О плане мероприятий по реализации распоряжения Президента Республики Казахстан от 1 февраля 1999 года № 5 «О мерах по сокращению административных расходов и увеличению доходной части государственного бюджета 1999 года» Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.04.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы ақпанның 1-дегі «Әкімшілік шығыстарды қысқарту және 1999 жылғы мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігін ұлғайту жөніндегі іс-шаралар туралы» № 5 Өкімін жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы ақпанның 1-дегі «Әкімшілік шығыстарды қысқарту және 1999 жылғы мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігін ұлғайту жөніндегі шаралар туралы» № 5 Өкімін жүзеге асыру мақсатында ШЕШІМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Президентінің әкімшілік шығыстарды қысқарту және бюджеттің кіріс бөлігін ұлғайту жөніндегі Өкімін жүзеге асыру туралы іс-шаралар жоспары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Облыстың мемлекеттік органдарының басшылары, қалалар мен аудандардың әкімдері көрсетілген іс-шаралардың орындауын қамтамасыз етіп, белгіленген мерзімде облыс әкімінің аппаратына тиісті хабарламалар тапсыратын болсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары М.Н. Оспановқа жүктелсін.