицент тағайындаған зейнетақының сомасына өндірісі жоқ саладағы жұмыскерлер мен қызметкерлердің еңбекақысына осындай коэффиценттер қойылған аудандарда ғана қосылып есептеледі.
Тарау 3. 3. Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету туралы ҚРЗ-на сәйкес iшкi әскерлер әскери қызметшiлерi, iшкi iстер органдары қызметкерлерiне 1998 жылғы 01-қаңтар мен 2000 жылғы 01-қаңтар аралығындағы еңбек сiңiрген жылдарына (сыйақы мен аудандық коэффициенттi ескергенде) тағайындалған зейнетақы төлемiн қайта есептеу
3. Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету туралы ҚРЗ-на сәйкес iшкi әскерлер әскери қызметшiлерi, iшкi iстер органдары қызметкерлерiне 1998 жылғы 01-қаңтар мен 2000 жылғы 01-қаңтар аралығындағы еңбек сiңiрген жылдарына (сыйақы мен аудандық коэффициенттi ескергенде) тағайындалған зейнетақы төлемiн қайта есептеу
Тармақ 1
1. 1998 жылғы 1 қаңтар мен 2000 жылғы 1 қаңтар аралығындағы зейнеткерлік демалысқа шыққан әскери қызметшiлерге, ішкі істер органдары қызметкерлерiне (2000 жылғы қаңтардан кейiн, Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 қаңтардағы N 482-1-Заңына сәйкес еңбек сiңiрген жылдарына зейнетақы төлемiн есептеп шығаруда есепке алынған сыйақы ақшалай үлеске қосылмайды) еңбек сiңiрген жылдарына тағайындалған зейнетақыны қайта есептеу кезiнде де әскери қызметшiлерге, iшкi iстер органдары қызметкерлерiне еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы аудандық коэффициенттер, құрғақшылық жердегi коэффициенттер, сусыз және таулы мекендердегi қызметке сыйақы төлемiн есептеп шығару үшiн ақшалай үлеске қосу туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының жоғарыда аталған шешiмiн, ҚР Бас Прокуратурасының 1999 жылғы 26 мамырдағы N 28-12-1251-99 және 1999 жылғы 22 шiлдедегi N 8-1-99 түсiндiрмесiн және Астана қаласының Алматы қалалық сотының 1999 жылғы 22 қыркүйектегi шешiмiн жетекшiлiкке алу қажет Мысалға:
ҚР Iшкiісминi Департаментi бөлiмінiң бастығы полиция подполковнигi П.Н.Оспановта iшкi iстер органынан шыққан кездегi (01.11.1998) күнтiзбемен есептегендегi еңбек сiңiрген жылдары 18 жыл 05 ай 20 күн, жеңiлдетумен есептегенде 00-00-00, ауылшаруашылығы саласындағы жұмысына 09-01-05.
Зейнетақы 1997 жылғы 20 маусымдағы N 136-1 ҚРЗ-а сәйкес 62% есебiмен мына ақшалай үлестен тағайындалды:
Лауазымы бойынша еңбекақы (1) 6500 теңге
Арнайы атағы бойынша қосымша ақы (2) 2100 теңге
Еңбек сiңiрген жылдарына үстемеақы 40% (3) 3440 теңге
Кластығы үшiн үстемеақы 10 % (4) 650 теңге
Жедел жұмыстар үшiн үстемеақы % (5) --- теңге
Аудандық коэффициент 15% (6) --- теңге
Сыйақы (7) --- теңге
Азық-түлiк паегi орнына ақшалай өтемақы (8) 2024 теңге
Жиыны: 14714 теңге
62% 9122-68 теңге
тағайындалған төленетiн зейнетақы 9122-68 теңге.
Осы мысалда көрсетiлген П.Н.Оспановтың қызметiнен шығар алдындағы 12 айдың сыйақысы мынаны құрайды:
1998 жыл 1999 жыл
қараша 4000 теңге қаңтар 4000 теңге
желтоқсан 5332 теңге ақпан 4000 теңге
наурыз 6000 теңге
сәуiр 0
мамыр 4000 теңге
маусым 5332 теңге
шілде 4000 теңге
тамыз 6000 теңге
қыркүйек 5332 теңге
қазан 4000 теңге.
