О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 1 июля 1998 года № 623 Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.12.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 1 шілдедегі № 623 қаулысына толықтыру енгізу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚРҮ-нің 31.12.1998 № 1381 қаулысымен. Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасы Жол қорының мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 1 шілдедегі N 623 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 21, 180-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Жол қорының қаражатын қалыптастыру туралы ереженің 33-тармағы мынадай мазмұндағы төртінші-тоғызыншы абзацтармен толықтырылсын: "Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген бензин мен дизель отынынан алынатын алым ставкасы 1998 жылғы 10 қарашадан бастап мынадай мөлшерде белгіленеді: бензин бойынша (авиациялықты қоспағанда) - бір метрлік тонна үшін 4000 теңге; дизель отыны бойынша - бір метрлік тонна үшін 1000 теңге. Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын бензин мен дизель отынынан алынатын алым ставкасы 1998 жылғы 10 қарашадан бастап мынадай мөлшерде белгіленеді: бензин бойынша (авиациялықты қоспағанда) бойынша - бір метрлік тонна үшін 10 000 теңге; дизель отыны бойынша - бір метрлік тонна үшін 8000 теңге".
Тармақ 2
2. Осы қаулы 1998 жылғы 10 қарашадан бастап күшіне енеді және жариялауға жатады.