О внесении дополнений в Указ Президента Республики Казахстан от 1 апреля 1997 года N 3436 Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.03.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 1 сәуiрдегі № 3436 Жарлығына толықтырулар енгізу туралы 📌 Ескерту. Күшін жойылды - ҚР Президентінiң 25.03.2001 N 575 Жарлығымен. Мемлекеттiк басқару органдарының қайта құрылуына байланысты және Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 9) тармақшасына сәйкес қаулы етемін:
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен ұсталатын органдары қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеудiң бiрыңғай жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 1 сәуiрдегi N 3436 Жарлығына мынадай толықтырулар енгiзiлсiн: 3-тармақтың 2) тармақшасы "Стратегиялық жоспарлау жөнiндегi агенттiк" сөздерiнен кейiн "Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi комитетi" сөздерiмен толықтырылсын; 8-қосымшаға Ескертпелердiң 1-тармағы "мемлекеттiк комитеттердiң" сөздерiнен кейiн "Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi комитетiнiң" сөздерiмен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.