Сыйақының орташа айлық мөлшерi 4333 теңгенi құрады
/4000+5332+4000+6000+0+4000+5332+4000+6000+5332+4000/12/
Сыйақы және аудандық коэффициенттi ескергенде төленетiн зейнетақыны есептеп шығаратын ақшалай үлес мынаны құрайды:
Лауазымы бойынша еңбекақы (1) 6500 теңге
Арнайы атағы бойынша қосымша төлем (2) 2100 теңге
Еңбек сiңiрген жылдарына 40% (3) (1+2)*0,4 3440 теңге
Кластылығына 10 (4) /1*0,01/ 650 теңге
Жедел жұмыстар үшiн % (5) 0 теңге
Аудандық коэффициент 15% (6) /1+2/*0,15 1290 теңге
Сыйақы (7) 4333 теңге
Азық-түлiк паегi орнына (8) 2024 теңге
Жиыны: 20337 теңге
Қайта есептелген зейнетақы 12608-94 теңгенi құрайды
(20337*62%/100)
Бұрынғы тағайындалған зейнетақыға қосымша төленетiн соманы есептеп шығаруға және Республикамыздың Ішкіісминiнiң жарияланған 1999 жылғы 11 мамырдағы N 243 бұйрығымен бекiтiлген қолданыстағы нұсқаулыққа сәйкес зейнетақы төлеу жөнiндегi Мемлекеттiк орталықтың аймақтық бөлiмшелерiне материалдар беру үшiн 2000 жылғы 01 қаңтардағы бұрынғы кездегi тағайындалған зейнетақы мен жаңадан қайта есептелген зейнетақының айырмашылығын шығару керек.
Осы мысалда көрсетiлген бұрынғы тағайындалып төленген зейнетақы сомасы 2000 жылдың 01-қаңтарында 127717 теңгенi құрады, ал осы уақыт аралығындағы қайта есептелген зейнетақының сомасы 176525 теңге, яғни қосымша төлемақы - 48808 теңгенi құрайды.
2000 жылғы 01 қаңтардағы жаңа зейнетақы мөлшерi 12608-94 теңгенi (бұрын - 9122-68) құрады. Қызметшiлер мен қызметкерлердiң еңбекақыларына аудандық коэффициенттер айқындалған аудандарда зейнетақы төлемдерiн тағайындау кезiнде, аудандық коэффициенттiк төлемнен (лауазымы бойынша еңбекақы және әскери (арнайы) атағы үшiн қосымша төлемақы мен ақшалай үлес ескерiледi.
Коэффициенттер алғаш рет айқындалған аудандарда немесе олардың мөлшерi көбейтiлсе (ұлғайтылып) бекiтiлген коэффициенттi қолдана отырып зейнетақы есептелiп шығарылған ақшалай үлесiнiң тиесi қайта есептелiнедi. Республиканың басқа аймақтарынан аудандарға тұрғылықты тұруға келген iшкi iстер органдарының зейнеткерлерiне аудандық коэффициенттер айқындалмаған болса немесе аз мөлшерде бекітiлсе, зейнеткерлiк төлемақыны есептеп шығару үшiн ақшалай үлестiң тиесi сол айқындалған ауданның аудандық коэффициентiн пайдалану арқылы қайта есептеледi.
Келтiрiлген қайта есептеу мысалдары келiсiм-шартқа сәйкес Қазақстан Республикасы Iшкіісминiнiң зейнеткерлерге қызмет көрсетуiнде қабылданылған Қазақстан Республикасының салық полициясы қызметкерлерiне де қатысты.
Тармақ 2
2. Ескерiлетiн мәселе Iшкi әскерлер қызметшiлерi (IӘҚББ қызметшiлерiнен басқа) көрсетiлген кезеңде бiр жылдағы төрт орташа айлық еңбекақы есебiнен шығатын сыйақы алмай келгендiгi ескерiледi. Оларға жоғары әскери ұрысқа дайындығы мен жеке басының тәртiптегi үшiн төленiп келген бiр мәрте берiлетiн ақшалай сый еңбек сiңiрген жылдары үшiн төленетiн зейнетақы есебiне алынбайды.
Қазақстан Республикасы
Iшкіісмині
Басқа 16. Анықтама
Қазақстан Республикасы
Ішкіісмині
Кадр және тәрбие жұмыстары
департаментi
Қаржымен қамтамасыз ету
департаментi
Нұсқаулыққа
N 1 қосымша
_____ жылғы ___________ " ____ " бастап
_____ жылғы ___________ " ____ " дейінгі алынған сыйақы туралы
Анықтама
_________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты)
_________________________________________________________
(қызмет орны, лауазымы)
----------------------------------------------------
Айлар ! Сомасы
----------------------------------------------------
Қаңтар
Ақпан
Наурыз
Сәуір
Мамыр
Маусым
Шілде
Тамыз
Қыркүйек
Қазан
Қараша
Желтоқсан
-----------------------------------------------------
Жиыны: ___________________ теңге
Орташа айлық сыйақы мөлшері: ___________________ теңге
М.О. Бастық _____________________
Бас бухгалтер ______________
______ жылғы ________"_____"