Об утверждении Правил назначения к государственным социальным пособиям дополнительных надбавок на уход одиноким инвалидам 1, 2 группы, нуждающимся в посторонней помощи Күшін жойған
Басқа 0
Бөгде адамның көмегіне мұқтаж, 1, 2 топтағы жалғыз басты мүгедектерге жәрдем көрсетушінің мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақысына қосымша үстеме ақы тағайындау Қағидасын бекіту туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Абай ауданы әкімиятының 2004.10.27 N 20/08 қаулысымен.
«Қазақстан Республикасындағы мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы туралы» 1991 жылғы 21 маусымдағы, 1999 жылғы 5 сәуірдегі «Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы» Заңдарына сәйкес - Абай ауданының әкімияты қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Бөгде адамның көмегіне мұқтаж, 1, 2 топтағы жалғыз басты мүгедектерге жәрдем көрсетушінің мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақысына қосымша үстеме ақы тағайындау Қағидасы бекітілсін. (№ 1 қосымша).
Тармақ 2
2. Аудандық қаржы бөлімі (С.Ә. Садық) тиісті қаржы жылында аудандық бюджетте осы мақсатқа қарастырылған қаражат шегінде бөгде адамның көмегіне мұқтаж, 1, 2 топтағы жалғыз басты мүгедектерге жәрдем көрсетушінің мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақысына қосымша үстеме ақы тағайындау бойынша шараларды уақытында қаржыландыруды қамтамасыз етілсін.
Тармақ 3
3. Аудандық еңбеқ жәңе халыққа әлеуметтік қолдау көрсету бөлімі бөгде адамның көмегіне мұқтаж, 1, 2 топтағы жалғыз басты мүгедектерге жәрдем көрсетушінің мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақысына қосымша үстеме ақы тағайындау Қағидаларына сәйкес шаралар жүзеге асырылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын қадағалау аудан әкімінің орынбасары Ш.Қ.Тәнкебаевқа жүктелсін.
Келісілді
Ш.Қ.Тәнкебаев
Н.В.Сергеева
Қ.О.Мүслімова
Б.Қ.Есмағамбетов
Басқа 1. Бөгде адамның көмегіне мұқтаж, 1, 2 топтағы жалғыз басты мүгедектерге жәрдем көрсетушінің мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақысына қосымша үстеме ақы тағайындау Қағидасы
«Бөгде адамның көмегіне мұқтаж,
1, 2 топтағы жалғыз басты мүгедектерге
жәрдем көрсетушінің мемлекеттік
әлеуметтік жәрдемақысына қосымша
үстеме ақы тағайындау Қағидасын
бекіту туралы» аудандық әкімиятының
2003 жылғы 14.04. № 04/21
қаулысымен бекітілді
№ 1 қосымша
Бөгде адамның көмегіне мұқтаж, 1, 2 топтағы жалғыз басты мүгедектерге жәрдем көрсетушінің мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақысына қосымша үстеме ақы тағайындау Қағидасы
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер.
1. Жалпы ережелер.
Осы қағида, Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 5 сәуірдегі «Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы» «Казақстан Республикасындағы мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы туралы» 1991 жылғы 21 маусымдағы, Зандарына сәйкес әзірленді. Мүгедекті асырауға Заң бойынша міндетті туысы жоқ мүгедек, жалғыз басты мүгедек болып саналады.
Тарау 2. 2. Қосымша үстеме ақы тағайындау
2. Қосымша үстеме ақы тағайындау
1. Бөгде адамның көмегіне мұқтаж, 1, 2 топтағы жалғыз басты мүгедекке, жәрдем көрсетушінің мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақысына қосымша үстеме ақы тағайындау.
Тарау 3. 3. Қосымша үстеме ақы тағайындауға ұсыныс жасау тәртібі.
