Некоторые вопросы реализации распоряжения Президента Республики Казахстан от 1 февраля 1999 года № 5 Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.12.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 1 ақпандағы N 5 өкімін іске асырудың кейбір мәселелері "Әкімшілік шығыстарды қысқарту және 1999 жылғы мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігін ұлғайту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 1 ақпандағы N 5 өкімін іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Премьер-Министріне, Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Басшысына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасарларына, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысына, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бір орынбасарына, Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісіне, Қазақстан Республикасының Президенті Протоколының бастығына, Қазақстан Республикасының Президенті Кеңсесінің меңгерушісіне, Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысына, Қазақстан Республикасының Бас прокурорына, Қазақстан Республикасының Парламенті мен мәслихаттары депутаттарының сайлауына дайындық және оны өткізу кезеңінде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасына, Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасарына, Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасарына, Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының төрт орынбасарына, Қазақстан Республикасының Президенті Күзет қызметінің бастығына, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқарушысына, Қазақстан Республикасының Қаржы министріне, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министріне, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министріне, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Бас штабының бастығына, Әуе қорғанысы күштерінің қолбасшысына, Жалпы мақсаттағы күштердің қолбасшысына, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің директорына, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министріне, Ішкі істер бірінші вице-министріне, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің төрағасына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі Салық полициясы комитетінің төрағасына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі Кеден комитетінің төрағасына шығыстардың тізбесіне сәйкес мемлекеттік органдарға ай сайын белгіленген лимиттің шегінде ұялы байланысты пайдалану құқығы берілсін. 📌 ЕСКЕРТУ. 1-тармақ сөздермен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 1999.07.23. N 1044; жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 1999.12.02. N 1831; сөздермен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 1999.12.13. N 1906 қаулыларымен.
Тармақ 2
2. Офистік жиһазды "қымбат тұратын" жиһазға жатқызудың өлшемі бір жұмыс орнын жабдықтау үшін жылына жетпіс бес еселенген есептік көрсеткіштен асатын сомаға сатып алынатын жиһаз болып белгіленсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және 1999 жылдың 31 желтоқсанында күші жойылады. 📌 ЕСКЕРТУ. 3-тармақ толықтырылды - ҚР Үкіметінің 1999.12.02. N 1831 қаулысымен.