Об итогах социально-экономического развитая области за 1 квартал и задачах на 2 квартал 2000 года Күшін жойған
Басқа 0
2000 жылғы 1 тоқсандағы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және 2 тоқсандағы міндеттері туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтіп кеткендігіне байланысты, Ақтөбе облыстық әкімдігінің 21.12.2004 № 08-3/2691 хаты.
Облыстың дамуының стратегиялық жоспарында белгіленген шараларды жүзеге асыру жөніндегі ұйымдастырылған жұмыстың нәтижесінде 2000 жылғы 1 тоқсан ішінде әлеуметтік тұпақтылықтың сақталуымен қатар экономиканың нақты секторының өсуі байқалады.
Есепті кезеңде өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі 23,8%, ауыл шаруашылығының өнімі 18.4% өсті. Облыстың негізгі капиталдарына 5,8 млрд. теңге инвестиция тартылды. Алынған шаралардың негізінде салықтардың және басқа да төлемдердің бюджетке түсу болжамы 151,0% орындалып, 5,4 млрд. теңге құрады, ол өткен жылгы тиісті кезендегі деңгейден 2,2 есе жоғары. Жергілікті бюджеттік кіріске 2,5 млрд. теңге түсті, бұл өткен жылы деңгейден 2,0 есе артық. Осының нәтижесінде бюджет саласындағы жұмыскерлердің айлығы және балалардың жәрдемақысы уақытында төленуде. Инфляция қарқыны 101,5% болып қалыптасты, ол республикалық орта көрсеткіштен 1,2 пункте төмен.
Өнеркәсіп саласында 6 кәсіпорын өзінің қызметін қайтадан бастады, 4 жаңа өндіріс орны ашылды, оларда 1015 адам жұмыс істейді. Ауыл шаруашылығында ет өндіру 32,8%, сүт өндіруді - 3,5 % өсіруге қол жеткізілді. Жылқы және құстан баска малдың барлық түрі бойынша мал басының өсуі байқалады. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жалпы саны 21871 онда жұмыс істеушілердің саны 70,7 мың адам болды. Шағын кәсіпкерлік секторының өткізген өнімдері жене көрсеткен қызметтерінің көлемі 13,8 % өсіп, 2632,5 млн. теңге құрады. Шағын бизнес субъектілерінен (заңды тұлғалар) 599,3 млн. теңге салықтық төлемдер түсті, ол 2,7 есе артық.
Жұмысқа 1750 адам орналастырылды 9413 өтініш берушілердің ішінен, еңбекке орналастыру деңгейі 18,6 % . Ақылы қоғамдык жұмысқа 1219 адам жіберілді, олардың 210 (17,2 %) - ауылдық жерлердің тұрғыларын алдағы уақытта жұмыска орналастыру кепілдігімен 171 адам кәсіби дайындауға жіберілді. Аз қамтамасыз етілген жұмыссыздардың ішінен 5,0 адам тағайындалды. 2000 жылгы 1 сәуірдегі мәлімет бойынша жұмыссыздардың саны 12797 адамды құрады, тіркелген жұмыссыздардың деңгейі өткен жылгы деңғейде сақталып қалды (4,4 %).
Дегенмен, аймақтардағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды анықтайтын маңызды индикаторлық талдау жекелеген аудандарда жүргізіліп отырған шаралардың нәтижесін төмен жағдайда қалыпта отырғанын көрсетеді. Есепті кезеңде салықтарды және төлемдерді жинау жөніндегі болжамды Байғанин, Ырғыз, Шалқар, Қобда аудандары орындамаған. Бюджетке уақытында төленбеген төлемдердің көлемінің жалпы азаюына қарамастан Байғанин, Ойыл және Әйтеке би аудандарында жиналған салықтардың жалпы көлемінен оның үлес салмағы әлі де болса жоғары болып отыр. Мал басының жалпы өсуіне қарамастан Байғанин ауданында ірі мүйізді қараның 23,4 %, қой-ешкінің - 10,0 %, жылқының – 40,9 % күрт азаюына жол берілген. Рейтингтік бағалаудың корытындысы бойынша ең төменгі орындары ие болғандар: Байғанин және Ырғыз аудандары, олар аймақтағы әлеуметтік-экономикалық жағдайға сипаттайтын бес негізгі көрсеткіштер бойынша ең төменгі нәтижиге ие болды.
2000 жылгы 1 тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысын қарап, облыс Әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Ақтөбе қаласы мен аудандардың әкімдері, облыстық басқармалар мен комитеттердің басшылары:
Тармақша 1
1) Мемлекет Басшысының 2000 жылгы 9 ақпандагы Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген мәжілісінде айтылған тапсырмаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000- 2002 жылдарға арналған іс-қимыл Бағдарламасын орындау басты міндет деп есептелсін;
Тармақша 2
2) стратегиялық жоспардың шараларының іске асырылу барысына және қортындысына талдау жасасын, облыстың жене аймақтардың дамуының стратегиялық жоспармен айқындалған 2000 жылғы жарты жылдыққа бөлінетін болжамдарды орындау жөнінде нақтылы шаралар алсын.