3. Қосымша үстеме ақы тағайындауға ұсыныс жасау тәртібі.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақысына үстеме ақы алуға құқылы азаматтар (2.1 тармағында көрсетілген) жергілікгі жердегі еңбек және халыққа әлеуметтік көмек көрсету бөліміне өтініш береді және келесі құжаттарды тапсырады:
Тармақша 1
1) көмек алушының жеке куәлігі;
Тармақша 2
2) жергілікті жердегі Халықтық банкінің филиалында ашылған есеп шот нөмірі көрсетілген өтініш;
Тармақша 3
3) мүгедектік тобын анықтау туралы дәрігерлік-әлеуметтік сараптау комиссиясының анықтама қағазы (белгіленген үлгіде);
Тармақша 4
4) материалдық-тұрмыстық жағдайын тексеру актісі;
Тармақша 5
5) жергілікті жерден берілетін анықтама қағаз.
Тармақ 3
3. Үстеме ақы тағайындау үшін қажет құжаттар түпнұсқасымен тапсырылады. Жеке іске еңбек және халыққа әлеуметтік көмек көрсету бөлімінің маманы растаған көшірмелер тігіледі. Құжаттардың түпнұсқалары салыстырылғаннан кейін өтініш берушіге қайтарылады.
Тарау 4. 4. Қосымша үстеме ақы тағайындау тәртібі.
4. Қосымша үстеме ақы тағайындау тәртібі.
Тармақ 4
4. Тиісті құжаттармен өтініш берілгеннен кейін еңбек және халыққа әлеуметтік көмек көрсету бөлімі көмек алушыға жеке іс ашады. Көмек алушының осы ісі негізінде еңбек және халыққа әлеуметтік көмек көрсету бөлімінің маманы әрбір көмек алушының мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақысына үстеме ақы тағайындау туралы шешім әзірлейді, еңбек және халыққа әлеуметтік көмек көрсету бөлімінің меңгерушісі бекітеді.
Тарау 5. 5. Қосымша үстеме ақы төлеу.
5. Қосымша үстеме ақы төлеу.
Тармақ 5
5. Еңбек және халыққа әлеуметтік көмек көрсету бөлімі ай сайын қосымша үстеме ақы төлеуге кесте жасайды және әр айдың 25 күніне дейін аудандық қаржы бөліміне мәлімет береді.
Тармақ 6
6. Еңбек және халыққа әлеуметтік көмек көрсету бөлімі, төлемдер қаржыландырғаннан кейін 3 банкі күні ішінде қосымша ақы алуға құқығы бар алушыларға үстеме ақы төлеуге 3 дана ведомость - тізім әзірлейді және тізімнің 2 данасы аудандық Халықтық банкінің филиалына беріледі.
Тармақ 7
7. Үстеме ақы өткен ай үшін төленеді.
Тарау 6. 6. Қосымша үстеме ақы мөлшері және қаржыландыру көзі.
6. Қосымша үстеме ақы мөлшері және қаржыландыру көзі.
Тармақ 8
8. Ай сайын төленетін үстеме ақы мөлшері айлық есеп көрсеткші шегінде белгіленеді.
Тармақ 9
9. Қосымша үстеме ақы төлемдері жергілікті бюджеттің қаржысы есебінен, 2003.17.04. мемлекеттік тіркеу № 1132 «Абай ауданы Мәслихатының 2003.15.04. №28/268 «Аудандық Мәслихаттың XXVI сессиясының 2003 ж. 26.02. №26/251 «2003 жылғы аудаңдық бюджет туралы шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» шешімімен бекітілген «Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы өзгеде қызмет түрлері» 258057 бағдарламасы бойынша жүргізіледі.
Тарау 7. 7. Есепке алу, бақылау жасау және есеп беру.
7. Есепке алу, бақылау жасау және есеп беру.
Тармақ 10
10. Осы үстеме ақыны тағайындау немесе тағайындамау туралы барлық өтініштермен шешімдер еңбек және халыққа әлеуметтік көмек көрсету бөлімінің журналында тіркеледі.