О внесении изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 1 ноября 2000 года N 1034 "Об утверждении Правил о высшем базовом образовании (бакалавриат)" Күшін жойған
Басқа 0
"Жоғары базалық білім (бакалавриат) туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2000 жылғы 1 қарашадағы N 1034 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. "Жоғары базалық білім (бакалавриат) туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2000 жылғы 1 қарашадағы N 1034 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеудің тізілімінде N 1313 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жоғары базалық білім (бакалавриат) туралы Ережеде:
4-тармақта "Республикасының жоғары кәсіптік білімді мамандарды даярлаудың бағыттары мен жоғары кәсіптік білім мамандықтарының Классификаторына" деген сөздер "Республикасы бакалавриат және магистратура мамандықтарының жіктеуіші" деген сөздермен ауыстырылсын;
14-тармақта "ҚР МЖБС 3.001-2000. Білім жоғары кәсіптік. Негізгі ережелер. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпы міндетті білім стандартымен" деген сөздер "Жоғары кәсіптік білім. Бакалавриат. Негізгі ережелер" ҚР МЖМБС 5.03.001-2004 Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартымен" деген сөздермен ауыстырылсын;
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"20. Мемлекеттік қорытынды аттестаттау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрі 2004 жылғы 20 қарашадағы N 953 бұйрығымен бекітілген, нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеудің тізілімінде N 3298 болып тіркелген, Білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылаудан, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттаудан өткізудің ережесіне сәйкес жүргізіледі.".
Тармақ 2
2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (М.Нұрғожин) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық бірінші ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау бірінші вице-министр Г.Гамарникке жүктелсін.