Тармақ 2
2. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы (Қ. Ж. Елеусізов) Ақтөбе қаласы және аудандардың әкімдерімен бірлесе отырып:
Тармақша 1
1) тиімді жұмыс істейтін ассоцияларды, бірлестіктерді, көтерме сауда-дайындау кооперативтерін, машина-технологиялық ставкаларын және қызмет қөрсететін кұрылымдарды құруға ықпал жасайтын ауыл шаруашылығы кұрылымдарын реформалау және сауықтыру мәселелеріне ерекше көңіл аударсын.
Тармақша 2
2) 2000-2002 жылдарға арналған ауыл шаруашылығын дамыту бағдарламасын шеңберінде 2000 жылдың 2 тоқсанына арналған негізгі міндеттерді анықтап, олардың орындалуын ұйымдастырсын;
Тармақша 3
3) қаржылық қорларды, несиелендіру және лизингтік қатынастарды дамытуға, тәуекелдік сақтандыру жүйесін жетілдіруге бағытталған шараларды жүзеге асырсын;
Тармақша 4
4) көктемгі - далалық жұмыстарды уақытында өткізу жөнінде пәрменді шаралар алсын, дәнді дақылдар, картоп және көкөністің белгіленген егістік көлемін орындауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Облыстық экономика басқармасы Н. Қ. Әбдібеков 2000 жылғы іске қосылуға жататын өнеркәсіп кәсіпорындарымен жұмысты жандандырсын және өндірістік өсім барысы байқаған кәсіпорындар бойынша бірінші кезектегі шараларды жүзеге асырсын.
Тармақ 4
4. Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы Е. Қ. Есенбаев 2000-2002 жылдарға арналған кедейлікпен және жұмыссыздықпен күрес жөніндегі аймақтық бағдарламаны іске асыру бойынша шаралар асырсын.
Тармақ 5
5. Шағын қолдау Департаменті (А. И. Марченко) ынталы облыстық баскармалармен бірлесе отырып үстіміздегі жылғы 1 маусымға дейін қызмет түрлері бойынша, салық бағдарламаларын дайындауды аяқтасын және оларды іске асыруға кіріссін.
Тармақ 6
6. Облыстық коммуналдық меншік басқармасы (С. П. Шынтасова) бірінші жарты жылдық ішінде мемлекеттік кепілді ретінде сатып алынған пайдаланылмай тұрған құрал-жабдықтарға түгендеу жүргізуді аяқтасын және оларды заңды және жеке тұлғаларға беруді шешсін.
Тармақ 7
7. Ақтөбе қаласы мен аудандардың 1 тоқсан 2000 жылғы әлеуметтік-экономикалық жағдайының қорытындысымен анықталған рейтингі бекітілсін.
Тармақ 8
8. Байғанин (Б. Т. Кемешев) және Ырғыз (Қ. Толықбаев) аудандарының әкімдері жүргізіп отырған реформаларының төменгі нәтижелігіне көңіл аударсын және тез арада орын алған кемшіліктерді жойсын, экономиканың өсуіне және тұрақтануына бағытталған шараларды жүзеге асырсын.
Тармақ 9
9. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс Әкімінің бірінші орынбасары В. В. Супрунға жүктелсін.
Басқа 16
Облыс әкімінің 27 сәуірдегі 2000 жылғы
№ 68 шешімімен бекітілген
АКТОБЕ ҚАЛАСЫ МЕН АУДАНДАРДЫҢ 2000 ЖЫЛҒЫ 1 ТОҚСАНДАҒЫ РЕЙТИНГІ
Ақтөбе қ.
Әйтеке би ауданы
Алға ауданы
Байғанин ауданы
Ырғыз ауданы
1. Бюджеттік көрсеткіштер
Ранг
5
11
6
12
10
2. Экономикалық көрсеткіштер
2
9
7
10
4
3. Кәсіпкерлікті дамыту
1
5
8
11
10
4. Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту
5
7
4
9
8
5. Әлеуметтік сала және экология
1
3
7
8
10
6. Көрсеткіштер дәрежелерінің қорытындысы
14
35
32
50
42
7. РАНГ (ОРНЫ)
2
10
7-8
13
12
кестенің жалғасы
Қарғалы ауданы
Мәртөк ауданы
Мұғалжар ауданы
Темір ауданы
Ойыл ауданы
Қобда ауданы
Хромтау ауданы
Шалқар ауданы
4
9
3
2
7
10
1
8
8
1
5
6
11
3
3
7
9
3
6
10
7
4
2
6
2
3
5
6
7
3
7
9
4
6
10
8
2
5
31
21
21
29
41
32
11
33
6
3-4
3-4
5
11
7-8
1
9