О внесении изменения и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 1 апреля 1997 г. N 450 Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.10.1997. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 1 сәуiрдегi N 450 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 1 сәуiрдегi N 450 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 14, 104-бап) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн: Көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi туралы ереженiң 6-тармағындағы 5-тармақша мынадай мазмұндағы жаңа абзацпен толықтырылсын: "АХАЖ" органдарының кадрларын аттестациялау, iрiктеу және тағайындауға ұсыну, АХАЖ органдарына ұйымдастыру, әдiстемелiк басшылық жасау, Қазақстан Республикасы азаматтық хал актiлерiн жазу органдарының қызметiнде бiрыңғай құқықтық қолданымды практиканы қамтамасыз ету". Аталған қаулының 1-қосымшасы: мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын: "Iшкi қауiпсiздiк бөлiмi Кадр және ұйымдастыру-бақылау жұмысы департаментi"; "Кадр және Әдiлет бiлiктiлiк алқасының қызметiн қамтамасыз ету басқармасы", "Ұйымдастыру-бақылау басқармасы" деген жолдар алынып тасталсын.