Об изменении структуры финансирования бюджетных учреждений области с 1 января 1998 года Күшін жойған
Басқа 0
1998 жылдың 1 қаңтарынан облыстың бюджеттік мекемелерін қаржыландыру құрылымын өзгерту жөнінде
📌 Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің 20.01.2005 № 4 шешімімен
Тармақ 1
1. Жергілікті бюджеттен қаржылаңдарылатын әлеуметтік саланың басқарылымын -көтеру мақсатында, қаржылық тасқындарга бақылауда күшейту мақсатында №1 қосымшаға сәйкес бұрын облыстық бюджеттен қаржыландырылып келген мекемелер қалалық және аудандық бюджеттердің ұстауларына берілсін.
Тармақ 2
2. №2 қосымшаға сәйкес бұрын төмен тұрған бюджеттерден қаржылардарылып келген мекемелер мен шаралар облыстық бюджеттің ұстауларына алынсын.
Тармақ 3
3. Облыстың ведомство басшылары екі апталық мерзімде облыс әкімінің аппаратына облыстагы бюджеттік мекемелердің жұмыс режимдерін тәртіпке келтіру туралы ұсыныстар түсірсін, сәйкес аумақта халқының санына қарай бекітілген нормативтен тыс біртекті сала мекемелерінің қызметтері жойылсын, бұл ретте азаматтардың конституциялық құқықтарының орындалуы қамтамасыз етілсін.
Тармақ 4
4. Петропавл, Көкшетау қалалары мен аудан еәкімдері қарауларындағы мекемелердегі өндірістік емес шыгындарда кеміту жөніндегі жұмыстарда жалғастыра түссін.
Тармақ 5
5. Облыс әкімінің орынбасары, аппарат басшысы /В. Д. Набитовский/ Петропавл, Көкшетау қалалары мен аудандар әкімдерімен, облыстық басқармалар мен департаментердің басшыларымен келісе отырып, барлық деңгейдегі басқару органдарының құрылымдарын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізсін.
Тармақ 6
6. Облыстық қаржы басқармасы /Ф.Ф.Сутулов/ 1998 жылғы облыс бюджетінің көрсеткіштерін қалыптастыру үстінде бюджеттік мекемелер мен шаралар жүйесінің құрылымдарына жасалган өзгерістерді ескерсін.
Тармақ 7
7. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары И.Ф.Чиркалинға жүктелсін.